Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

"Майқайыңалтын" маңындағы іздеу-құтқару жұмыстары тоқтатылды

«GRP-RIDDER-GROUP» ЖШС жүргізген зерттеу нәтижелері ойық түбінде топырақ құрылымы өзгеріп, әлсірегенін анықтады. Астындағы қуыстар мен бос кеңістіктердің құлау қаупі өте жоғары.

​Төтенше жағдайлар қызметкерлері аталған учаскеде қандай да бір тау-кен, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу құтқарушылар мен мамандар үшін үлкен қауіп төндіріп тұрғанын айтады.

«Апатты жою жөніндегі басшының орынбасары - КӘАҚҚ РШО Павлодар филиалы директорының орынбасары Ерлан Жарқымбеков құтқарушылардың, экскаватор машинистерінің өміріне қауіп төнуіне байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады», - деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Inform.kz

0
0
201

Тина Канделаки Нұрлан Сабуровқа неге өктем сөйледі?

Әлеуметтік желіде қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуров пен ресейлік тележүргізуші Тина Канделакидің дауыстарына ұқсайтын екеуара әңгіменің аудиожазбасы тарады. 

Онда Канделаки Сабуровқа өктем дауыспен бұйрық бере сөйлейді. Ол өзін Қазақстанмен арадағы жағдайларға байланысты әзілкештің қолдауы керектігін айтады.

"Әзілмен немесе басқа жанрмен айтасың ба, әйтеуір, сенің пікірің ғаламторға шығуы тиіс. Сосын есіңде болсын, мен және Ресей туралы жақсы сөз айтасың", - дейді ресейлік тележүргізуші. 

Әңгіменің ақырында Сабуров одан бас тартады. Әрине, бұл аудиожазбаны сарапшылар фейк деп отыр. Бірақ Канделаки сияқты ресейліктердің біздің елден өнер көрсетуге барған Сабуров сияқтыларға осылай өктем сөйлей беретіні өтірік емес секілді. 

0
0
224

Қазақстан қоғамы кезекті ресейлік әншінің елге келуіне наразы

Еліміздегі қоғам белсенділері ресейлік әнші Владимир Пресняковтың бір айдан аса уақыттан кейін Астана мен Алматыда өтеді деп жоспарланған концерттерін болдырмауды талап етіп отыр. Пресняковтың Қазақстандағы концерттері 15 наурыз (Астана) бен 16 наурызға (Алматы) белгіленген. Билет құны 15 мыңнан 60 мың теңгеге дейін. Пресняковтың Қазақстандағы концерттері 15 наурыз (Астана) бен 16 наурызға (Алматы) белгіленген. Билет құны 15 мыңнан 60 мың теңгеге дейін. Бағасын қоя беріңіз, бұл наразылық әншінің ұстанымына байланысты болып тұр. Яғни ол 2022 жылы Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдаған. Тіпті Пресняковтың соғысқа көмек ретінде ақша беріп тұратыны да жазылды. Айта кетейік, Қазақстан қоғамы өткен жылы соғысқа қолдау көрсетіп жүрген ресейлік өнер иелері Григорий Лепстің, Татьяна Навкидің жән…

0
0
204

Бүгін – қатерлі ісікке қарсы күрес күні

4 ақпан – Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні. "Жыл сайын 4 ақпанда Халықаралық қатерлі ісікке қарсы одақтың (UICC) бастамасымен Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні атап өтіледі. Мақсаты – халықтың онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау туралы хабардарлығын арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, қолжетімді скринингтік тексерулер туралы хабардар ету. Қазақстанда жыл сайын 40 мыңға жуық адам қатерлі ісікке шалдығады. 2023 жыл қорытындысы бойынша онкологиялық есепте 218 мыңнан астам қазақстандық тұр, 12 мыңнан адам бұл аурудан қайтыс болды. Қазақстанда қатерлі ісіктің ең көп тараған түрлері: сүт безі обыры, колоректальды қатерлі ісік, өкпе рагы, асқазан обыры, жатыр мойны обыры. Қатерлі ісіктерді емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету…

0
0
147

Көкшетауда жылу орталығының қай жерге салынатыны белгілі болды

Көкшетауда ЖЭО құрылысының орны анықталды.

