Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Бүгін – «Жүрегім сізге аманат» телехикаясы басталады

Фильмді Ұлттық арнадан дүйсенбі-жұма аралығында сағат 22:40-та көре аласыздар. Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «Жүрегім сізге аманат» телехикаясы көрерменге жол тартады. Телехикая сюжеті бойынша, қарапайым тұрмыс кешіп жүрген әпкелі-сіңлілі Майя мен Кристина Сан-Николас қаласында гид болып жұмыс істейді. Ақша жетіспеген соң Мая отбасын таршылықтан құтқармақ болып шетелге жұмыс істеуге аттанады. Бойжеткен өзін жұмысқа шақырған әйелдің алдап соққанын Манилаға келген соң бірақ біледі. Жат қалада ақшасыз, үйсіз қалған қыздың ендігі үміті – әуежол қызметіне ықпалы бар Ричард атты бай. Ол қыздың көңілін қайтармай көмектесетінін, бірақ, бала күтуші болып жұмыс істеуіне тура келетінін айтады. Әйелі қайтыс болған соң үш баласымен қалған Ричардтың үйі құлазып қалғандай еді. Мейірімді қыздың…

0
0
1104

Бүгін «KAZsport» Чемпиондар Лигасы аясындағы «Астана» — «ХИК» матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін елордалық «Астана» футбол командасы Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Финляндияның «ХИК» клубын қабылдайды.

Хельсинкиде өткен алғашқы ойында командалар 0:0 есебімен тең тарқасқан еді.

Еске сала кетейік, «Астана» мен «ХИК» арасындағы ойынды «KAZsport» телеарнасы бүгін сағат 19:45-те тікелей эфирде көрсетеді.

0
0
450

Қазақстандық Олжас Абраев УЕФА комитетіне қайта сайланды

30 жастағы қазақстандық маман Олжас Абраев футзал, жағажай футболы бойынша УЕФА комитетіне қайта сайланды.

Олжас Абраев 2011 жылдан бастап футзал және жағажай футболы бойынша УЕФА комитетінің мүшесі. Ол УЕФА атқарушы комитетіне төрт жылдық мерзімге қайта сайланды.

Болгария құрамасының бұрынғы қақпашысы Борислав Михайлов УЕФА комитетінің төрағасы болып қала береді.

0
0
229

Әлем чемпионаты. Дмитрий Баландин 50 метр брасста жартылай финалға шықты

Бүгін Қазанда (Татарстан) су спортынан Әлем чемпионатында 50 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуден іріктеу сындары өтті. Бүгін Қазанда (Татарстан) су спортынан Әлем чемпионатында 50 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуден іріктеу сындары өтті. Қазақстандық Дмитрий Баландин іріктеуде 13-ші нәтиже (27,47 сек) көрсетіп, сайыстың жартылай финалына жолдама алды. Бүгін ол әлемнің үздік 16 спортшысымен финалдық жолдаманы сарапқа салмақ. Ал, іріктеу кезеңінде Оңтүстік Африка Республикасының спортшысы Кэмерон Ван Дер Бург 50 метрді 26,62 секундта жүзіп өтіп, әлемдік рекордты жаңартты. Осыған дейін Дмитрий 100 метрлік (брасс) финалына шығып, 4-ші орынға ие болған еді. Ол 100 метр қашықтықты 59,42 секундта жүзіп өтті. Ал, сайыста әлемдік рекордшы ұлыбританиялық Адам Пити (58,52 сек) жеңіске жеткен.…

0
0
259

Қарағандыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтті

Құқық қорғау органдарының дағдарыстық жағдайлардағы өзара әрекеттестігі көрсетілді.

Қарағанды облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы қызметкерлерінің қатысуымен оқу-жаттығу жиыны өтті. Шара барысында құқық қорғау органдарының дағдарыстық жағдайлардағы өзара әрекеттестігі көрсетілді. Оқу-жаттығу объектілерінің бірі  - қалалық әкімдік ғимараты. Жаттығу барысында мұндағы қызметкерлер мен келушілер қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

