Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Бекжан Әшірбаевтың шығармашылық кеші

«Көршінің қызы» концертін бүгін 17:00-де тамашалай аласыздар.

«Көршінің қызы» - композитор  Бекжан Әшірбаевтың «төлқұжатына» айналған ән. Жарыққа шыққанына 16-17 жылға жуық уақыт болса да, халық жадынан өшкен жоқ.  «Дарын» мемлекеттік жас­тар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бекжан Әшірбаевты ел ақын-композитор деп таниды. Себебі , оның жан-дүниесінен шыққан өлеңдері ән болып өріліп, тыңдарманның ықыласына бөленіп жүр. Жуырда сазгер «Көршінің қызы» атты шығармашылық кеш берген болатын. Жұбаныш Жексенұлы, Ақылбек Жеменей, Досымжан Таңатаров, Ибрагим Ескендір, Саят Медеуов, Әділ Сламхан, Жанболат пен Жазира, «Нұр-Мұқасан» дуэті, Абай Бегей, Асхат Тарғынов және т.б әншілер өнер көрсеткен кешті бүгін Ұлттық арнадан сағат  17:00-де тамашалай аласыздар.

0
0
391

Астанадағы Ұлттық музейде «Әлемдік мәдениет және заманауи өнер» жобасы аясында «Ұлылармен сұхбат» көрмесі өтуде

Көрмеге архаикадан бүгінге дейінгі ежелгі дәуірлердегі «көркем мәтіндерге» шығармашылық өңдеу негізінде жасалған көркем туындыларды ұсынуда. Шараға «Parallel Worlds» шығармашылық тобына біріккен ХХ-ғасырдың 70-80 жылдарындағы петербургтық және мәскеулік кескіндеме мектебінің өкілдері Латиф Казбеков, Александр Кондуров, Люся Кондурова, Валерий Лукка, Вячеслав Михайлов, Надежда Николаева, Алексей Талащук, Олег Яхнин, Дмитрий Каминкер, Леонид Колибаба, Ольга Булгакова, Сергей Гета, Дмитрий Иконников, Ольга Гречина, Юрий Миронов, Иван Лубенников, Александр Ситников, Татьяна Назаренколардың 90-нан астам туындылары қойылған, деп жазады mks.gov.kz сайты. Жобаның басты мақсаты – ХХ ғасырдың 70-80 жылдарындағы ресейлік суретшілердің шығармашылық мұраларын сақтау, әрі олардың шығармаларын көпшілікк…

0
0
436

Ұлттық арнада – «Жайдарман»

Республикалық Жоғары лига ойындары. 1/8 финалындағы екінші топтың қызықтарын Ұлттық арнамен бірге көріңіз.

«Тарих маусымының»  алғашқы ойындары жоғары лигалықтарға тиесілі болды. Республикалық Жоғары лига сайыстары 1/8 финалының екінші бөлімінде оралдық «ҚазИИТУ құрамасы», алматылық «АЭСА», жетісайлық «Сырдария құрамасы» өнер көрсетті. Сонымен қатар астаналық «Күлтегін» мен Алматыдан келген «Абай даңғылы 8» командасы көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

«Жайдарманшылардың» әзілін бүгін Ұлттық арнадан сағат 22:30-да тамашалай аласыздар.

0
0
628

«Шолпы», «Аққу», «Алтынай» билерінің тарихы қандай?

Бүгін 17:50-де Ұлттық арнадан «Қазақстан би әлемі» хабарын көріңіз.


Қазақ билерi – көбiне  нақты белгiлi бiр тұрмыс-тiршiлiкке құрылады да халықтың бейне болмысының айнасына айналады.

Ол елдiң сән-салтанатын, жастардың махаббатын, ерлiгiн, елдiгiн, қайғы-мұңын, әл-қуатын дәлме-дәл сан мыңдаған қимылмен, қозғалыспен баяндап тұрады.

Бұл өнер халықтың тіршілік-тынысын, адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде өркендеді. Қазақ биінің кейбір қимыл қозғалыстары, бақсы-балгерлердің ойындары арқылы қалыптасқан.

Бүгін «Қазақстан би әлемі» хабары «Шолпы», «Аққу», «Алтынай» билерінің тарихы мен орындалу ретіне тоқталмақ. Сағат  17:50-де Ұлттық арнадан  көріңіз.

0
0
919

«Қара шаңырақ» қайта эфирге шығады

Телехикаяның 1-3 бөлімдерін бүгін Ұлттық арнадан сағат 18:10-да көріңіз.

«Қара шаңырақ» - отбасылық құндылықтарды насихаттауды мақсат тұтқан телехикая.   Телехикаяның  негізгі тақырыбы үш ағайындының арасында өрбиді. Үлкені – ірі кәсіпкер, ортаншысы – спортшы, қылмыс әлемімен аздап байланысы бар, ал кенжесі ауылда өмір сүріп, ауыл шаруашылығымен айналысады. Әрқайсысының отбасы бар. Сондай-ақ, ағайын арасындағы кейбір мәселені олар өз бетінше шешуге тырысады.

Бұған дейін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан көрсетілген телехикаяның қайталау бөлімдерін бүгіннен бастап сенбі-жексенбі күндері тамашалай аласыздар.

