Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Бүгін «Абердин» — «Қайрат» матчы өтеді

Еуропа Лигасының 3-ші іріктеу кезеңі аясындағы «Абердин» - «Қайрат» матчы бүгін Астана уақытымен түнгі сағат 00:45-те Абердиннің (Шотландия) «Питтодри» стадионында өтеді. Бүгін шотландияның «Питтодри» стадионында Еуропа Лигасының 3-ші іріктеу кезеңі аясында жергілікті «Абердин» алматылық «Қайрат» командасымен ойнайды. Матчқа чехиялық Мирослав Зелинка төрелік етеді. Оған отандастары Ондржей Пеликан мен Радек Котик көмектеседі. «Қазақстаннан жол ұзақ болды. Оның үстіне ұшағымыз сынып, Абердинге кешігіп келдік. Алайда бүгін тынығып, жаттығуды бастап кеттік. Командамыздағы Плиев ойынға шығуға дайын емес, ал Гоу мен Риераның аздап жарақаты бар. Біздің мақсатымыз – Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығу. Алайда бұл оңай емес, себебі «Абердин» мықты ұжым. Бүгін жанкүйерлер шабуылы көп футбол көре…

1
0
200

Cалауатты ұрпақ- ұлт байлығы

Кез келген ата ана сәбиінің дені сау болып, ой өрісі жақсы дамығанын қалайды. Тек жақсы тамақтану оларға осындай мүмкіндік бере алады. Нақтырақ айтқанда, ана сүтімен өскен бүлдіршіндердің денсаулығы мықты болатыны ғылыми тұрғыда дәлелденген. Сорақысы сол, соңғы кездері сәбилерге дәріханаларда сатылатын жасанды қоспа беру дәстүрге айналған. Бұл салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандарын алаңдатып отыр. Кез келген ата ана сәбиінің дені сау болып, ой өрісі жақсы дамығанын қалайды. Тек жақсы тамақтану оларға осындай мүмкіндік бере алады. Нақтырақ айтқанда, ана сүтімен өскен бүлдіршіндердің денсаулығы мықты болатыны ғылыми тұрғыда дәлелденген. Сорақысы сол, соңғы кездері сәбилерге дәріханаларда сатылатын жасанды қоспа беру дәстүрге айналған. Бұл салауатты өмір салтын қалыптастыр…

0
0
559

Абай Құнанбайұлының 170 жылдығын атап өтуге соңғы дайындықтарды пысықтап жатыр

Айта кету керек, ақынның мерейтойын атап өту жоспары жыл басында жасалып, осыған дейін түрлі шаралар өткізілген.

Бұл жолғы тойдың ерекшелігі – даңғазалыққа салынбай, ғұламаның соңына қалдырған мол рухани мұрасын әркімнің бойына дарытып, көпшілікке насихаттауға бағытталған.

Мерейтой алдында Жидебайда келушілерге арналған қызмет көрсету орталығы пайдалануға берілсе, «Еңлік-Кебек» кесенесінің жанына қос ғашыққа арналған ескерткіш орнатылып, сол маңнан жолаушылар аялдап, тынығатын орын ашылды.

0
0
201

Қарағандылық тұрғындар шыршалар мен қарғайларды баптайтын бағбандарға наразылық білдіруде

Неліктен суаруға жауапты мамандардың салғырттық танытып жүргенін және қылқанжапырақтылардың өсіп өркен жаймай, сарғайып сұрқы кетіп жатқанын білуге тырыстық Бейбітшілік алаңындағы қарағайлардың біршамасы сабақтары салбырап, құлпырып емес құлазып тұр. Күтімінің жоқтығынан бұталардың бойлары өспей, өскіндерінің де өңі кеткен. Қарағандының қақ ортасындағы көшеттер де кейбірі әбден судан сусап, тіршілігін тоқтатқандай. Күрмеулі мәселенің анықтамақ болып бұл жолы бірден мәдениет және демалыс саябақтары мен гүлзарлар басқармасының қызметкерлерімен тілдестік. Мамандардың айтуынша, негізі қарағайлар аптасына бір рет емес, үш рет суарылуы тиіс екен. Ал бізге балаша баптауға бөлінген қаржының қомақсыздығын айтып ақталды бағбандар. Жас көшеттердің өсуіне гүлзарлардағы кәрі талдар да кедергі келтірет…

0
0
250

Елордада дарынды балаларға арналған «Astana EnglishSchool» гимназиясына оқушылар қабылдау басталды

Мектепте оқыту қазақ және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. 1 қыркүйекте Астананың сол жағалауында «Батығай» тұрғын үй кешенінің жанында  дарынды балаларға арналған № 81 Astana EnglishSchool» гимназиясы ашылады.

