Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Startup „Bolashak“ стартап-жобалар байқауы басталады

Жазда «Startup «Bolashak» атты стартап-жобасы басталады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы Қуандық Бишімбаев мәлім етті.«Біз жақында қауымдастықтың жаңа стратегиясын қабылдадық. Осының аясында жастар кәсіпкерлігін дамытуға ерекше назар аудармақпыз. 17 маусымда «Болашақ» қауымдастығының «Startup «Bolashak» атты стартап-жобасы бастау алады. Ол қауымдастық тартатын демеушілік қаржы есебінен қаржыландырылады. Бұл тұрғыда біз өз ісін бастауға ниетті жас кәсіпкерлердің бизнес идеяларының байқауын өткізбекпіз», -деді Қ. Бишімбаев.

Оның сөзіне қарағанда, жазда кәсіпкерлік қоғамдастықпен бірлесе осы жобаларды іріктеу жоспарланып отыр. Бұдан кейін жас кәсіпкерлер өздерінің бастамаларын жүзеге асыруға мүкіндік алмақ.

«Біздің Стратегия Елбасының бастамаларын жүзеге асыруға бағытталған. Ең үздік бизнес идеяны қолдап, жеңімпазға «Болашақ» қауымдастығынан арнайы кәсіпкерлікті бастауға грант берілетін болады. Осы жобаға еліміздің барлық азаматтары қатыса алады», - деді кеңес төрағасы.

ҚазАқпарат

http://www.inform.kz/kaz/article/2784874

0
0
370

Осы тақырып бойынша

«Startup „Bolashak“ стартап-жобалар байқауы басталады - Yvision.kz