0
0
502

«Сенбілік кездесуде» — Бибігүл Төлегенова

Алпыс жыл сахнада жүрсе де, ән айтудан жалықпаған әнші бүгін 21:00-де «Сенбілік кездесу» хабарында сырымен бөліспек. Қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенованың алуан тақырыпты репертуарында қазақтың халық әндері, Батыс Европа композиторларының вокалдық шығармалары бар. Әнші өзінің концерттік-орындаушылық өнерін шеберліктің жоғары сатысына көтеріп, классикалық дәрежеге жеткізді, опера өнеріне де елеулі үлес қосты. Бірнеше фильмдерде замандастарының образын жасап, өнері республика, ТМД елдері көлемінде ғана емес, бүкіл дүние жүзіне танылды. Гастрольдік сапармен Польша, Чехославакия, Үндістан, Алжир, Египет, Сирия, Вьетнам, АҚШ және т.б. елдерде болды. Семейдегі ет комбинатында жұмыс істей жүріп, ән салған жас талант иесінің үлкен сахнаға жолдаманы қалай алды? Өмір жолында кездескен түрлі…

0
0
428

Күйші Сержан Шәкіраттың шығармашылық кеші

«Күй құтпаны» атты концертті бүгін 16:20-да тамашалай аласыздар.

Сержан Шәкірат– елдегі үздік домбырашылардың бірі, ел арасынан шыққан тума талант, «төкпе күй» өкілі. Ол домбыра тартудың халықтық ежелгі үлгісін бойына дарытқан. Күйші атақты Алым Жаңбыршин, Шамғұл Ыбраимов, Мұрат Өскінбаев сынды домбырашылардың шәкірті. Маңғыстаудың күй орындау шеберлігін шыңдап, оны бүкіл елге және шет жерлерге таратқан майталман. Ол Маңғыстаудың  ескілікті халық күйлерімен қатар атақты халық сазгерлері Абыл, Есір, Есбай, Өскінбай, Құлшар, Қартбай, Мұрат, Алым шығармаларын орындауда өзіндік ерекшелігі бар күйші.

Өзіндік қолтаңбасы, нақышы бар өнерпаздың шығармашылық кешін бүгін Ұлттық арнадан сағат 16:20-да көріңіз.

0
0
1165

«Адал достық» драмасын көріңіз

Фильмде басты рөлдерді Ю Хо Чжон, Шим Ын Кён, Чин Хи Гён сомдайды.

На Ми тұрмыстағы әйел. Сүйкімді қызы бар. Олар бақытты өмір кешуде, бірақ, сонда да бір нәрсеге алаңдап тұрады. Бір күні ауруханада жиырма бес жыл бойы көрмеген сыныптасын кезіктіреді. Қатерлі ісік ауруына шалдыққан, небәрі бірнеше апта өмірі қалған құрбысы мектепте бірге оқыған  құрбы-құрдастарымен кездестіруін өтінеді.

Режиссер  Хён-Чхоль Канның «Адал достық» драмасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 14:15-те тамашалай аласыздар.

0
0
1957

«Қайрат» УЕФА-ның клубтық рейтингісінде 27 орынға көтерілді

Еуропа Лигасы аясындағы ойында армениялық «Алашкертке» 1:2 есебімен ұтылған алматылық «Қайрат» УЕФА-ның клубтық рейтингісінде бірнеше орынға көтерілді.

3.650 ұпай жинаған Владимир Вайсс шәкірттері 330-шы орыннан 307-ші сатыға көтерілді. «Алашкерт» 1.325 ұпай жинап 432-ші орында.

Енді Еуропа Лигасының 3-ші іріктеу кезеңінде «Қайрат» клубтық рейтингте 250-ші орында (5.160 ұпай) тұрған шотландиялық «Абердин» клубымен кездеседі.

Айта кетейік, «Қайрат» пен «Абердин» арасындағы матчты «KAZsport» телеарнасы 30 шілде күні сағат 20:45-те тікелей эфирде көрсетеді.

0
0
237

Абай ауданында кезекті рет ауылшаруашылық техникаларының аймақаралық фестивалі өтті

Әлемдік ірі компаниялар мен шаруа қожалықтарының басын қосқан шара аясында тараптар өзара тәжірибе алмасты. Көкөністер мен астықты өсіріп-баптаудың соңғы технологиярымен де бөлісті «Дала күні» шарасын жыл сайын өткізу дәстүрге айналғалы қашан. Ауыл еңбеккерлерінің еңбегі еселенетін ерекше күн биыл осымен оныншы мәрте жалауын көтерді. Осы уақыт аралығында аймақаралық фестивальге екі мыңнан астам адам қатысқан. Биыл көрсетілетін техникалардың қатары да көбейіпті. Қырықтан астам заманауи трактор мен комбайн жиналғандарды тәнті етті. Олардың 70 пайыздан астамы – отандық өнімдер. Дала еңбеккерлері жер ананың несібесін пайдалану жолдарымен, берекелі өнім алудың заманауи әдістерімен өзара бөлісті. Шаруалар тарапынан егіншілік ісі мен тамшылатып суарудың тетіктеріне деген қызығушылық басым болды.…

0
0
317