Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

«Bala Turkvizyon» байқауына Маңғыстау облысының атынан қатысатын баланың есімі белгілі болды

Ақтауда өткен «Bala Turkvizyon» халықаралық балалар әні байқауында  Форт-Шевченко қаласының тұрғыны Аружан Сағынғалиева топ жарды. Енді ол  Астанада өтетін финалға Маңғыстау облысы атынан қатысады.

Аружан - 11 жаста. Вокалмен айналысқанына 3 жыл болған. Соңғы бір жыл бойы ұстазы Аида Байгеловадан М.Өскінбаев атындағы филармонияда кәсіби вокалдан сабақ алуда.

Кастингті  Кәмшат Жолдыбаева, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова және «КешYou» тобының мүшесі Жұлдыз өткізді. Іріктеуге Маңғыстау облысының түкпір-түкпірінен 8-13 жас аралығындағы 100-ден астам бала қатысқан.

Айта кетейік, «Bala Turkvizyon» халықаралық балалар әні байқауының Атырау облысындағы Ұлттық іріктеуі 15 шілде күні Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында өтеді.

0
0
205

«Қазақстан дауысы» жобасының үшінші тәлімгері ауысты

Медеу Арынбаевтың орнына Рүстем Нұржігіт келді. «Қазақстан дауысы» жобасының тәлімгерлері ауысты. Үшінші маусымда Медеу Арынбаевтың орнына Рүстем Нұржігіт келді. Бұл туралы «Қазақстан дауысы» жобасының директоры Кенже Жұманұлы хабарлады. Медеу Арынбаев осыған дейін екі маусымда қатысушыларға жетекшілік еткен. Мамыр айында еліміздің төрт қаласында өткен арнайы іріктеу кезеңіне де қатысқан. Айта кетейік, жобаның алғашқы маусымында көрерменнің қолдауымен Нұрлан Албанның тобындағы Шахаризат Сейдахмет жеңіп шықса, биылғы маусымда Алмас Кішкенбаевтың тобынан Бауыржан Ретбаев «Қазақстан дауысы» атанды. Байқаудың ерекшелігі сол мұнда қатысушылар тек дауысқа сүйеніп, бақ сынайды. Тәлімгерлер алғашқы тыңдау сынағында жүзден астам қатысушының ішінен үздіктерін таңдап, төрт команда құрайды. Финалға д…

0
0
385

Атырауда «#Talks2050: мұнаймен қатар, мұнайдан бөлек, мұнайдан кейін» атты форум өтті

#Talks2050 - TED конференциясы форматындағы бейресми форум. Атырауда «#Talks2050: мұнаймен қатар, мұнайдан бөлек, мұнайдан кейін» атауымен форум өтті. #Talks2050 - TED конференциясы форматындағы бейресми форум. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, сондай-ақ, «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының ұйымдастыруымен өткен шараға 200-ден астам адам қатысты. «Спикер ретінде біз тек экономистер мен мұнайшыларды ғана емес, сонымен қатар, экологтар, ғалымдар, суретшілер, шағын және орта кәсіп иелері мен жергілікті атқарушы билік өкілдерін шақырдық. Олардың әрқайсысына мұнайлы өңірдегі өздерінің жеке тәжірибесін қызықты форматта айтып беру міндеті жүктелді. Мәселен, кәсіпкерлер үшін бұл - мұнайлы экономикаға тәуелсіз жеке кәсібін дамыту, белсенді қала тұрғындары үшін - жергілікті туризмді дамыту,…

0
0
279

Маратбек Мықтыбеков: Бірінші мәселе – спортшының дайындығы

«Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бірінші вице-президенті Маратбек Мықтыбеков «Таңшолпанда» қонақта болды. Тамыз айында Астанада дзюдодан Әлем біріншілігі өтеді. Осыған орай таңғы бағдарламада қонақта болған «Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бірінші вице-президенті Маратбек Мықтыбеков спортшыларымыздың дайындығы төңірегінде әңгіме өрбітті. «Әлем біріншілігі Астанада өтеді деген хабар шыққаннан бастап, қызу дайындық үстіндеміз. Бүгінгі таңда 80-нен астам ел өтініш беріп үлгерді. Біздің ойымызша, жарысқа 120-130-ға жуық ел қатысады. 26 шілде күні Алматыда оқу-жаттығу дайындықтары өткізіледі. Сол кезде қай спортшы қандай салмақта сынға түсетінін жариялайтын боламыз»,-дейді Маратбек Мықтыбеков. «Будапештте өткен Гран-при жарысында екі спортшымыз «…

0
0
301

«Көңілді тапқырлар театрының» бес жылдығы аталып өтеді

Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласы Көңілді тапқырлар театрының» директоры Әділ Орынбасарұлы бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. 6 шілде күні Елордада «Астана қаласы Көңілді тапқырлар театрының» «Көңілді Астана» атты әзіл-сықақ кеші өтті. Енді қыркүйек-қазан айларында театр 5 жылдығын атап өтпек. Театрдың бүгінгі тыныс-тіршілігі, репертуары төңірегінде әңгіме өрбіткен Әділ Орынбасарұлы: «2010 жылы 23 қыркүйекте театр ең алғашқы концертін берді. Бес жылдың ішінде біз 23 концерт өткіздік. Қазір осы уақыт аралығында халыққа не бердік, не алдық деген оймен есеп беру концертіне дайындық үстіндеміз»,-дейді. «Театрдың бағыты – жеке орындаушылардың өнері. Актерлерді Тұрсынбек Қабатов өзі іріктейді. Сондай-ақ, біз жыл сайын кастинг ұйымдастырамыз». «Бізде жыл сайын актерлердің жеке концертін б…

