Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

Бишімбаев пен Байжановқа қатысты апелляциялық сот та тікелей эфирден көрсетілетін болды

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық инстанцияға келіп түсті.

undefined

Бұл туралы t.me/Jogargy_sot хабарлады.

"Судьяның осы жылғы 11 маусымдағы қаулысымен істі қарау 2024 жылғы 26 маусымға, сағат 10.00-ге белгіленді.

Жоғарғы сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Сот отырыстары тікелей эфирде өтеді", - деп жазылған Жоғарғы сот хабарламасында.

Естеріңізге салсақ, биыл 13 мамырда Бишімбаев 24 жылға, Байжанов 4 жылға бас бостандықтарынан айырылған еді.

0
0
489

Астаналық әйел Бишімбаевтың жазасын жеңілдетемін деп, 100 млн теңгені алдап алған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің көптеген сұрауларына байланысты хабарлама таратты.

undefined

Фото: ulysmedia.kz

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ. Бишімбаевтың туыстарының арызы бойынша елорда тұрғыны Г-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ол аса ірі мөлшерде алаяқтыққа оқталу, яғни Қ. Бишімбаевтың үкімін жеңілдетемін деп алдау арқылы 100 млн теңгені иемденді деген күдікке ілінді.

Сонымен қатар, күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу болып саналады.

Оның қылмыстық әрекетінің басқа эпизодтары тексерілуде.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтіргені үшін биыл 13 мамырда 24 жылға сотталған болатын.

0
0
517

Талапкерлердің 74 пайызы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырған

Елімізде негізгі ҰБТ басталғаннан бері 211 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 74%-ы қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде, 171 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.Фото: baq.kzҰБТ басталғалы шекті балды 76% талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 68 балды құрады. Ең жоғары балл – 138. 8 адам 137 балл жинады.Қазіргі таңда тестке қатысушылардың басым бөлігі, атап айтқанда, 18%-ы «Математика-Физика», 16%-ы «Биология-Химия» пәндер комбинациясын тапсырды. 15%-ы «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға бес аптаның ішінде 577 талапкер қатысты. Осы аптада жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясы өз жұмыстарын бастап, 25 тамызға дейін оқуға түсуге құжаттарды қабылдайтын…

0
0
491

ІІМ Садықовқа қастандық жасады деген күдікке ілінгендердің біріне қатысты түсініктеме берді

Украинада қастандық жасалған журналист Айдос Садықовтың әйелі Наталья Садықова қаскөйлердің табылғанын хабарлады."Олар Қазақстан азаматтары екен: 9.05.1991 ж.т. Мейрам Қаратаев пен 8.02.1988 ж.т. Алтай Жақанбаев. Бұл оңбағандар тапсырыс алып, 2 маусымда Киевке келген. Жалдамалы пәтерде тұрып, Айдосты аңдып, қылмыс жасауды ойластырған. Мейрам Қаратаев (фотосуреттегі - ред.) - Қостанай облысы ІІД (ПД - ред.) қызметкері. Ол қызметкерлер арасындағы қару атудан жарыста алдыңғы орындарды иеленген", - деп жазыпты Садықова. Еліміздің Іішкі істер министрлігі осы ақпаратқа байланысты хабарлама таратты."Азамат М.Қаратаевқа қатысты оның 2019 жылдың қаңтар айында ішкі істер органдарынан босатылғанын және қазіргі уақытта полиция қызметкері емес екенін хабарлаймыз.Қазір біз Мемлекет басшысының тапсырмас…

0
0
842

Атырауда итті тірідей өртегендер ұсталды

19 маусым күні сағат 23:30 шамасында Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылына жақын жерде жануарды қатыгездікпен өлтірген 2003ж.т., 2007 ж.т. күдіктілер анықталып, ұсталды.
«Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдікті УҰҚ-қа қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - деп хабарлайды Атырау облысы Полиция департаменті.
t.me/guwonline

Біз бұл сұмдық оқиға туралы бұрынырақ хабарлағанбыз.

