Талғат Жақиянов: Экономикалық өрлеу, саяси тұрақтылық – елдің ішкі бірлігі мен тұрақтылығына тәуелді
Әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Талғат Жақиянов «Таңшолпанда» қонақта болды. Әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері Талғат Жақиянов бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды. Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» реформасы төңірегінде әңгіме өрбіткен ол: «100 нақты қадам» - бұл Елбасы жариялаған 5 институционалдық реформа бойынша нақты қабылданған шаралардың бірі. Осындағы 4-ші бағыт – елдің бірегейлігі мен бірлігін қалыптастыру. Бұл 5 бағыттың ішіндегі ең маңыздысы. Себебі, экономикалық өрлеу, саяси тұрақтылық – елдің ішкі бірлігі мен тұрақтылығына тәуелді»,-дейді. «Бірегейлік болған жерде ғана бірлік болады. Мысалы, қандай да…