Мектепте қазақ және ағылшын тілдерінде сабақ беріледі. Бүгінгі күннен бастап гимназияда конкурсты ақылы негізде оқуға 1-7 сыныптарға оқушылар қабылдау басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.  Атап өтейік, биыл 1 қыркүйекте елордада жаңадан үш мектеп жұмысын бастайды.

Жаңа оқу жылында елордалық 17 мыңнан астам бала 1 сыныпқа барады. Бұл өткен оқу жылына қарағанда  2 мың оқушыға көп.

0
0
240

Ұлттық арна жаңа жоба жүргізушісіне кастинг жариялайды

Кастингтің өтетін орны мен уақыты туралы толық ақпаратты 8 (717)2-55-33-86 телефон нөмірі бойынша біле аласыздар.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жаңа жоба жүргізушісіне кастинг жариялайды. Кастингке 30-45 жас аралығындағы келбетті, жүзі жылы, танымы кең, тікелей эфирде өзін ұстай алатын, дикциясы мен сөйлеу мәнері қалыптасқан  қыз-келіншектер қатыса алады.  Жоба күн сайын тікелей эфирде көрсетіледі. Кез-келген тығырықтан шыға алатын, тосын жағдайларда шығармашылық пен ерекше тапқырлыққа баруға батылы жететін жандар бағын сынап көрсе болады.

Кастингтің өтетін орны мен уақыты туралы толық ақпаратты 8 (717)2-55-33-86  телефон нөмірі бойынша біле аласыздар.

0
0
391

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Келін» телехикаясы аяқталды

Бүгін 22:40-та «Жүрегім сізге аманат» атты жаңа телехикая көрерменге жол тартты. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Келін» үнді көркем фильмін көрсетуді аяқтады. 4 тамызда эфирде телетуындының қорытынды бөлімі көрсетілді. Мың жарымға тарта бөлімі бар «Келін» телехикаясы мыңдаған көрерменнің көңілін баураған еді. 2014 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның арнайы шақыруымен Астанаға «Келіндегі» басты кейіпкер Анандидің бала кезін сомдаған актриса Авика Гор биыл елімізге туындыда Шивтің рөліндегі актер – Сиддхарт Шукла келді. Ал, «Келіннің» орнына бүгін «Жүрегім сізге аманат» атты жаңа телехикая көрерменге жол тартпақ. Фильм отбасылық құндылықтарды насихаттайды. 2012 жылы Филиппинде көрсетіле бастаған телехикаяның рейтингі өте жоғары болған. Туынды азиялық фестивальдер мен конкурстарда оннан аса марапат…

1
0
1624

Чемпиондар Лигасы. «Астана» клубы «ХИК» командасын 4:3 есебімен ұтып, плей-офф кезеңіне шықты

Бүгін «Астана-Аренада» Чемпиондар Лигасының 3-ші іріктеу кезеңі аясында елордалық «Астана» финляндиялық «ХИК» командасымен кездесіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті. Енді қазақстандық команда Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңіне шықты.

Сонымен қатар, «Астана» клубы Еуропа Лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Еске сала кетейік, алғашқы ойын 0:0 есебімен аяқталған еді.

1
0
253

Ұлттық арна жаңа жоба жүргізушісіне кастинг жариялайды

Кастингтің өтетін орны мен уақыты туралы толық ақпаратты 8 (717)2-55-33-86 телефон нөмірі бойынша біле аласыздар.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жаңа жоба жүргізушісіне кастинг жариялайды. Кастингке 30-45 жас аралығындағы келбетті, жүзі жылы, танымы кең, тікелей эфирде өзін ұстай алатын, дикциясы мен сөйлеу мәнері қалыптасқан  қыз-келіншектер қатыса алады.  Жоба күн сайын тікелей эфирде көрсетіледі. Кез-келген тығырықтан шыға алатын, тосын жағдайларда шығармашылық пен ерекше тапқырлыққа баруға батылы жететін жандар бағын сынап көрсе болады.

Кастингтің өтетін орны мен уақыты туралы толық ақпаратты 8 (717)2-55-33-86  телефон нөмірі бойынша біле аласыздар.

0
0
599

«Алаң» ток-шоуының тележүргізушісіне кастинг жарияланды

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Алаң» саяси-қоғамдық ток-шоуына тележүргізушісі керек.

Қойылатын талаптар:

жоғары білімді;

саясаттанушы мамандығы болғаны;

жасы 30-50 аралығында;

саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді сараптап, сценарий жазуға қабілетті болуы тиіс.

Резюмені мына электронды поштаға жолдау керек: [email protected]

Кастингтің өтетін орны мен уақыты туралы толық ақпаратты 8 (717) 2-55-33-86  телефон нөмірі бойынша біле аласыздар.

0
0
430