Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Классикалық музыканың көмегі

Қызық дерек: әдетте көпшілік көңілді түсіріп, мұңға бөлейді дейтін минорлы әуездің өзі адамның белсенділігін арттырып, жан жарасына ем болып, дем береді екен.

Жалпы, классикалық музыканың тыңдаушыға сыйлар пайдасы туралы мәлімет көп. Оның бізге берер пайдасы туралы да ақпарат жетерлік. Тіпті, медицинада музыка фармакологиясы атты жаңа бағыт ашылып, ұлы туындылардың ауыр жағдайдағы жандардың денсаулығына сеп болатынын көз алдымызға әкеліп, көрсетіп те үлгерді. Мәселен, кларнет немесе флейта-пикколоның дыбысы ағзадағы қан айналымын жақсартады екен.

Аты мәшһүр сазгерлердің шығармаларын тыңдап, бір сәт сезімдеріңізге ой жүгіртіп көріңізші... Нәтижесін бірден байқайсыз деген ойдамыз.

Талғамы классикалық музыканы таңдайтын қазақстандық тыңдармандар 2011 жылдың 6 маусымынан бері «Classic» радиосын тыңдап келеді. Дәл осы күні тұңғыш рет біздің радиомыз 102,8 ҒМ жиілігінде Алматыдан хабар тарата бастаған болатын. 2013 жылдың 22 желтоқсанында радио Астана қаласында 102,7 FM жиілігінде эфирге шықты.

Қазақстандағы және Орта Азиядағы тұңғыш классикалық музыка радиосы -   «Қазақстан» РТРК АҚ және Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының  біріккен жобасы.

«Classic» радиосының негізгі идеялық рухани дем берушісі – Қазақстан Республикасының Халық әртісі Жәния Әубәкірова.

Мақсатымыз – тарихта қалған және қалатын мәдени құндылықтарды дәріптеп, классикалық музыканың мол қазынасын тыңдарманның рухани азығына айналдырып, музыка әлемінің ғажайып тілін ұғындыру.

Бүгінде «Classic» радиосының эфирі эксклюзивті танымдық-музыкалық бағдарламалармен толығып келеді.

Мәңгілік өнердің қадіріне жетіп, бағасын білетін тыңдармандарымыздың таза көңіл, тұнық оймен классикалық музыканы шын бағалай біледі деп сенеміз.

0
0
3209

Осы тақырып бойынша

Классикалық музыканың көмегі - Yvision.kz