Қарағандылық тұрғындар шыршалар мен қарғайларды баптайтын бағбандарға наразылық білдіруде
Неліктен суаруға жауапты мамандардың салғырттық танытып жүргенін және қылқанжапырақтылардың өсіп өркен жаймай, сарғайып сұрқы кетіп жатқанын білуге тырыстық Бейбітшілік алаңындағы қарағайлардың біршамасы сабақтары салбырап, құлпырып емес құлазып тұр.

Күтімінің жоқтығынан бұталардың бойлары өспей, өскіндерінің де өңі кеткен. Қарағандының қақ ортасындағы көшеттер де кейбірі әбден судан сусап, тіршілігін тоқтатқандай. Күрмеулі мәселенің анықтамақ болып бұл жолы бірден мәдениет және демалыс саябақтары мен гүлзарлар басқармасының қызметкерлерімен тілдестік. Мамандардың айтуынша, негізі қарағайлар аптасына бір рет емес, үш рет суарылуы тиіс екен. Ал бізге балаша баптауға бөлінген қаржының қомақсыздығын айтып ақталды бағбандар. Жас көшеттердің өсуіне гүлзарлардағы кәрі талдар да кедергі келтіретін көрінеді. Себебі ағаштар ылғалды тез сорып алып, өскіндерін байлап тастайтын болса керек. Соңғы үш жылда бейбітшілік алаңындағы саябаққа 361 қарағай мен 32 терек отырғызылыпты.Облыс бойынша 80 демалыс саябақ орны бар. Тиісті тарап ауырған қылқанжапырақтылардың түбін қопсытып дәрумендермен емдеу шараларын жүргізген. Бірақ біз аталған гүлзарды өз көзімізбен аралап көрдік. Тек жалғыз осы жерде емес, қаланың күллі гүлзарларындағы қылқанжапырақтылардың сарғайған сиқы, қураған келбеті алыстан шалынып, күнмен шағылысады. Анастасия Романова да табиғаттың тірегін аяламай, оң көзбен қарамай жүргендерге өкпесі қара қазандай. Салыстырып көрсеңіз екі жылғы қарағайлар мен күні кеше отырғызылған балаң көшеттердің бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ. Бұтақтарының түрі ғана өзгеріпті. Егілген көшеттердің жерсіңбеуінен болар сірә. Егер сен саларда мен салар атқа жемді кім салар деп жүре берсек келешекте өңірміз жайнап емес, қарағайы қураған қарағандыға айналатыны айтпасада түсінікті.
