Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

Ел тұрғындарына Еңбек министрлігі тарапынан өтемақы төленіп жатқаны рас па?

Әлеуметтік желілерде тараған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) азаматтарға өтемақы төлеп жатыр деген ақпаратқа қатысты аталған ведомство өкілдері түсініктеме берді.Фото: baq.kzӘлеуметтік желілерде қазақстандықтарға Еңбекмині тарапынан өтемақы төленетіні туралы жалған ақпарат таратылуда. Тағайындалған қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады.Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз.Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.Азаматтардан тек ресми көздерд…

0
0
281

Геннадий Головкиннің Ұлттық олимпиадалық комитетті басқаруына наразылық

Спорт журналистикасының ардагері Несіп Жүнісбаев боксшы Геннадий Головкиннің Ұлттық олимпиадалық комитетті басқаруына қарсы.М Е Н Қ А Р С Ы М Ы Н!!! Бүгінде Қазақстанда Үкімет ауысқаны жөніндегі әңгіме гу-гу талқыланып жатса,сонымен қатар,"ҚР Ұлттық Олимпиадалық Комитетіне Геннадий Головкин басшы боп келеді екен" деген алыпқашпа сөз Астанадағы қарлы борандай ұлып тұр. Бұл әңгімені кімнің таратқанын білмеймін, егер рас болса, МЕН ОҒАН ҚАРСЫМЫН!!! Головкиннің спорттағы табыстарын бір адамдай-ақ білемін. Оның сонау 2004 жылы Афины Олимпиадасының финалында шайқасқанын түбінде отырып көргенмін,одан бөлек,Әмрикада небір керемет жекпе-жектер өткізгенде ҮШ РЕТ өз қаржыммен ұшып барып,сол жерден елге репортаж жүргізгенмін! Бұл - менің Геннадиді ғаламат спортшы деп тануымның белгісі. ҰМЫТПАУЫМЫЗ КЕ…

0
0
691

Зейнетақы жүйесіне болашақта тағы реформа жасалады - ҰБ төрағасы

Бүгін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов еліміздегі зейнетақы жинақтау жүйесіне реформа жасау қажеттігін айтты. Ол бұл жерде өзі басқаратын ұйым мен Еңбек және халықты әлеуметтік қамту министрлігінің есебіне сүйенген.

Фото: kaznovosti.kz

«Қазіргі қолданыстағы зейнетақы жүйесі бүгінгі күннің жағдайын ғана қамти алады. Яғни оның қазіргі құрылымы болашақ зейнеткерлерге мол зейнетақы төлемін алуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан да зейнетақы жүйесі реформаны қажет етеді. Шұғыл әрі дәл қазір реформа қажет емес. Бірақ алдағы уақытта, яғни біздің ұзақмерзімді моделіміз кейбір өзгерістер жасау қажеттігін көрсетіп отыр», - деді Тимур Сүлейменов.

0
0
417

Алматы балабақшасындағы оқиға төңірегіндегі мәселе жалғасын тауып жатыр

Алматыдағы бір балабақшада бүлдіршін басқа балалардан таяқ жеп, ауруханаға түсіп қалған еді. Енді оның ата-анасының полицияға шағымданғаны мәлім болды.

Алматыдағы балабақшалардың бірінде бүлдіршінді ұрып-соққан балалардың ата-анасы мен мекеме қызметкерлері жауапқа тартылуы мүмкін. 

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аяусыз соққыға жығылған баланың ата-анасынан полицияға арыз түсті. 

«3 жастағы баланың ата-анасының арызы бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізді. Балабақша қызметкерлерін, сондай-ақ балалардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Kaz.inform.kz осылай деп хабарлап отыр.

Ал біз бұл туралы осылай жаздық.

0
0
437

Ғаламтордан көргенін істейтін шығар. Бүгінгінің балалары да қатыгез болып барады

Алматыдағы балабақшада бақылау камерасына түсіп қалған видео жұрттың жағасын ұстатты. Онда бір бүлдіршінді басқалары ұрып, тепкілеп жатыр.

