Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Кешегі сөйлеп отырып боқтап жіберген депутат жазасын алды


Алматы қалалық мәслихатының депутаты Тимур Елеусізовтің кеше жиында баяндама оқып отырып боқтап жібергенін жазғанбыз.

Ол бүгін әлеуметтік желіде сол үшін жазасын алғанын хабарлады. Полицияға өзі барып, түсініктеме жазыпты. Сөйтіп, Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (ұсақ бүзақылық) бойынша жауапқа тартылған.

Бұл бап бойынша, қоғамдық орында былапыт сөз айтқан адамға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады немесе ол бестен он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алынады. Еркіндікте жүргеніне қарағанда, депутат тек айыппұл төлеген. Ол – қазіргі АЕК мөлшері бойынша 73 840 теңге.

«Жіберген қателігің үшін жауап беруің керек. Бұл – заң алдында бәріміздің тең екендігіміздің жарқын үлгісі», – деді Тимур Елеусізов Instagram-ға салған видеосында.

Айта кетейік, ол кеше қалалық мәслихаттағы отырыста қағаздан бір сөзді оқи алмай, соған ызаланып боқтап жіберген еді.

0
0
306

Осы тақырып бойынша

Кешегі сөйлеп отырып боқтап жіберген депутат жазасын... - Yvision.kz