Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Журналистер арасында «Аңсар» республикалық байқауы жарияланды

Конкурс келесі аталымдар бойынша өткізіледі: «2015 жылдың үздік жас прозашысы», «2015 жылдың үздік жас ақыны», «2015 жылдың үздік жас тележурналисі». «Инновациялық даму» ҚБ журналистер клубының қамқорлыққа алумен ҚР Білім және ғылым министірлігінің қолдауымен жас жазушылар, журналистика факультетінің студенттері және қазіргі таңда жұмыс атқарып жүрген журналистер арасында «Аңсар» атты республикалық әдеби байқауын жариялайды. Байқаудың мақсаты - қазіргі қазақ әдебиетін, отандық журналистика және басылымдарды дәріптеу, жастардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және қолдау. Байқауға журналистикаға, поэзияға қызығушылығы бар, прозалық шығармалар жазатын 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Конкурс келесі аталымдар бойынша өткізіледі: «2015 жылдың үздік жас прозашысы», «2015 жылд…

0
0
385

Атырау облысында екі мектеп оқушысы Сұрхан өзенінен жүзіп өтпек болған әйелді құтқарып қалды

Олардың біреуі - Еңбекші орта мектебінің 6-сынып оқушысы Ермахан Мадиров, екіншісі - Ганюшкино елді мекеніндегі орта мектептің 7-сынып оқушысы Бейбарыс Қайроллаұлы. Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Еңбекші ауылында екі мектеп оқушысы Сұрхан өзенінен жүзіп өтпек болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды azh.kz. Әйел жол қысқартпақшы болып, судан жүзіп өтпек болған. Алайда, өзеннің ортасына келгенде әрі қарай жүзуге әлі жетпей, батып бара жатқанын сезген соң, айналасындағыларды көмекке шақырады. Оның айқайын суға шомылып жүрген екі бала естіп, көмекке жүгірген. Олардың біреуі - жергілікті Еңбекші орта мектебінің 6-сынып оқушысы Ермахан Мадиров, екіншісі - Ганюшкино елді мекеніндегі М.Әуезов атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы Бейбарыс Қайроллаұлы. «Балалар ерлік жасады. Олар өз өмір…

0
0
712

Бүгін Ресейдің Қазан қаласында су спорты түрлерінен XVI Әлем чемпионаты басталды

Бәсекеге 181 елдің спортшылары қатыспақ.

Бұл сынға Қазақстандық спортшылар да қатысады. Әлем біріншілігінде чемпион атанған спортшылар тікелей 2016 жылғы Рио Олимпиадасына қатысуға жолдама алады. Әлем чемпионатында жалпы саны 75 медаль сарапқа салынбақ. Чемпионат 9 тамызға дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, су спортынан Әлем чемпионатын «KAZsport» телеарнасынан көре аласыздар.

0
0
190

«Ұлы дала дүбірі». Сақ тайпалары

Бүгін 17:00-де Ұлттық арнадан көріңіз. Б.з.д. I мың жылдықтан Қазақстан территориясын мекендеген көшпелі тайпалар «сақ» этнонимі арқылы белгілі. Жазба деректер олардың қазіргі Қазақстан территориясының барлық аудандарын қоныстануы және олардың 3 топқа бөлінгендігі туралы хабарлайды. Яғни, сақтар тиграхаудтар (шошақ бөріктілер), сақтар-хаомоваргалар (хаома сусын дайындайтындар), сақтар-парадарайлар (теңіздің арғы бетіндегілер). Сонымен қатар, оңтүстікте – массагеттер мен даилер, солтүстікте – аргипеилер, шығыста – аримаспылар, орталық аудандарда – исседондар, батыста – савроматтар, оңтүстік-батыста – каспылар өмір сүрді. Бұл тайралардың барлығы жақын этникалық-мәдени бірлестік құрап сақ тайпаларының одағының құрамына кірді. Ал, тарих атасы Геродот сақтарды «азиаттық скифтер», парсылар «құд…

0
0
1070

«Абай сынаған бір мінез»

Бүгін «Айтуға оңайда» мақтаншақтық мінез туралы әңгімеленбек.

Әр халықтың өзіне ғана тән ұлттық мінез-құлқы болады. Сол халықтың өкілдеріне сол бір мінездердің бірі артық, бірі кем бітеді. Ғасыр басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сезімі жетілмеген қазақ қауымы»,  деген еді. «Итің ұры» десе намыстанатын қазақтың бүгінгі ұлттық мінез-құлқы қандай? Сол мінездердің ішінде көркемі қайсы, кер-кесел мінезі қайсы? Мақтангершілік мінез бізге қалай бітті? Мұның себебі неде, салдары қандай?

Бүгін 21:05-те «Айтуға оңай...» хабары осы тақырып төңігерінде әңгіме өрбітпек.

0
0
709

«Сұлтан Бейбарыс» тарихи фильмін көріңіз

Нұрмұхан Жантөрин, Дәулет Бейсенов, Болот Бейшенәлиев, Кеңес Қожабеков кейіпкерлерін сомдаған фильмді бүгін 00:35-те көре аласыздар.