Өткен жылы Қазақстан және Ресей Үкіметтерінің арасында еліміздің үш қаласында ЖЭО салу жөнінде меморандумға қол қойылды, соның бірі — Көкшетау қаласында.

«Құрылыс алаңы қазірдің өзінде анықталды, оның ауданы 120 гектар. Біз оны РК-1 және РК-2 жылу қазандықтарының жанынан салуды жоспарлап отырмыз. Оған арналған жер әлдеқашан бөлінген. Ол жерді таңдаған себебіміз, ЖЭО жұмысын бастаған кезде қазіргі қазаңдықтар көмекші болады» — деді Ақмола облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаев.

inform.kz

0
0
289

"Іштарлық па?" Нағима Есқалиеваны сынаған Мақпал Жүнісова сөзге қалды

Әнші, Қазақстанның Халық әртісі Нағима Есқалиева өткен түнде 70 жасын атап өтті. Ол 1954 жылдың 3 ақпанында дүниеге келген.

Әлеуметтік желіге осы әдемі кештен әнші Жеңіс Ысқақова видеолар салған еді. Солардың бірінде ол мерейтой иесімен бірге ән салып тұрады.

Оған көбі лүпіл басып, құттықтауларын, жылы сөздерін жазып жатты. Бірақ бұл орындау тағы бір Халық әртісі Мақпал Жүнісоваға ұнамай қалыпты.

"Масқара. Халық әртісі нотаны таза алмады ғой", - деп жазды ол.

Ал Мақпал Жүнісоваға басқалардың не айтқанын төмендегі скриншоттардан оқи аласыздар:

0
0
314

ТЖМ күштері 160 шақыртуға барып қайтты

Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 160 жедел шығу жасады, оның 62-і өрттер мен жану оқиғаларына, 98-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға. Бұл ретте 234 адам құтқарылды және эвакуацияланды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.

0
0
269

Бұл да бір дәуір боп өте шықты

Нұрсұлтан Назарбаевтың дәуірі өтті ме?

Әлеуметтік желі қолданушысы осылай деп жазып отыр.

"Осыдан он жыл бұрын осылай суретке түсеміз деп кім ойлаған?

Бұл да тарих, бұл да бір дәуір боп өте шықты.

Кешегі дүлей күштер, бүгінде басы салбырап көрмеде тұр".

0
0
223

Тоқаев Ұлттық басылым күнімен құтттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық баcылым күнімен құттықтады."Құрметті баспасөз қызметкерлері!Баршаңызды Ұлттық басылым күнімен шын жүректен құттықтаймын!Сонау 1913 жылы, дәл осы күні еліміздің баспасөз саласының бастауында тұрған «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Халқымыздың біртуар перзенттері – Алаш арыстары шығарған бұл басылым сындарлы сәттерде ұлтты ұйыстыруға айрықша ықпал етті.Сөз бостандығына адалдығынан айнымаған басылымдар әрдайым шынайы ақпараттың және сапалы сараптаманың қайнар көзі болып қала береді. Газет-журналдар замана тынысын дөп басып, мемлекет пен қоғамдағы қордаланған мәселелерді көтереді, түрлі көзқарастағы ой-пікірлерді жарыққа шығарады. Сондай-ақ жалпы адамзатқа ортақ ізгі құндылықтарды дәріптейді.Баспасөз қызметкерлері кәсіби біліктіліктің, от…

0
0
178

Ақ үйде имам не істеп жүр?

АҚШ президенті Джо Байденнің қатысуымен Ақ үйде қайырымдылық асы өтті. Оған біздің елден Нұрлан қажы Байжігітұлы қатысқан.

Сонымен қатар алқалы жиынға алпауыт елдің дін басшылары, өзге де мемлекет жетекшілері, танымал тұлғалар шақырылған.

"Негізгі мақсаты - әлемдегі тыныштық, ынтымақ, бірлік және осы төңіректе жасалатын дұғалар мен мінәжат. Әр дін өкілі өзінің дұғасын өз қолымен, ниетімен жеткізеді. Бұл - әлемде болып жатқан жағдайға байланысты барлық дін өкілдерінің бір жерде ниет тоғыстыруы" - деп түсіндірді АҚШ-тағы ас туралы агенттіктің дереккөзі.

Қайырымдылық дастарханына 127 мемлекеттен 1600 адам жиналыпты.

kaz.inform.kz-

0
0
206