Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

40 градус аязда адасып кеткендер құтқарылды

Кеше түнде екі ер адам полицияға телефон шалып, Абай облысындағы Шабақ қыстауынан 4 шақырым жерде адасып кеткенін айтқан.


Олар трактормен жолға шыққан екен. Далада 40 градус аяз. Содан көліктің жанармайы қатып қалған соң, екеуі жаяу қайтуға бел буған. Бірақ олар адасып, телефондары да суықта өшіп қалады.

Трактордың ізімен жаяу жүгірген полицейлердің өздері үсіп қалыпты. Алайда тракторшыларды тауып алған.
Адасқандарды көлікке әрең жеткізіпті. Өйткені аяқтары қатып қалған. Соған қарамастан құтқару операциясы сәтті өтті.

0
0
322

Суық күн шекара жақтағы жолдарда да көлік қозғалысының шектелуіне себепкер болды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік шекарадағы көлік кептелісіне қатысты түсініктеме берді.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, елдің солтүстік облыстарында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық және облыстық деңгейдегі жолдарда көліктердің қозғалысы уақытша шектелген.
Бірақ қазір жағдай тұрақтандырылыпы.
Көлік жолдарының ашылуына байланысты, жекелеген бағыттарда:
- Қазақстан-Қырғыз учаскесі («Қарасу» өткізу пункті);
- Қазақстан-Өзбекстан учаскесі («Тәжен», «Қазығұрт» өткізу пункттері);
- Қазақстан-Ресей учаскесінде («Сырым» өткізу пункті) көлік құралдарының кептелісі байқалады.
Сонымен бірге ҰҚК Шекара қызметі қазақстандық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлады.
Көлік жүргізушілеріне қалыптасқан ахуалды ескере отырып, қозғалыс бағыттарын түзету ұсынылған.

0
0
280

Кешегі сөйлеп отырып боқтап жіберген депутат жазасын алды

Алматы қалалық мәслихатының депутаты Тимур Елеусізовтің кеше жиында баяндама оқып отырып боқтап жібергенін жазғанбыз.Ол бүгін әлеуметтік желіде сол үшін жазасын алғанын хабарлады. Полицияға өзі барып, түсініктеме жазыпты. Сөйтіп, Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (ұсақ бүзақылық) бойынша жауапқа тартылған.Бұл бап бойынша, қоғамдық орында былапыт сөз айтқан адамға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады немесе ол бестен он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алынады. Еркіндікте жүргеніне қарағанда, депутат тек айыппұл төлеген. Ол – қазіргі АЕК мөлшері бойынша 73 840 теңге.«Жіберген қателігің үшін жауап беруің керек. Бұл – заң алдында бәріміздің тең екендігіміздің жарқын үлгісі», – деді Тимур Елеусізов Instagram-ға салған видеосында.Айта…

0
0
318

Баспаналар нашаханаларға айналып бара жатқандай

Байқасаңыз, қазір тұрып жатқан баспанасын есірткі зертханасына айналдыратындар көбейіп барады. Міне, тағы сондай азаматтар ұсталып отыр. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп, есірткі заттарын сатып келген 2 күдіктіні анықтады.Кентау қаласында тұратын бірінің үйін тінту кезінде жедел уәкілдер есірткі зертханасы мен притон тапты. Сонымен қатар, құрамында апиын бар 10 мл 2 құты, пакеттегі марихуана, есірткі дайындауға арналған заттар мен шолақ мылтық тәркіледі. Екінші күдіктінің мекен-жайынан радикалды мазмұндағы діни кітап табылды. Күдіктілер Кентау мен Түркістан қаласының тұрғындары, олардың бірі деструктивті діни ағымның жақтаушысы ретінде есепте тұр. Екеуі де бұрын сотты болған.Қ…

0
0
251

Қазір елімізде коронавирусқа қарсы екпе жоқ екен

Қазір неден қорғанып, бетперде таққызып жатқанын білмейміз. Бәлкім коронавирустан шығар? Бірақ бізде оған қарсы екпе жоқ екен ғой.

Фото: gov.kz

Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың айтуынша, дәл қазір Қазақстанда COVID-19-ға қарсы екпе салдырғысы келетіндер ол ниетіне жете алмайды. Өйткені елде ондай вакцина жоқ.

Есмағамбетова бүгінде тіпті мұндай екпе салдыру талап етілмейтінін де айтты.

Енді сұрақты қайталаймыз: онда кейбір жерлерде адамдар бетперде тағып, неден қорғанып жүр? Әлде бетперде тағу режимін алып тастады ма? Бірақ оны жақында ғана енгізген сияқты еді.