0
0
628

Атырау облысында тұрғын итті тірідей өртеді

undefined

"Сұмдық кадрлар: Атырау облысында қаскөй итті өртеп жіберді.

Аса сорақы жағдай Мұқыр ауылында болды. Тілшіміздің анықтағанындай, полиция қаскөйді ұстауға кеткен. Оны уақытша ұстау қапасына қамамақшы.

Естеріңізге салсақ, жануарларға қатігездік көрсеткендерге қылмыстық жаза қарастырылған", - деп жазады t.me/orda_kz

0
0
440

ТЖМ суға түсу қауіпсіздігі туралы ескертті

undefined

Төтенше жағдайлар министрлігі судағы қауіпсіздік ережелерін естеріңізге салады:

Шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;

Тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды;

Қалқымалардан асып жүзуге болмайды;

Ішімдік ішкен күйінде суға түспеңіз;

Балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

📢Осы шараларды қолдана отырып, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтап қала аласыз!

0
0
382

Елімізде бүгіннен бастап вейпке тыйым салынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вейпке тыйым салатын заңға қол қойды. 

undefined

Фото: deva-dent.ru

Денсаулық сақтау мәселесіне қатысты заңда темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салу қарастырылған.
Бұл шектеу хиттер немесе темекі қыздыру жүйесіне (IQOS, GLO, PLOOM, iFuse) қатысты емес. Тыйымның негізгі себебі болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтау.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 11 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдердің шамамен 10%-ы тұрақты түрде вейп тартады. Жасөспірімдер арасында электронды темекі қолданудың өсуі жаһандық проблема болып отыр.

@qazaqstantv

0
0
447

Қарағандыда үш автобус толы оқушыларды ажалдан арашалап, өзі қаза тапқан полицейді еске алу рәсімі өтті

Оқиға осыдан 16 жыл бұрын болған. 2008 жылдың 20 мамырында 130 бала мінген үш автобус Астанадан Қарағандыға бет алған еді. Олардың қауіпсіздігі жол полициясының инспекторлары Қайрат Жұмабеков пен Дмитрий Пугачқа тапсырылған."Барлығы қас қағым сәтте болды. Астана – Қарағанды тасжолында жүк көлігі алдында келе жатқан жеңіл көлікті басып озып, біз жетегімізге алып келе жатқан автобустарға қарай қарсы бағытқа шықты. Қайрат тез арада шешім қабылдап, жүк көлігі автобусқа соғылмау үшін өзіміз мінген қызметтік автокөлікпен тосқауыл қойды. Одан кейінгісі есімде жоқ. Мен жансақтау бөліміне түсіп, ол жерде төрт күн жаттым. Ол өзінің қызметіне адал беріліп, тапсырманы антына сәйкес соңына дейін орындады. Егер олай жасамағанда автобустағы балалар қаза табатын еді", – деп өткенді есіне алды Дмитрий Пуг…

0
0
226

Елді таза ұстауға деген ұмтылыс артып жатыр

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Павлодар облысының қалалары мен аудандарында ауқымды іс-шаралар өтті.«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өңір тұрғындары туған өлкені абаттандыруға белсенді қатысуда.Бүгін Павлодар облысының түкпір-түкпіріндегі тұрғындар сенбілікке бірыңғай еңбек қарқынымен шықты. Экологиялық іс-шараларға жүздеген қатысушылар жиналды, олардың арасында жергілікті билік, қоғамдық ұйымдар, студенттер, белсенділер және жай ғана бей-жай азаматтар бар.Басты мақсат-біздің ортақ үйімізді таза және әдемі ету, және, әрине, экология мәселелеріне және қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттілігіне назар аудару. Барлығы 20-дан астам түрлі акциялар өтті.Павлодар қаласында Павлодар облысы  Жастар ассамблеясының бастамасымен «greenpvl» экоклубының тұсаукесері өтті. Презентация…

0
0
407