Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Қонақ күте білеміз бе?

Қыздарға қырық кеңес, келіндерге салттың жаңа сәні туралы ақпарат білгіңіз келсе, бүгін 15:00-де «Әйел бақытын» көріңіз.


Қонақ күту – үлкен жауапкершілікті талап етеді. Келген қонақтың риза болып кетуі үшін үй иесі мен оның әрекеттері  зор рөл атқарады.  Ал, қазақ халқы – ежелден барын қонағының алдына тосқан халық.

Содан болар, біздің халықта «Қырықтың бірі – қыдыр», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді», «Қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақ келсе – құт» сынды нақылдар бар.

Халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға да ерекше мән берген. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені.

Ал, қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Бүгінде қонақты қалай күтеміз? Дастархан жаю дәстүрі,  қонақ күте білудің қыр-сырымен бүгін 15:00-де «Әйел бақыты» хабарынан біле аласыздар.

 

0
0
2167

Осы тақырып бойынша

Қонақ күте білеміз бе? - Yvision.kz