Қазақстанға Париж қазақтарының «Paris Kazakspor» футболшылары келді
Астанаға Париж қазақтары ойнайтын «Paris Kazakspor» клубының футболшылары келді. Олар еліміздің төрт ірі қаласында қазақстандық футбол командаларымен жолдастық кездесу өткізбек. Бұл шара KAZsport телеарнасының көрермендері мен футболсүйер қауым үшін тамаша жаңалық болады деп сенеміз. 9 маусымда «Paris Kazakspor» футбол клубының 14 ойыншысы Астанадағы Жас батыр спорт кешенінің алаңында ойын өткізді. Ал, 11 маусым күні Қарағанды қаласында «Шахтердің» қосалқы командасымен сайысқа түседі. Сонымен қатар, Франциядан келген қандастарымыз 15 маусымда Шымкент қаласына барып, «Ордабасының» қосалқы командсымен кездеспек. Ал, команданың 18 маусымда Алматыда ойнайтын қарсыласы әлі анықталмаған. 1986 жылы құрылған «Paris Kazakspor» футбол клубының бүгінде Франция футбол федерациясының жетінші лигасында…