0
0
806

Ұлттық арнада — «Арғымақ» драмасы

Фильмдегі басты рөлдерді Джереми Ирвин, Эмили Уотсон, Питер Муллан сомдайды. «Арғымақ» – Джоуи деген жылқы мен Альберт есімді баланың арасындағы достықты баяндайтын фильм. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Джоуиді атты әскермен бірге Франциядағы майданға алып кетеді.

Альберт соғысқа қатысуға жасы жетпегеніне қарамастан, досын құтқару үшін майданға аттанады. Ұрыс даласында түрлі қиындыққа тап болса да, түбінде достар бірін-бірі табады. Режиссер Стивен Спилбергтің туындысын бүгін Ұлттық арнадан сағат 22:25-те көріңіздер.

0
0
3367

«Соққы» драмасы — Ұлттық арнада

Ким Юн Сок, Ю А Ин, Пак Су Ён басты кейіпкерлерін сомдаған фильмді бүгін 14:15-те көріңіз. Дон Ван Дыктың өмірі қиын болды.

Сәби кезінде анасы тастап кетеді. Әкесі мүгедек болатын. Ал, өзі мектепте ең нашар оқитын бала еді. Ол басқа балалармен төбелескеннен басқа ештеңе білмейтін. Алайда, Ван Дык анасының өзін ұмытпай, іздеп келгенін білгенде өмірі өзгеріп сала береді.

Ол тәртіпті бола бастайды. Сонда ғана әкесінің мұны қатты жақсы көретінін, мұғалімінің соншалықты нашар адам емес екенін,  спортзалда да жұдырықтасуға болатынын ұғады. Режиссер Ан Лидің «Соққы» драмасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 14:15-те тамашалай аласыздар.

0
0
302

Келбетте» — Қуаныш Сұлтанов

Өзбекәлі Жәнібековтің тәлімін алған қоғам қайраткерінің өмірі туралы толығырақ бүгін 13:45-те көріңіз. Қуаныш Сұлтанов жастайынан еңбек дегеннің не екенін біліп өсті. Ащы тірліктің дәмін ерте татты. Мемлекет ісіне жоғары парасатпен, өмірлік мектептен өтіп, барынша даярлықпен келген азамат қызмет баспалдақтарынан сүрінген жоқ. Жас болса да бас бола білді. 36 жасында Орталық партия комитетінің әуелі мәдениет, одан кейін ұйымдастыру бөлімдерін басқаруы – осының дәлелі. Қазақстан Комсомол комитеті, Орталық партия комите­тіндегі қызметтер – Қуаныш Сұлтановтың елге қызмет ету жолындағы алғашқы баспалдақтары еді. Қуаныш Сұлтанов – Өзбекәлі Жәнібековтей дана саясаткердің мектебінде шыңдалған еліне ардақты, халқына қалаулы азаматтардың бірі. Әлі күнге дейін халқына қалтқысыз қызмет етіп келе жатқа…

0
0
395

«Жайдарман». «Туған күн»

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан бүгін сағат 22.30-да «Туған күн-2015» республикалық арнайы жобасын тамашалаңыздар. Жайдарманшылар «Жайдарманның туған күнінде» өнер көрсетеді. Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 22.30-да  «Туған күн-2015»  республикалық арнайы жобасын тамашалай аласыздар. Бұл сайыста бұрынғы чемпиондар мен жастар құрамасы бірігіп өнер көрсетеді. Яғни, «ҚазҰУ құрамасы» және «Жаснар», «Назар аудар» және «Сағыз». «Экспресс» және «Күлтегін», «Аралас» және «Қармақшы құрамасы» бірігіп, сайысқа түспек.

0
0
1118

Жасай бер, Қазақ елі!» мерекелік концертін көріңіз

Қазақстан эстрада әншілерінің өнерін бүгін 16:05-те тамашалай аласыздар. Елорданың 17 жылдығына орай қазақ эстрада әншілерінің қатысуымен «Жасай бер, Қазақ елі!» мерекелік концерті өткен болатын. Кешке ҚР Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Жанар Айжанова, Айгүл Қосанова, Алтынай Жорабаева және Бибігүл  Жанұзақ, Гүлзира, Нұрғали Тұрлыбеков, Естай Мұқашев, Марат Айтымбай, Нұрбол Балапанов, Диана Май, Айнұр Байнулдинова, Жанерке Хасенова, Гүлмира Жұмабекова, Сымбат Тасбергенова, Бауыржан Нұрымбетов сынды әншілер қатысты. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының Астана күніне тартуы – «Жасай бер, Қазақ елі!» концертін бүгін сағат 16:05-те тамашалай аласыздар.

0
0
613