Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Қызылорда облысындағы құс фабрикасында өрт шықты

28 ақпан сағат 04.37-де Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Бесарық ауылында құс фабрикасының жеке бір қабатты ғимаратының төбе жабыны 288 шаршы метр аумақта өртке оранды. Зардап шеккендер жоқ.


 Алдын-ала болжам бойынша өрттің себебі - анықталуда.
Өрт 05.41 сағ. оқшауланып, 06.12 сағ. жойылды.
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 7 адам жəне 2 техника жұмылдырылды.

https://t.me/qr_tjm

0
0
234

ТЖМ өз қатарындағы қыз-келіншектер туралы айта бастады

Виктория Палевич азаматтық қорғау органдарында 2009 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Астана қаласы ТЖД Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығында диспетчер болып 2011 жылдан бастап жұмыс істейді. Азаматтық қорғау старшинасы Виктория Палевич «101» және «112» пультіне төтенше жағдайлар мен өрттер туралы келіп түскен қоңырауларды қабылдай отырып, гарнизонның күштері мен құралдарын шақыру орнына нақты және жедел жібереді.

t.me/qr_tjm

0
0
236

"Өнерің өмір бойы әлдилесін". Жұлдыз күйеуін туған күнімен құттықтады

"Халықтың, сахнаның, ағайынның ҚАЙРАТЫ, туған күніңмен!
Өнерің, еңбегің өмір бойы әлдилесін. Абыройың асқақтап, балаларың үшін мақтаныш болуды нәсіп етсін.
Тілерім, тура жолдан адастырмай, басыңнан бағың таймай, әдемі қарттық болсын. Тыңдарманның қошеметі кемімесін.
Өзіңді сыйлап, бағалайтын жақын жандарың қасыңнан табылсын!
Сыйлаймын!" деп жазды Жұлдыз.

0
0
221

Қызылордалық құтқарушылар желіні жарып жатыр


Қызылордалық құтқарушы Әсел Жадырасынова #Батыл қыз атты #challenge бастады.

Төтенше жағдайлар министрліінің Telegram-арнасы қызықты видео жариялап, астына былай деп жазды:
"Қызылорда қаласындағы N6 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі азаматтық қорғау кіші сержанты Жадырасынова Әсел".

Видеоны мына жерден көруге болады.

0
0
271

15 жылдан бері іздеуде жүрген павлодарлық күдікті Астанада ұсталды

Полиция 15 жылдан бері іздеуде жүрген күдіктіні ұстады.2009 жылы Павлодар полициясына жұбайының жоғалып кеткені туралы ер адам жүгінген. Оның айтуынша, ол досына кетіп, қайтып оралмаған. Жоғалған адамды іздестіру басталды, Қазақстан мен көрші мемлекеттің өңірлері бағдарланды, ол жақта жоғалған адам жайлы хабар тараған. Бір жылдан кейін көлден әйелдің мәйіті табылды.Геномдық сараптама жоғалған павлодарлықтың жеке басын растады, тергеу барысында кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы жылдар ішінде іс бойынша түрлі іс-шаралар өткізілді, бірақ қылмысты ашу мүмкін болмады. Тергеу басшылықтың ерекше бақылауында болды. Осы жылы жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Павлодар облысының полициясы күдіктінің ізіне түсті. Ер адам жанжалдасқанда оны тұншықтырып өлтіргені анықталды…

0
0
238

Қарағанды облысында өрт салдарынан бір үйдің 4 баласы көз жұмды

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Талды ауылында 2 пәтерлі бір қабатты тұрғын үйде 10 шаршы метр жер өртенді.

