Чемпиондар Лигасы. «Астана» клубы «ХИК» командасын 4:3 есебімен ұтып, плей-офф кезеңіне шықты
Бүгін «Астана-Аренада» Чемпиондар Лигасының 3-ші іріктеу кезеңі аясында елордалық «Астана» финляндиялық «ХИК» командасымен кездесіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті. Енді қазақстандық команда Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңіне шықты.

Сонымен қатар, «Астана» клубы Еуропа Лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Еске сала кетейік, алғашқы ойын 0:0 есебімен аяқталған еді.
