Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

ҚТЖ станция жолдарын заңсыз жалға беріп отырған

Прокуратура «Қазақстан темір жолдарының» вокзал жолдарын жалға беру әрекетіне қатысты сотқа арыз түсірді.Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау - прокурорлық қадағалаудың басым бағыттарының бірі. Бұл салада мемлекеттік ұйымдардан өз активтерін билік ету кезінде заң бұзушылықтар жүйелі түрде анықталып отырады.Соңғы талдау барысында «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік мүлікке билік ету кезінде негізсіз артықшылық беру фактілері анықталды.Осылайша, теміржол операторы 3 жыл бойы «Востокмашзавод» АҚ-ға мүліктік жалға беруге жатпайтын станция жолдарын уақытша меншікке берді. Бұл жалға алушыларға бос тұрған вагондардың 4 миллиард теңгеге жуық міндетті төлемдерінен жалтаруға мүмкіндік берген.Осыған байланысты прокуратура Абай, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды облыстарының сотт…

0
0
284

Тағы да аттестат өртеу басталды

undefined

"Бала берсең сана бер..." Ең болмағанда құжаттың сыртындағы мемлекеттік рәмізді құрметтеу керек. Бұлай жасау (өртеу, жырту) кейбір мемлекеттерде қылмыс саналады", - деп жазылған Instagram-дағы dauletten парақшасында.

0
0
419

Жеке куәлік пен банк картасындағы жариялауға болмайтын деректер

Алаяқтар азаматтарға хабарласып, банк картасы мен жеке басты куәландыратын құжаттың деректерін сұрайды. Олардан опық жемес үшін қандай қауіпсіздік қағидаттарын білген жөн. Сонымен банк картасының 16 таңбалы нөмірін, ондағы латын әрпімен жазылған аты-жөніңізді ашық көрсете беруге болады. Бірақ карта жұмысының аяқталу мерзімі мен артқы беттегі 3 таңбалы СВВ кодын ешкім білмеуі керек.

Ал жеке куәліктегі аты-жөніңіз бен туған ай-жылыңызды хабарлауға болады. Дегенмен құжаттағы ЖСН нөмірі мен куәлік нөмірін ешкімге айтпаған дұрыс. Сондай-ақ куәліктің фотосын өзгеге жібермеу керек.

@qazaqstantv

0
0
340

Ақтау әкімі алаяқтық жөнінде үндеу жолдады

Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тінәлиев өзінің аты-жөнін алаяқтар пайдаланып жатқанын айтты.

undefined

Ол азаматтарды өз атынан келген күмәнді хабарламаларға сенбеуге шақырды.

"Whats’App, Telegram мессенджерінде белгісіз адам менің аты-жөнімді жазып жалған ақпарат таратып жүр.

Сіздерден мұндай хабарламаларға сенбеуді және күмәнді сілтемелерге өтпеулеріңізді сұраймын. Сондай-ақ, мұндай хабарламаларға жауап бермей, ештеңе жазбағандарыңыз дұрыс", - деп жазды Ұлықбек Тінәлиев Facebook-те.

Әкім өз атынан алаяқтық мақсатта хабарламалар жіберуге тыйым салатынын, ал тыйымды тыңдамағандардың үстінен арыз жазатынын мәлімдеді.

undefined

0
0
874

ТЖМ басшысы өз саласындағы мамандардың әлеуметтік жағдайы туралы мәселе көтерді

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің айтуынша, құтқарушылардың 90 пайызы баспанаға мұқтаж екен.
undefined
Фото: gov.kz

Үкімет үйінде өткен брифингте Әрінов осы мәселені шешу жолдары қарастырылып жатқанын жеткізді.

«Ең басты мәселе — тұрғын үй төлемдерін алу. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап сол мәселені шешеміз деп ойлаймыз», — деді министр.

