Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Қостанай және Ұлытау облыстарында тас жолдағы шектеулер алынған жоқ

23 ақпан сағат 09:30-дағы жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар 3 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Фото: ҚазАвтоЖол


Жетісу облысында - жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын 1 автожол (шектеулі көрініс, боран)
1. Үшарал-Достық, Көктума бекетінен Достық бекетіне дейін (барлық көліктер үшін)
Қостанай облысында – жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 1 автожол (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)
1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау обл. шек.-Арқалық қ. (көліктің барлық түрлері үшін)
Ұлытау облысында  – жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын 1 автожолда
(екпінді жел, ауа температурасының төмендеуі)
1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау к.-Қостанай обл.шек. (барлық көлік түрлері үшін) ,
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп –ұстауға 387 бірлік техника және 796 жолшы жұмылдырылды.
#QAJ

Кеше осы кейінгі екі облыста тас жолдар жабылғанын хабарлағанбыз.

0
0
314

Осы тақырып бойынша