Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

Спирт зауытының басшысы қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін пара ұсынған

Шымкентте спирт зауытының қызметін тексеру барысында, 81 тоннадан астам есепке алынбаған спирт өндіру бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру фактісін анықталды.Есепке алынбаған спирт суррогат алкоголь өнімін өндіретін адамдарға сатылған.Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жоспарын орындау аясында өткен шаралар нәтижесінде анықталғандай, мереке және демалыс күндері (сенбі және жексенбі) есепке алынбаған спиртті заңсыз тиеп-жөнелтудің фактілері тіркелді, бұл этил спиртін сақтау және өткізу ережесін бұзуға әкеп соққан (ҚР ҚМ 20.02.2015 ж. “Этил спиртін сақтау және өткізу(тиеп-жөнелту, қабылдау) ережесін бекіту туралы” бұйрығы).Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында аталған спирт зауытының басшысы ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментінің лауазымды тұлғасына алкогольді заңсыз…

0
0
319

Биыл мектептердің 7420 түлегі "Алтын белгі" алды

undefined

Фото: sputnik.kz

Елімізде 2024 жылы 11-сыныпты 186 мың түлек аяқтады. Оның ішінде 7420 адам «Алтын белгімен» марапатталған. Ал 13 727 түлек жалпы орта білім туралы үздік аттестат алды.

Бұл жөнінде Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтында жазылған.

0
0
441

Атырауда бұрынғы әйелін пышақтап кеткен ер адам іздестіріліп жатыр

Сұмдық оқиға сегіз күн бұрын болған.

undefined

Қаскөйдің әрекеті видеоға түсіп қалып, күдіктінің кім екені анықталғанымен, жігіт әлі табылған жоқ.

Оқиға былай болған: Ер адам кезекті ұрыс-керістен кейін бұрынғы азаматтық некедегі әйелін подъездегі баспалдақтың астында жасырынып күтіп тұрады. Келіншек шыққан кезде қаскөй оған бірден тап беріп, бірнеше рет пышақ салған.

Әйел облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Ал жігіт қашып кеткен.    

Атырау қалалық №1 полиция бөлімінің бастығы Руслан Бәйтеновтің айтуынша, ер адам 29 жаста, ал келіншек 33 жаста екен.  

«Күдіктіге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды. Күдіктінің жеке басы анықталып, оны ұстауға бағытталған жедел іздестіру кешенді шаралары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – дейді Бәйтенов.

0
0
304

Иттің көз жасы

Мектеп бітіргелі Алматыда тұрам десем де болады. Ауылда көп тұрақтағам жоқ. Бірақ анда-санда болса да барып тұратынмын. Әлі де барам ғой.Шамамен 1994-1997 жылдары ауылға бардым. Қай жылы екені нақты есімде жоқ.Ауылда қиын жағдай. Айлық жоқ. Свет жоқ.Сол кездері ит жейтіндер болған, өтірік емес.Бір күні көршім келіп: "ит сойғалы жатыр, барып көретін болсаң, жүр!" - деді.Маған да қызық еді. "Көрсек, көрейік" деп ит сойғалы жатқан үйге келдік.Аула ішінде 5-6 адам темекі шегіп әңгімелесіп тұр. Ит соятын адамды күтіп тұр екен.Төр жақта шынжырға байланып бір дәу ит арсалаңдап жұлқынып үріп жатыр. Шынжырынан босап кетсе бәрімізді жайпап кететін түрі бар.Бір кезде үлкен кенеп қапқа орап алған пышағы бар "қасапшы" кіріп келді. Кенеп қаптың бүктеуін жазып пышағын алып жатыр.Енді ана жұлқынып абалап…

0
0
483

Президент мұсылмандарды Құрбан айтпен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Құрбан айт құтты болсын! Бұл – имандылық пен мейірімділіктің, адамгершілік пен адалдықтың, жанашырлық пен жауапкершіліктің мән-маңызын арттыра түсетін мейрам. Барша мұсылмандар асыға күтетін қастерлі мерекенің тағылымы зор. Құрбан айтта, ең алдымен, сауабы мол игі амалдар жасалып, елді ізгілікке бастайтын құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Сол арқылы халқымыздың рухани тұтастығы нығая түседі. Ата дініміздің ұлағаты біздің салт-дәстүрімізбен тығыз сабақтасып жатыр. Халқымыз қашанда қиындыққа тап болған жандарға қол ұшын беріп, көмегін аямаған. Көктемдегі алапат тасқын кезінде жұртымыздың осы асыл қасиеті айқын көрінді. Біз ырысты ынтымағымыздың арқасында кез келген қиындықты жеңеміз. Айттан айтқа ам…

