Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

Ол Назарбаевтың бұйрығын орындауға мәжбүр болған сияқты – депутаттың Мәсімовке қатысты ойы

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Президенттен кешірім беруді сұраған ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің жағдайына қатысты ойын айтты.

undefined

Фото: t.me/mazhilis_kz

Депутаттың сөзінше, егер Мәсімов 2022 жылғы Қаңтар оқиғасына қатысты бар шындықты айтса, оны кешіруге болады.

«Соның бәрін Мәсімов өзі ұйымдастырды деп ойламаймын. Ол қоғам, билік, сот құрылымдары алдында ашылып сөйлесін, сондай-ақ Қаңтар оқиғасын тізбектей отырып, осының бәрінің авторы кім екенін айтып берсін. Ол сол кездегі Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығын орындауға мәжбүр  болған сияқты. Сондықтан қоғам алдында ашылып сөйлесе, оған қайырыммен қарауға болады», – деді Ермұрат Бапи.

0
0
321

Жамбыл облысында «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының мәселесі шешілді

Жағдайды прокурорлар реттеген. Маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мақсатында Жамбыл облысының прокуратурасы өңірдің инвесторларымен тұрақты түрде кездесулер өткізуде.Осы жұмыс шеңберінде «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы» АҚ (бұдан әрі – АЭА) аумағында жобаларды жүзеге асыратын инвесторлардың жер телімдерін тіркеу  проблемасына тап болғаны анықталды.АЭА әкімшілігі 2017-2018 жылдары жобалардан бас тартқан 6 инвестор жерлерінің мемлекеттік актілерінің ұзақ уақыт бойы күшін жоя алмаған.АЭА-ның жалпы көлемі 81,77 га аумағында іске асырылмаған жобалар болған. Бұл жағдай жаңа инвесторларға жер телімдерін беруге және рәсімдеуге мүмкіндік бермей келді.Шу аудандық прокуратурасының хатының негізінде жер кадастрын жүргізу жөніндегі уәкілетті ор…

0
0
337

Елімізде 10200-ден астам лагерьде балалардың жазғы демалысы ұйымдастырылған

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды.Фото: gov.kzЖазғы лагерлердің жұмысы туралы оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан баяндады. Демалыс маусымы басталғалы бері елімізде түрлі формадағы 10 208 лагерьде 1,7 млн-нан аса бала қамтылып отыр. Айта кетейік, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша өңірлерде тақырыптық жоспарлар құрылған. Оның аясында лагерлердегі бағдарламалардан бөлек, танымдық шаралар да қарастырылған болатын. Осы ретте балаларды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік мәселесі туындайды. Осыған байланысты ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха бұған қатысты ақпаратты полиция бөлімдеріне алдын ала хабарлау қажеттігін еске салды. Мұндай жағдайда патрульдік машиналар бір…

0
0
248

Елімізде судьялардың 350-ден астам жұмыс орны бос тұр - Денис Шипп

Қазақстанға қазір осынша судья қажет екен.

undefined

Фото: inbusiness.kz

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында 3 жылдан аса уақыттан бері судьялар жоқ. Онда ешкім жұмыс істегісі келмейді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп мәлімдеді.

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда депутаттар «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

0
0
290

Қазақстан жағдайға қарап тірлік жасауы керек – Сенат спикері

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Үкіметті Ұлттық қордан үнемі ақша ала беретіні үшін сынады.

undefined

Фото: parlam.kz

Әшімбаевтың айтуынша, біздің ел жағдайға қарап тірлік жасап жатқан жоқ. Яғни ақшаны аз тауып, көп жұмсаймыз.

Сенат төрағасының ойынша, егер қарызға ақша алына бермегенде, бүгінде Ұлттық қорда 150 млрд доллар тұрар еді. Бірақ қазір оның жартысынан да азы, яғни 60 млрд доллар бар.

«Қазақстанның тәуелсіз қорындағы 60 млрд доллар салыстырмалы түрде көп ақша емес. 30 жыл бойы мұнайды, шикізатты экспорттап отырған ел үшін бұл – тым аз қаражат», – деді Мәулен Әшімбаев.

