Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Елордада дарынды балаларға арналған «Astana EnglishSchool» гимназиясына оқушылар қабылдау басталды

Мектепте оқыту қазақ және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. 1 қыркүйекте Астананың сол жағалауында «Батығай» тұрғын үй кешенінің жанында  дарынды балаларға арналған № 81 Astana EnglishSchool» гимназиясы ашылады.

Мектепте қазақ және ағылшын тілдерінде сабақ беріледі. Бүгінгі күннен бастап гимназияда конкурсты ақылы негізде оқуға 1-7 сыныптарға оқушылар қабылдау басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.  Атап өтейік, биыл 1 қыркүйекте елордада жаңадан үш мектеп жұмысын бастайды.

Жаңа оқу жылында елордалық 17 мыңнан астам бала 1 сыныпқа барады. Бұл өткен оқу жылына қарағанда  2 мың оқушыға көп.

 
0
0
237

Осы тақырып бойынша