Иллюстрациялық фото: "Патриот" Telegram-арнасынан скриншот

Өрттің салдарынан 2019, 2020, 2021, 2022 жылдары туған 4 бала қайтыс болды. Өрт шыққан кезде балалар үйде өздері болған.
Зардап шеккен отбасыға жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілуде.
Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу іс-шаралары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды.
Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталуда.

https://t.me/qr_tjm

0
0
564

Трансұлттық ұйымдасқан топ құрған украиналық Польшадан елімізге экстрадицияланды

Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің көмегімен Польша Республикасынан трансұлттық ұйымдасқан топты құру және басқару үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Украина азаматын экстрадициялады.Ол 2022 жылы құрған қылмыстық топ Қазақстан аумағында аса ірі көлемде психотроптық заттарды өндірумен және сатумен  айналысқан.Тәркіленген заңсыз заттардың көлемі 1 тоннадан астам, ал олардың заңсыз айналымдағы жалпы құны 1,5 млрд теңгені құрайды.Көрсетілген қылмыстарды жасағаннан кейін ұйымдасқан топ мүшелері құрықталды, ал оның жетекшісі жасырынып, оған халықаралық іздестіру жарияланған.2023 жылдың тамыз айында күдікті Польшаның аумағында ұсталды.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол экстрадицияланып…

0
0
396

Өзбек шенеуніктері айына бір рет қоғамдық көлікке отыратын болды

Өзбекстан президенті Шавхат Мирзиеев «Автомобильсіз бір күн» атты қоғамдық жобаны қолдады. Бұл Ташкенттегі көлік қозғалысын аздап болса да қысқартуға бағытталған.

Фото: gazeta.uz

Осы шектеудің қоғамдық көлікке, сондай-ақ арнаулы және шұғыл қызметтердің машинасына қатысы жоқ.

Бұл жерде шенеуніктер жұмыс орнына қоғамдық көлікпен келу арқылы басқаларға үлгі көрсете білуі қажет.

Бұл жобаның толық, сапалы және мінсіз атқарылуына жауапты органдар – Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі, Көлік министрлігі және Ташкент хокимияты.

Осындай жағдай баяғыда бір Шымкентте болды-ау деймін... Ол кезде бір айлық шара болды ма, аса есте қалмапты.

0
0
408

Армения ҰҚШҰ-ға мүшелігін уақытша тоқтатты

Армения Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүшелігін уақытша тоқтатты. Бұл туралы France 24 агенттігіне сілтеме жасап ҚазТАГ хабарлады.

Фото: overclockers.ru

Армения премьер-министрі Никол Пашиян аталған агенттікке берген сұхбатында бұл ұйымның өз еліне қатысты дұрыс әрекет жасамай отырғанын айтқан.

«Біздіңше, Арменияға қатысты ұжымдық қауіпсіздік шарты орындалған жоқ. Әсіресе, 2021-2022 жылдары. Бұған біз бей-жай қарай алмадық. Сөйтіп, осы шартқа қатысуды уақытша тоқаттық. Ары қарай не боларын көрерміз», – деді Пашинян.

Ал «Армениядағы Ресей әскери базасы жабылуы мүмкін бе?» деген сұраққа ол «бұл жайында әңгіме болған жоқ» деп жауап берді.

Айта кетейік, ҰҚШҰ құрамына Армениядан бөлек Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь және Ресей кіреді.  

0
0
362

Қостанай және Ұлытау облыстарында тас жолдағы шектеулер алынған жоқ

23 ақпан сағат 09:30-дағы жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар 3 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.Фото: ҚазАвтоЖолЖетісу облысында - жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын 1 автожол (шектеулі көрініс, боран)1. Үшарал-Достық, Көктума бекетінен Достық бекетіне дейін (барлық көліктер үшін)Қостанай облысында – жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 1 автожол (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты) 1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау обл. шек.-Арқалық қ. (көліктің барлық түрлері үшін)Ұлытау облысында  – жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын 1 автожолда(екпінді жел, ауа температурасының төмендеуі) 1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау к.-Қостанай обл.шек. (барлық көлік түрлері үшін) ,Ағымдағы сағатта республ…

0
0
325