0
0
247

Ресейде қазақ тілін үйренгісі келетіндер көбейіп жатыр (видео)

Алайда қазақ тілі мұғалімдері тапшы болып тұр. Ресей өңірлерінде қазақ тіліне деген сұраныс жылдан жылға артып келеді. 40 мың қазақ тұратын Түмен облысының бірнеше ауданында ана тілін міндетті пән ретінде оқытатын мектептер бар. Бірақ қазақ тілінен сабақ беретін мамандар аз. Түмен облысындағы мектептерде қазақ тілі үйірмелері де бар. Балаларының ана тілін білуін қалайтын ата-аналар да көбейген. "Осыдан 5-10 жыл бұрынғымен қазіргі кезді салыстыратын болсақ, қазіргі кезде қатарымызға келіп жатқан жастар, 10-15 бала ғана болатын. Қазіргі кезде 100-ден аса баламыз бар. Олар биімізге, домбырамызға келіп дайындалады. Жастарымыздың көбі өзіміздің тілге патриот деуге болады", - дейді Түмен қаласының тұрғыны Асқар Үбітайұлы. Аймақта қазақ тілін міндетті пән ретінде оқыту мүмкіндігі тек соңғы жылда…

0
0
316

Мәскеу биржасына салынған санкция Қазақстанға әсер ете ме?

Мәскеу биржасы – KASE-нің (Қазақстан қор биржасы) акционері.Фото: kapital.kzКеше АҚШ қаржы министрлігі Ресейдің Мәскеу биржасына санкциялар салды.  Осыдан кейін онда доллар мен еуро саудасы тоқтады. Ал бұл биржа KASE акцияларының 13,1 пайызын иеленіп отыр (2024 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша).Бүгін еліміздің Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменовке «Қазақстан ресейліктердің сол үлесін сатып ала ма?» деген сұрақ қойылды. Жауап мынадай болды:«Біз халықаралық кеңесшілерімізбен ақылдаса отырып, түрлі нұсқаларды қарастырамыз. Жағдайға барынша терең мониторинг жасаймыз».Бұл жерде ең алдымен «осы жағдай Қазақстан қор биржасына әсер ете ме?» деген сұрақ туындайтыны хақ. KASE-дегілер оған «әсер етпейді» деп кесімді жауап айтты.Олардың сөзінше, акциялардың тек 50 пайыз және одан көп ү…

0
0
230

Елімізде шегірткеге қарсы күреске 2,5 мыңнан астам адам жұмылдырылған

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жергілікті шаруаларға шегірткеге қарсы дәрі себілетін аумақтарды анықтау және өңдеу мәселелері Премьер-министрдің ерекше бақылауында екенін жеткізді.

undefined

Сондай-ақ министр АШМ шегірткелердің егістік жерлерді басып қалуын болдырмау және ауыл шаруашылығы құрылымдарына залалын тигізбеу мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Шегірткеге қарсы осындай шаруаларды атқаруға ел бойынша 2,5 мыңнан астам маман, 427 арнайы техника: 289 жер үсті желдеткіш пен штангалы бүріккіш, 56 аэрозольді газ генераторы, 36 аса жеңіл әуе техникасы, 36 ұшақ жұмылдырылған.

undefined

https://t.me/KZgovernment

0
0
620

Қостанайда Hyundai Motor Group салып жатқан зауыт жылына 70 мың автокөлік шығарады

Еліміздің Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр оңтүстіккореялық Hyundai Motor Group компаниясының атқарушы вице-президенті Ким Донг Вукпен кездесті.

undefined

Кездесу барысында Қазақстанда автомобиль өнеркәсібін дамытудың негізгі мәселелері қаралды.

Кездесу барысында тараптар шетелдік инвестордың еліміздің Үкіметі жүргізіп отырған локализация саясатына белсенді қатысуын талқылады.

Аталған компания өткен жылдың аяғында Қостанайда автомобиль шығаратын зауыт сала бастаған еді. 200 млн доллар инвестиция құйылған бұл кәсіпорында жылына 70 мың көлік жасалады делініп отыр.

0
0
405

Қытай Қазақстанға қызықпай ма?

Қытай тарапы Қазақстанмен мәдени ықпалдастықты кеңейту үшін біздің желөкепе жыртақайларды тарта бастағанға ұқсайды.Кеше телеарналардың бірінен көрдім, екі жыртақай тап өздеріндей жыртақайға сұхбат беріп отыр. Сондағы айтқан сөздері мынадай:- Қытай қазақтың табиғатына қызықпайды.- Өздерінің жері керемет!- Вавше керемет! Неше түрлі жер бар екен қытайда.- Қытай бізді керек етіп те отырған жоқ.- Вавше танымайды бізді.- Хи-хи!- Ха-ха!Қытайдың қара бұқарасы бізді, рас, білмеуі мүмкін. Мысалы АҚШ-та да Канададан басқа мемлекетті білмейтіндердің қарасы қалың. Ханзулар да сондай шығар. Бірақ қытайдың қилы дүниені ойлайтын бастары қазақ жерін, қазақ даласын, Қазақстанның әл-ауқатын бек жақсы біледі. Оны біздің жыртақайлар қайдан түсінсін? Осыларды, өз тілдерімен айтқанда, вавше Қытайға жібермеу кер…

0
0
281