Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Көкшетауда жылу орталығының қай жерге салынатыны белгілі болды

Көкшетауда ЖЭО құрылысының орны анықталды.

​Өткен жылы Қазақстан және Ресей Үкіметтерінің арасында еліміздің үш қаласында ЖЭО салу жөнінде меморандумға қол қойылды, соның бірі — Көкшетау қаласында.

«Құрылыс алаңы қазірдің өзінде анықталды, оның ауданы 120 гектар. Біз оны РК-1 және РК-2 жылу қазандықтарының жанынан салуды жоспарлап отырмыз. Оған арналған жер әлдеқашан бөлінген. Ол жерді таңдаған себебіміз, ЖЭО жұмысын бастаған кезде қазіргі қазаңдықтар көмекші болады» — деді Ақмола облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаев.

inform.kz

0
0
306

Осы тақырып бойынша