Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Елімізде бүгіннен бастап вейпке тыйым салынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вейпке тыйым салатын заңға қол қойды. 

undefined

Фото: deva-dent.ru

Денсаулық сақтау мәселесіне қатысты заңда темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салу қарастырылған.
Бұл шектеу хиттер немесе темекі қыздыру жүйесіне (IQOS, GLO, PLOOM, iFuse) қатысты емес. Тыйымның негізгі себебі болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтау.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 11 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдердің шамамен 10%-ы тұрақты түрде вейп тартады. Жасөспірімдер арасында электронды темекі қолданудың өсуі жаһандық проблема болып отыр.

@qazaqstantv

0
0
415

Осы тақырып бойынша