0
0
300

Жолдар әлі жабылып жатыр. Күн қашан жылиды екен?

22 ақпан сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста  республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Қостанай облысында – жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 1 автожол (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)
1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау обл. шек.-Арқалық қ. (көліктің барлық түрлері үшін)
Ұлытау облысында  – жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын 1 автожолда
(екпінді жел, ауа температурасының төмендеуі)
1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау к.-Қостанай обл.шек. (барлық көлік түрлері үшін) ,
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп –ұстауға 535 бірлік техника және 1287 жолшы жұмылдырылды.

#QAJ

0
0
287

Ал керек болса! Кір жуатын ұнтақты да қолдан жасап жатыр

Шымкентте кір жуатын ұнтақты заңсыз дайындаған жасырын цех анықталды. Екі күдікті ұсталған.

Кентау қаласының 2 тұрғыны кір жуғыш ұнтақтың белгілі жазулары бар брендтерінің полиэтилен пакеттерін алып, оған қолдан жасалған сапасыз ұнтақтарды салған. Олар бұл әрекеттерін Шымкент қаласындағы үйді жалға алып, сонда жасаған. 

Түркістан облысының ПД қызметкерлері тексеру барысында цехтан ішінде контрафактілік өнімі бар 300-ден астам қапты, сонымен қатар әрқайсысы 40 келі болатын белгісіз ұнтақ тектес заттың 13 қабын, ұнтаққа қосу үшін дайындалған тұз тәрізді заттың 5 қабын анықтады. Сонымен қатар электронды таразылар және тағы да басқа айғақты заттар тәркіленді. 

Polisia.kz

0
0
170

Министр қай аймақтарда су тасқыны болуы мүмкін екенін айтты

Күн жылыған соң еліміздің 10 өңірінде су тасқыны болуы мүмкін. Мұны бүгін Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтты.

«Бүгінгі таңда елімізде ағымдағы су тасқыны жағдайы біршама тұрақталды. Қазгидрометтің ақпан және наурыз айларының соңына болжамына сәйкес, республиканың оңтүстік-шығыс, солтүстік және орталық бөліктерінде тәулігіне айлық нормамен мол жауын-шашын түсуі мүмкін. Осыған байланысты 10 өңірдің елдімекендерін, оның ішінде Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарында тау суларының ағыны салдарынан су басу қаупі бар», - деді ол.

Сондай-ақ министр Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында қардың көп еруіне байланысты су тасқыны қаупі бар екенін жеткізді.

0
0
234

«Президент болса деп едім». Юрий Шевчук Астанада Навальныйға арнап ән айтты

Ресейлік ДДТ рок-тобының көшбасшысы Юрий Шевчук Астанада концерт өткізді. Ол өзінің танымал әндерінің бірі – «Свободаны» Алексей Навальныйдың рухына арнап айтты. Шевчук әнді орындар алдында залға қарата сөз сөйледі.«Бізге, ресейліктерге, еркіндік туралы айтып жүретін Алексей Навальный қайтыс болды. Ол еркіндік туралы жақсы айтты. Біз бәріміз өте жақсы мағынада еркін бола алатынымызды атап өтті. Ол еркіндіксіз сенім табынушылық екенін айтты. «Еркіндіксіз еңбек – құлдық. Арзан, ауыр құлдық. Еркіндіксіз махаббат – озбырлық» деді. Еркіндіксіз ештеңе болмайды. Бәрі қара түнек болып кетеді», – деді әнші.  Шевчук бұрын саяси мақсатта қамалғандарды, соның ішінде Алексей Навальныйды да қолдап сөз сөйлеген. Ол тіпті болашақта Навальныйды Ресей президенті ретінде көргісі келетінін айтты.Ай…

0
0
211

Семейде тағы бір сауда үйі өртенді

Семей қаласындағы "Бирюса" сауда үйінде өрт болды.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенде қатты түтін байқалды. ГТҚҚ буыны дереу құрылып, барлауға кірісті.
Барлау барысында аспалы төбенің жанып тұрғаны және қатты түтін бар екендігі анықталды.
Өрт 14-26 оқшауланып, 16-25 сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Өртті жоюға жеке құрамның 16 адамы, 4 бірлік техника жұмылдырылды.
Өрттің алдын ала ауданы 15 ш.м. құрайды. Өрттің себебі анықталуда.

Айта кетейік, 6 ақпанда Семейдегі Ақшың сауда үйінде алапат өрт болған еді.

@press_TJM

0
0
224