0
0
977

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды

undefined

Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды:
- асүйде пісіп жатқан тамақты қараусыз қалдырмаңыздар;
- плита жанында орамал, қағаз және басқа да тез тұтанатын заттарды ұстамаңыздар;
- электр кабельдерін плитадан алыс орнатыңыздар.
Сіздің қырағылығыңыз өз қауіпсіздігіңіз екенін есте сақтаңыздар.
Өрт болған жағдайда “101” немесе “112” нөмірлеріне хабарласу керек.

https://t.me/qr_tjm

0
0
598

Мұрат Әуезов қайтыс болды

Белгілі қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Мұхтарұлы Әуезов 82 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Фото: gov.kzМұрат Әуезов 1943 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысының Меркі кентінде дүниеге келген.Ғалым М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Шығыс тілдері институтын «Қытай филологиясы» мамандығы бойынша бітірді. КСРО Ғылым Академиясының Әлем әдебиеті институтында әдебиет теориясы бойынша филология ғылымдарының кандидаты дәрежесі үшін диссертация қорғады. Қазақстан Журналистика Академиясының толық мүшесі.1970-1976 жылдарда М.М.Әуезов «Эстетика кочевья» ұжымдық монографиясын әзірлеген (1975 жыл) философия және құқық институтындағы эстетика тобына жетекшілік етті.1981-1987 жылдарда «Қазақфильм» киностудиясында бас редактор болып қызмет атқарды.1988-199…

0
0
850

«Таза Қазақстан» акциясы жалғасын тауып жатыр

Елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы 6 сәуір мен 11 мамыр аралығында су тасқыны болмаған өңірлерде өтті. «Осы бастаманы қолдау мақсатында апта сайын «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» және «Мөлдір бұлақ» атты шаралар ұйымдастырылып, елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру, санитариялық тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша акцияға 2,4 миллионға жуық адам, соның ішінде еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен кәсіпкерлер қатысты. Жүздеген мың аула мен 20 мыңнан астам әлеуметтік нысанның аумағы тазартылды, 900 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды, шамамен 2,5 миллион көшет отырғызылды», – делінген Президен…

0
0
1125

Президент жас шахматшы Қазыбек Нөгербекті әлем чемпионы атануымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастар арасындағы халықаралық жарыста әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербекке құттықтау жеделхатын жолдады.
undefined

Фото: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

"Ел намысын қорғап, үздік шахматшы ретінде гроссмейстер дәрежесін иеленіп, жеңімпаз атану – зор жетістік. Ұлтымыздың абыройын асқақтататын өзің сияқты алғыр да ақылды ұрпақтың өсіп келе жатқаны қуантады. Алдағы уақытта да жарқын жеңістерге және арман-мақсаттарыңа жете беруіңе тілектеспін", – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, Қазыбек Нөгербек Үндістанның Гандинагар қаласында өткен 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын жүлдені жеңіп алған еді.

Ол классикалық шахматтан 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинады. Қазір Қазыбектің FIDE-дегі рейтингі – 2501.

0
0
384

Алматыда блогер келіншек жігіттің кесірінен суицид жасады (видео)

Алматыда 27 жастағы блогер Айлуна Рахим өз-өзіне қол салды. Оның денесі 11 маусым күні кешке табылған.

undefined

Айлунаның құрбыларының айтуынша, ол бәріне бір жігітті кінәлайтын жазба қалдырыпты.

«Жазған хаттарының скриншоттары бар. Олардан ұрыс-керіс, үмітсіздік, қарым-қатынастағы қиындықтар байқалады», – дейді «Немолчиkz» қорындағылар.

Айлуна жетім өскен. Күйеуімен ажырасқан екен. Әлеуметтік желідегі соңғы жарияланымдарында күйеуінің ұрып-соққанын көрсетеді.

Марқұм келіншектің артында екі баласы қалды.

https://t.me/kriminal_kazakhstan

0
0
570