0
0
353

«Алып тұлғалар». Абылай хан

Бүгін 23:40-та Ұлттық арнадан көріңіз. Хан Абылай (1771-1781) – Қазақстанның аумақтық тұтастығын қалпына келтіре алған көрнекті мемлекет қайраткері. Ол ел билеген кезде мемлекеттік құрылымға айтарлықтай өзгертулер енгізген тұлға. Ол – азаткер-батыр, дана билеуші, шебер мәмілегер. Абылай хан сырттағы қауіппен күресе жүріп, қазақ жерін біріктіруге көп күш жұмсады. «Алмағайып сұрапыл заманда есеңгіреген елге ес кіргізіп, бір тудың астына біріктіре білген Абылай ерлігі мен ақыл-парасатын қатар жұмсаған сарабдал саясаткерлігінің арқасында қазақ халқын жойылып кетуден сақтап қалды. Осылайша, туған халқының кемел болашағын аңсаған ол өз дәуірі артқан ұлы жүкті қайыспай көтеріп, ел алдындағы перзенттік парызын атқарып кетті», деп жазады Мемлекет басшысы Н.Назарбаев. Бүгін 23:40-та Хан Абылай тура…

0
0
500

«KAZsport» Чемпиондар Лигасы аясындағы «Астана» — «ХИК» матчын тікелей эфирде көрсетеді

5 тамыз күні елордалық «Астана» футбол командасы Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңі аясында өз алаңында финляндияның «ХИК» клубын қабылдайды.

Хельсинкиде өткен алғашқы ойында командалар 0:0 есебімен тең тарқасқан еді.

Еске сала кетейік, «Астана» мен «ХИК» арасындағы ойынды «KAZsport» телеарнасы 5 тамыз күні сағат 19:45-те тікелей эфирде көрсетеді.

1
0
298

Бүгін «Қызыл сарайдағы түс» телехикаясы эфирге шығады

Телехикаяның алғашқы бөлімін бүгін Ұлттық арнадан сағат 19:35-те көре аласыздар.

«Қызыл сарайдағы түс» – 18 ғасырда жазылған  роман. Оның желісінде түсірілген аса күрделі  телехикая Цин династиясы кезеңіндегі тұрмысты баяндайды. Фильм атауының қос  мағынасы  бар. Бірі  - «Қызыл сарай» бұл – ақсүйек әулеттердің қыздары өмір сүретін жер болса,  екінші мағынасы 5-ші бөлімде  басты рөлдегі кейіпкер Баоюй көретін түс. Яғни, оның түсінде біраз кейіпкерлердің тағдыры осы «Қызыл сарайда» шешіледі. Телехикая 2010 жылы Азиядағы телетуындылардың көрсетілімі бойынша үздік атанды.  50 бөлімдік  туындыға 40-қа жуық бас кейіпкер және 500-ге жуық қосымша кейіпкер түскен.

«Қызыл сарайдағы түс» телехикаясын дүйсенбі-жұма күндері Ұлттық арнадан сағат 19:35-те тамашалай аласыздар.

0
0
370

Қазақстандық баскетболшы қыздар (U-16) Азия чемпионатында Сингапур құрамасына ұтылды

Баскетболдан қыздар арасындағы (U-16) Азия чемпионатында Александр Гусевтің қарамағындағы спортшылар Сингапур командасынан ұтылып қалды.

Біздің қарсыластарымыз ойын басталған сәттен басымдық танытып, жарыстың соңына дейін қарқындарын бәсеңдеткен жоқ. Қорытынды есеп: Сингапур пайдасына 76:63 (21:13, 17:18, 16:10, 22:22).

Ертең біздің қыздарымыз Гонконг командасымен ойнайды.

1
0
416

«Данышпан Уилл Хантинг» драмасын көріңіз

Режиссер Гас Ван Сенттің фильмінде Мэтт Дэймон, Робин Уильямс, Бен Аффлек ойнайды.

Уилл Хантинг — 20 жасар бостондық данышпан.  Қит етсе басы бәлеге қалады. Полиция оны кезекті төбелесте тұтқындағанда математика профессоры оны өз қамқорлығына алады. Бірақ бір шартпен: Уилл психотерапия курсынан өтуі тиіс. Сенбеушіліктен басталған «қайта тәрбиелеу» сеанстары  біртіндеп Уилл мен оның ұстазының достығына ұласады.

Мэтт Дэймон, Робин Уильямс, Бен Аффлек негізгі кейіпкерлерін сомдаған «Данышпан Уилл Хантинг» драмасын бүгін 22:25-те тамашалай аласыздар.

0
0
1812