0
0
390

Су айдындарында патрульдеу шаралары күшейтілмек

Үкімет отырысында судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Балаларға қатысты жұмыс күшейтіледі. Басты міндет – жүзу аумағындағы қауіпсіздік және ересектер тарапынан қадағалау.Сонымен қатар суға кеткендердің едәуір бөлігі мас күйінде болғанын атап өткен жөн. Бұл орын алған жағдайдың шамамен 60%-ын құрайды. Су айдындарында демалушылардың ішімдік ішу проблемасына назар аударылды. Мәселен, ішкі істер органдарының бөлімшелеріне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, су жағасындағы демалыс орындарында ішімдік ішуге тыйым салу, әсіресе демалыс және мереке күндері патрульдеуді күшейту тапсырылды. Сондай-ақ су көлігін дұрыс пайдалану мәселелері де талқыланды.«Көлік министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп шағын көлемді кемелерді пайдаланылуды бақылау бойынша шаралар қабылдау…

0
0
266

Асыраған алты баласына қорлық көрсетті делінген емшінің жаңа видеосы тарады

Әнші ме, емші ме?
Ұлықбек Смановтың ел көрмеген видеолары тарауда.
Шамасы, қай ән хит болды, сонымен емдеген сияқты ма?
Сонымен, 6 баланы асырап қорлық көрсетті деп тергеліп жатқан осы емшінің емін көргендер бар ма?
Мына видеодағы #әппақгүлдер емін қабылдап жатқандарды танығандарыңыз бар ма?
Ұлықбек жайлы кімнің не айтары бар?
"Жүре берсең көре бересің" деген осы екен.

Гүлмира Әбіқайдың жазбасы

0
0
301

Таразда бір үйдің қыздары суға батып кете жаздады

"Тараз қаласында жедел құтқару жасағының құтқарушысы Айдос Әбілда демалушылар арасында рейдтік алдын алу жұмыстарын жүргізу кезінде 2012 және 2014 жылы туған екі қыз баланы құтқарды" - деп жазған ҚР ТЖМ.

Қыздар демалыста әкесімен бірге суға түскен.

Төтенше жағдайлар министрлігі барлық азаматтарды суға түсі ережелерін сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмауға, бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылмауға шақырып отыр.

0
0
308

Елімізде жаңа үлгідегі жеке куәлік беріле бастайды

15 маусымнан бастап ҚР азаматының жаңа үлгідегі жеке куәлігі қолданысқа енгізілді.

undefined

Фото: t.me/shymkentonline

Жаңа үлгідегі құжатта жеке куәлік иесінің азаматтығы мен жынысы туралы деректер көрсетіледі. Бұрын бұл мәліметтер жеке куәлікке салынған чипте болған.

Жеке куәліктің жаңа дизайны бюджеттен шығын талап етпейді және азаматтардың жаңа құжаттарды шығару үшін төлейтін мемлекеттік баж мөлшеріне әсер етпейді (2024 жылы мемлекеттік баж мөлшері 738,4 теңгені құрайды).

Жарамдылық мерзімі аяқталмаған жеке куәліктер бұдан әрі де жарамды болады. Қазақстандықтар жаңа дизайнды жеке куәліктерді тек алдыңғының мерзімі аяқталған кезде немесе оларды басқа да себептермен ауыстыру кезінде ала алады. Яғни бір мезгілде жаппай құжат ауыстыру болмайды.

Polisia.kz

0
0
568

Тоқаев комаға түсіп қалған сарбаздың ата-анасының үндеуімен танысты

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты. Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті. Президент Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды", - деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.Айта кетейік, Отарға әскери борышын өтеуге барған 19 жастағы қостанайлық Нұржігіт Әбділпатта осыдан 10 күн бұрын есінен танып, Қордай ауруханасының жансақтау бөліміне түскен еді. Дәрігерлер ол полисегмпентарлық пневмонияға шалдыққан деп отыр. Қазір жігіт өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Ал ата-анас…

0
0
486