Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Бүгін — «Classic» радиосы алғаш рет эфирге шықты

Радио ашылғалы бері тәулік бойына тыңдармандарын қазақ халқының классикалық туындылары және әлемдік музыка жауһарларымен сусындатып келеді. «Classic» радиосы 2011 жылдың 6 маусымынан бастап 102,8 ҒМ жиілігінде Алматыдан хабар тарата бастады. 2013 жылдың 22 желтоқсанында радио Астана қаласында 102,7 FM жиілігінде эфирге шықты. Қазақстандағы және Орталық Азиядағы тұңғыш классикалық музыка радиосы - «Қазақстан» РТРК» АҚ және Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының біріккен жобасы. «Classic» радиосының негізгі идеялық рухани дем берушісі - Қазақстан Республикасының Халық әртісі - Жәния Әубәкірова. Шығармашылық ұжымның директоры - өнертану ғылымдарының кандидаты, іскерлік әкімшілік магистрі, Жұманиязова Раушан Кеңесқызы. Білікті басшының ұйымдастыруымен «Classic» радиосы, Ресейдің…

0
0
314

«Classic» радиосы Ақтау қаласына да хабар тарата бастады

«Classic» радиосы Ақтау қаласында да 103,3 FM жиілігінде хабар тарата бастады. Ал ертең, 6 маусым күні Қазақстандағы тұңғыш классикалық музыка радиосының құрылғанына 4 жыл толады. «Classic» радиосында жүргізушілердің бірегей құрамы шоғырланған – ҚР Халық әртісі Жәния Әубәкірова («Культурная мозаика»), Олег Борецкий («Киноблюз») Зира Наурызбаева («Тылсым перне»), Ноэль Шаяхметов («Jazz Time»), Лиля Калаус («Классикомания»), Нұргүл Ертаева («Игра в бисер). Еліміздің ен қатаң үлгісін ұстанатын радиоэфир түрлі эксперименттерден бас тартпайды және дағдылы әуен шеңберінен асып, батыл қадамдарға барады. Қазақ ертегілері мен классикалық музыка, «Контрабаспен» сюрреалистік Зюскинд, Америкадағы қазақ сазы – мұның барлығы «Classic» радиосында орын тапты. Радиостанцияның ең маңызды жеңістерінің арасы…

0
0
286

«Қазақстан» және «KAZsport» телеарналары маусым айында бірқатар спорттық шараларды тікелей эфирде көрсетеді

Қазақстандық боксшы Роман Жайлауовтың оңтүстікафрикалық Луянда Жакоға қарсы жекпе-жегін «KAZsport» телеарнасы 6 маусым күні сағат 23.30-да ұсынады. «Қазақстан» және «KAZsport» телеарналары маусым айында бірқатар спорттық шараларды тікелей эфирде көрсетеді. 12 маусым күні Алматы қаласының Орталық стадионында EURO-2016 іріктеу матчына Қазақстан мен Түркияның Ұлттық құрамалары арасында кездесу өтеді. Бұл – қос құраманың алтыншы кездесуі. Ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Трансляцияның басталу уақыты - 21.40. 6 маусым күні Оңтүстік Африка Республикасының Кемптон-Парк қаласында IBO тұжырымдамасы бойынша кәсіпқой бокстан орташа ауыр салмақ дәрежесінде Әлем чемпионы атағы үшін оңтүстікафрикалық Томас Устуизен мен жаңазеландиялық Роберт Берридж арасындағы жекпе-жек ө…

0
0
370

Күрес самбосы бойынша әлем чемпионы, UFC боксышысы Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға келеді