XIII ғасыр. Жерорта теңізіндегі ең үлкен флоттың егесі, Мысыр елінің билеушісі, теңдесі жоқ Бейбарыс сұлтан патша тағына дейінгі өмір жолын есіне түсіреді. Билік атаулының бейшаралығын, ең жақын деген адамдарының ішінде де сатқындыққа бейім тұратын адамдардың болатынын ол атақ-даңққа ие болған кезде бір-ақ көз жеткізеді. Шығыс аңызына сенсек, осы кезде Бейбарыс сұлтан патша тағын тастап, бір заманда жаулаушыларға өзі қолды болған қыпшақ даласына бет түзейді...

Режиссер Болат Мансуровтың «Сұлтан Бейбарыс» тарихи фильмін бүгін Ұлттық арнадан сағат 00:35-те тамашалаңыз.

0
0
1199

Басшы басып айтқан мәселелер

Әкімдердің есеп беруі Отырар ауданында жалғасты. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов аудан тарапына берілген тапсырмалардың орындалуын талдап-таразылады. Сала жетекшілерінен жауап алынды. Отырар - ауыл шаруашылығына бейімделген аудан. Жер мәселесі осы себептен де өзекті. Өңір басшысы ауыл шаруашылығындағы жерлер кімге берілген, ол неліктен игерілмей отыр деген сұрақтарды төтесінен қойды. Бірыңғай дерекқор қалыптастыруды жүктеді. Құрылыс саласы бойынша нысанаға мердігерлердің мәселесі алынды. «Олардың жауапкершілігін арттырып, бірізділікке түсіреміз», - деді өңір басшысы. Бүгінде ауыл әкімдерінің құзіреті кеңейтіліп, олардың дербес бюджет қалыптастырып, айыппұл салу мүмкіндігі бар. Осыны тиімді пайдаланған жөн. Қолданысқа берілген нысаннан кепілдік мерзімі ішінде ақаулар анықталса, ауыл әкімдері…

0
0
250

19-25 тамыз аралығында Астана әуежайындағы түнгі рейстерге шектеу болады

Алдағы 19-25 тамыз аралығында Астана Халықаралық әуежайы түнгі сағат 22-00 -ден 03-00-ге дейін ұшақтарды қабылдап, ұшыруды уақытша тоқтатты, деп хабарлады "ҚазАқпаратқа"әуежайдың маркетинг және қоғаммен байланыс бөлімінен.


«Оның басты себебі, түнгі уақытта ұшу-қону алаңында жарық-сигналдары берілмейді», делінген хабарламада. 
Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Астана әуежайында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңа терминал мен ұшу-қону алаңын жөндеуге 60 млрд.теңге жұмсалады.

http://www.inform.kz/

0
0
334

«Енеммен ерегіскім келмейді...»

«Әйел бақыты» кейіпкері бүгін 15:00-де сырымен бөліспек.

Қазіргі таңда шаңырақ көтерген жас отбасылардың дені  ата-анадан бөлек тұрғанды жөн көреді.  Олардың ойы ата-енемен  алыстан сыйласу  арадағы жақсы қарым-қатынасты сақтауға көмектеседі. Кейбір ата-ана балалардың жеке тұруына өздері жағдай жасайды. Себебі, қартайғанда келініне масыл болғысы келмейді. Алайда, жалпы  қазақ қоғамында болмаған мұндай жайт қаншалықты дұрыс? Бүгінгі «Әйел бақыты» кейіпкерінің де басында осындай жағдай. Ол айрандай ұйыған шаңырағы шайқала ма, деп қорқады. Себебі, жуырда қолына енесі көшіп келмек. Алыстан «алдап» сыйласып жүрген үлкен кісімен тіл табыса алмаса, шаңырақтың шырқы бұзылуы әбден мүмкін, дейді.

Жағдайды қалай жақсартуға болады? бүгін 15:00-де Ұлттық арнадан көріңіз.

0
0
354

«KAZsport» грек-рим, еркін және әйелдер күрсінен өтетін Президент Кубогын көрсетеді

24 шілдеде Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Президент Кубогы басталады. Жарысқа Ресей, Үндістан, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Грузия, Беларусь пен Қазақстаннан екі құрама қатысады. Жарыстың жүлделері үшін грек-рим күресінен Ресей, Үндістан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Грузия, Беларусь пен Қазақстанның екі құрамасы сынға түседі. Ал, еркін күрестен өтетін жарыста Үндістан, Моңғолия, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан палуандары бақ сынайды. «Президент Кубогында» әйелдер күресінің үздігі Өзбекстан, Моңғолия, Үндістан мен Қазақстанның екі құрамасы арасынан анықталады. Айта кетейік, жарысты «KAZsport» телеарнасынан көре аласыздар. Көрсетілім кестесі: 24 ШІЛДЕ. 22:00. ЕРКІН КҮРЕС. «Қазақстан Президентінің кубогы». Алғашқы айналым. 1-ші бөлім 02:00. ЕРКІН КҮРЕС. «Қ…

0
0
247