Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Славян базары-2015» байқауының Гран-при иегері Димаш Құдайберген «Таңшолпанда» қонақта

Димаш Құдайберген: Әсерімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес

Байқаудан алған әсерімен бөліскен әнші: «Әсерімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Өйткені, бұл күнді мен бала кезімнен армандадым. Жас кезімнен өзімді үлкен сахналарда елестететін едім. Арманымның жүзеге асып жатқанына Аллаға мың да шүкір. Байқаудағы қарсыластарымның барлығы да бас жүлдеге лайықты болды»,-дейді.

«Байқауда негізі сахна сыртында тұрған кезде ойыңның жинақы болғаны – жеңіске әкелетін ең басты кілттің бірі дер едім. Себебі, мықты әншілер ойы шашыраңқы болғандықтан, сахнада өзін-өзі жинай алмай қалып жатады. Осы орайда моральдық тұрғыда көмектескен ұстазым Майра Тұрлыбекқызына мың алғыс. Сол кісінің берген тәлімінің, ықылас-пейілінің арқасында жеңіске жеттім».

«Қарлығаш Әбдікәрімова деген апайымыз бар. Сол кісі жыл сайын қазақстандық әншілер арасынан іріктеу өткізеді. Бірақ, мен бұл байқауға іріктеусіз өттім. Ол кісі маған «Славян базарына» қатысуға ұсыныс жасаған кезде, ұзақ ойландым. Өйткені, бұл байқауға қатысу үшін бірнеше жылдық тәжірибең болуы керек».

«Байқауда «елдің абыройын түсіріп аламын ба», деген қобалжу болды. Дегенмен, мұндай ойдан аулақ болуға тырыстым»,-дейді жеңімпаз.

Сұхбаттың толық нұсқасын таңғы бағдарламадан көре аласыздар.

 

0
0
328

Осы тақырып бойынша

«Славян базары-2015» байқауының Гран-при иегері Димаш Құдайберген «Таңшолпанда» қонақта - Yvision.kz