5 маусым күні сағат 12.0-де «Қазмедиа орталығы» ғимаратының 11-қабатында Қазақстанның ММА Федерациясы қазақстандық бірінші спорт арнасы «Қазспорт» телеарнасымен бірлесе отырып, күрес самбосы бойынша әлем чемпионы, UFC боксшысы Хабиб Нурмагомедовтың қатысуымен баспасөз конференциясын өткізеді. Ұйымдастырушылардың хабарлауы бойынша, Х.Нурмагомедов Қазақстанда алғаш рет ММА техникасы бойынша (аралас жекпе-жек) шеберлік сағатын көрсетеді. «Қазспорт» телеарнасы аталған семинарды өзінің телевизиялық хабарларында ақпараттандырады. Әлемдік ММА жұлдызының семинары 5 маусым күні сағат 18.00-де Астана қаласындағы «Еуразия» спорт кешенінің ғимаратында (Дүкенұлы көш., 18) және 6 маусым күні сағат 11.00-де Алматы қаласындағы жоғары спорт шеберлігінің мамандырылған мектебінде (Ақсай-1 ықшам ауданы, 10 ү…

0
0
500

«Қазақстан» және «Қазспорт» телеарналары маусым айында бірқатар тартымды спорттық іс-шараларды тікелей эфирден көрсетеді

«Қазақстан» және «Қазспорт» телеарналары маусым айында бірқатар тартымды спорттық шараларды тікелей эфирден көрсететін болады. Атап айтқанда, 12 маусым күні Алматы қаласының Орталық стадионында EURO-2016 іріктеу матчына Қазақстан мен Түркияның Ұлттық құрамалары арасында кездесу өтеді. Бұл Қазақстан мен Түркияның осымен алтыншы кездесуі. «Қазақстан» телеарнасы осы ойынды тікелей эфирден көрсетеді. Трансляцияның басталу уақыты - 21.40. 6 маусым күні Оңтүстік Африка Республикасының Кемптон Парк қаласында IBO тұжырымдамасы бойынша кәсіпқой бокстан орташа ауыр салмақ дәрежесінде Әлем чемпионы атағы үшін оңтүстікафрикалық Томас Устуизен мен жаңазеландиялық Роберт Берридж арасындағы жекпе-жек өтеді. Аталмыш бокс кешінің аясында шаршы алаңға шығатын былғары қолғап шеберлері арасында 21 жасар қаза…

0
0
296

Р.Отарбаевтың шығармасы бойынша «Қазына» телехикаясы түсірілді

2 маусым күні жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейтін жаңа, 16 бөлімнен тұратын «Қазына» телехикаясы «Қазақстан» телеарнасының эфиріне шығады. Жобаның сюжеті танымал жазушы-драматург, “Парасат” орденінің иегері Рақымжан Отарбаевтың «Жұмбақтау қазынасы» кітабына негізделген және отанына оралған қазақ жайында баяндалады. Хикаяда қоғамда кеңінен етек жайған нашақорлық, Ауғанстаннан Еуропаға тасымалданатын есірткі бизнесі туралы да сөз болады. Сюжет желісі бойынша, қуғын-сүргін заманында басқа елге ауып кеткен ауған қазағы Али (Жандос Айбасов) тарихи Отанына оралады. Қиын-қыстау заманында ата-бабалары «Жұмбақтау» баурайында қазына жасырып кеткен. Сол уақыттан бері Алидің ешқандай арғы-тегі бұл байлыққа қол жеткізе алмаған. Атасы өлер алдында басты кейіпкерге осы туралы айтып, дүниені мұқтаж жан…

2
0
322

Қазақстан мен Түркия бірлесіп телехикая түсіреді

Қазақстан мен Түркияға ортақ телехикая түсіру туралы келісімге қол жеткізілді. Түрік жағы оған қолдау білдіріп, жан-жақты көмек көрсетуге әзір екендіктерін мәлімдеді. Ол туралы осы аптада болған Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаевтың Түркияның мемлекеттік TRT телеарадиокорпорациясының басшылығымен болған кездесуі барысында белгілі болды. Сонымен қатар, қазақстандық телеөнімдер Түркияда көрсетілетін болды. Оның ішінде, отандық танымал «Сырғалым», «Әке серті», «Ұлжан» және «Ағайындылар» туындыларын түрік тіліне дубляж жасауда осы елдегі Қазақстан елшілігі көмек көрсетеді. «Елдер мен құрлықтарды байланыстырушы үлкен құрал – телевизия болып саналады. Түркияның ең ірі мемлекеттік телеарнасы TRT, оның ішінде 8 мемлекетке хабар тарат…

