Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Ұлттық арна жаңа жоба жүргізушісіне кастинг жариялайды

Кастингтің өтетін орны мен уақыты туралы толық ақпаратты 8 (717)2-55-33-86 телефон нөмірі бойынша біле аласыздар.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жаңа жоба жүргізушісіне кастинг жариялайды. Кастингке 30-45 жас аралығындағы келбетті, жүзі жылы, танымы кең, тікелей эфирде өзін ұстай алатын, дикциясы мен сөйлеу мәнері қалыптасқан  қыз-келіншектер қатыса алады.  Жоба күн сайын тікелей эфирде көрсетіледі. Кез-келген тығырықтан шыға алатын, тосын жағдайларда шығармашылық пен ерекше тапқырлыққа баруға батылы жететін жандар бағын сынап көрсе болады.

Кастингтің өтетін орны мен уақыты туралы толық ақпаратты 8 (717)2-55-33-86  телефон нөмірі бойынша біле аласыздар.

 
0
0
386

Осы тақырып бойынша