1
0
493

Қазақстан адами капиталды дамыту индексі рейтингінде 37-ші орында

Дүниежүзілік экономикалық форумда Адами капиталды дамыту индексі бойынша ұсынылған баяндама бойынша 2015 жылы Қазақстан 37-ші орынға ие болды. Бұл 2013 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда (45 орыннан) 8 сатыға жоғары. «Адами капиталды дамыту индексі білім беру жүйесінің нәтижелігін, еңбек және жұмыспен қамтуды бағалау жолымен 124 елдегі адами капиталдың дамуы тиімділігін өлшейді. Қазақстан білім беру тұрғысынан жақсы нәтиже көрсетті: жастардың сауаттылық деңгейі бойынша - 33, бастауыш біліммен қамту бойынша - 15 орында. Сонымен қатар, Қазақстанда 2 жыл ішінде бастауыш мектеп сапасы (+ 3 позицияда), білім беру жүйесінің сапасы (+9 позицияда) бойынша қарқынды алға жылжу бар», - делінген ҚР БҒМ мәліметінде. Қазақстан Республикасы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Португалия (38 орын…

0
0
281

Танымал түрік актері және моделі Бурак Озчивит алғаш рет Қазақстанда болды

Танымал түрік актері, бұрынғы модель Бурак Озчивит Алматы мен Астана қалаларында болып қайтты. Бұл оның Қазақстанға алғаш рет келуі. Сонымен қатар «Махаббатым саған ұқсайды» фильмінде алғаш рет продюсер қырынан танылып отыр. Ол біздің елге дәл осы фильмнің түсау кесерін өткізу үшін арнайы келіп отыр. «Сұлтан Сүлейман» телехикаясында Малкочоглу Бали Бей рөлін сомдағаннан кейін Озчивит қазақстандық көрермендердің сүйікті кейіпкеріне айналды. Оның айтуынша, алдағы уақытта телехикаяның жалғасы түсірілуі әбден мүмкін. Егерде қазақстандық режиссерлардан киноға түсу немесе Қазақстан-Түркия бірлесіп кино түсіру туралы ұсыныс түсіп жатса, ол жобаға қатысуға әбден дайын екенін де жасырмады. Алғаш рет Бурак киноға 19 жасында түскен. Бос уақытында футбол ойнап, әңгіме жазуды серік етеді. 23 мамыр күн…

4
0
526

Танымал түрік актері және моделі Бурак Озчивит Астанаға келеді

«Махаббатым саған ұқсайды» фильмінің тұсаукесері шеңберінде танымал түрік актері, бұрынғы модель Бурак Озчивит Астанаға келеді деп күтілуде. «Сұлтан Сүлейман» телехикаясында Малкочоглу Бали Бей рөлін сомдағаннан кейін Озчивит қазақстандық көрермендердің сүйікті кейіпкеріне айналды. 23 мамыр күні «Арман 3D Азия Парк Астана» кинотеатрындағы гала-кештен кейін Бурак Озчивит «Қазақстан» телеарнасының түсірілім алаңына келіп, «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» танымал түнгі шоудың қонағы болады. Жіберіп алмаңыздар! Актердің қатысуымен өткен бағдарлама «Қазақстан» телеарнасының эфирінде 26 мамыр күні сағат 23.30-да шығады. Бурак – танымал актер, бұдан бұрын модель болған. 2005 жылы түріктің ұлттық «Best Model Of Turkey» атты сұлулық сайысының жеңімпазы атанып, ерлер арасындағы «Best Model Of The W…

4
0
1232