Таяқ жеген баланың ата-анасының айтуынша, бұл жағдай 21 ақпанда болған.

«Біздің ұлымызды балалар аяусыз ұрып-соғып жатыр. Бұл жағдай үздіксіз 5 минуттай болды. Тәрбиеші жоқ. Ол өз шаруасымен кетіпті. Баламыздың миы шайқалып, ауруханаға жатып қалды», – деп жазады бейнежазбаны әлеуметтік желіге жолдаған ата-ана.  

Осыдан кейін тәрбиешіге қатаң сөгіс берілген. Осындайға жол бергені үшін оның барынша жазаланғаны дұрыс, әрине.

Бірақ бұл жерде басқа да мәселе бар. Құйтақандай балалар неге қатыгез болып кеткен? Үйдегі тәрбиеден бе, ғаламтордағы видеодан ба?  

Бейнежазбаны мына жерден көруе болады.

0
0
497

Коммуналдық қызметтер неге қымбаттай береді?

Елімізде жыл басынан бері коммуналдық қызметтердің тарифі орташа 20-25 пайыз өскен. Бүгін Ұлттық экномика министрінің бірінші орынбасары Тимур Жақсылықов бұл салада неге қымбатшылық болып жатқанын түсіндірді.

Оның айтуынша, негізі, баға қызмет саласына, аймақтарға қарай әртүрлі болып тұр.

«Кей тариф көбірек, кей тариф азырақ өседі. Кей өңірде көбірек, кей өңірде азырақ өседі. Егер бізге дені дұрыс сумен қамту жүйесі, дені дұрыс жылу жүйесі, сенімді энергетика жүйесі қажет болса, біз оған ақша салуымыз керек. Әрине, тариф өсе береді. Бірақ оның қаншалықты қарқында болатынын мен айта алмаймын», – деді Тимур Жақсылықов.

0
0
436

Алматыда жаттығу ретінде дабыл қағылып, сосын шынымен жер сілкінді

Бүгін Алматыда сағат 10:00-де дабыл қағылған еді. Мұны төтенше жағдай қызметінің өкілдері жер сілкінісіне қарсы жаттығу деп кеше ескертті.

Коллаж: Ulysmedia

Қызық болғанда, содан кейін 8 миут өткенде Алматыда шынымен жер сілкінісі тіркелді ғой.

"ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 23 ақпанда 10 сағ. 08 мин. 33 сек. жер сілкінісі тіркелді, эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 259 шақырым жерде орналасқан Қытай аумағында - афтершок.

Сезгіштігі туралы мәліметтер: Алматы қаласында 2 балл. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ.
Жағдай тұрақты.
ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді", - деп жазды @press_TJM.

0
0
632

Салтанат Нүкенованың ағасы мейрамханадағы ұрып-соғу кадрлерін көрсетті

«Бейнежазба скриншоттары мен сот-медициналық сараптамасының қорытындыларын жариялауыма Бишімбаевтың адвокаттарының өтірік сөздері мәжбүрледі... Скриншоттарда оның Салтанатты теуіп те, ұрып та жатқаны анық көрініп тұр... Бишімбаевтың адвокаттарының сұхбатын көріңіздерші! «Ұрған жоқ» дейді. Бізде әр тұстағы камераға түсіп қалған видеолар бар. Онда ұрып жатқаны, теуіп жатқаны көрсетіледі. Медициналық сараптама қорытындысы бар. Онда сараптамашылар басының өзіне кемінде 13 соққы берілгені туралы ұйғарым жасаған!» – деп жазыпты марқұмның ағасы Айтбек Амангелді Instagram-дағы парақшасында.Айта кетейік, былтыр қараша айында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталып, қамауға алынған еді. Сұмдық оқиға Астанадағы мейрамханада болған.…

0
0
338

Елімізде балалар үйінің саны азайып жатыр

Мынау бір жақсы жаңалық екен. Балалар үйі азайса, яғни бұл жетімдер азайып жатыр немесе оларды асырап алушылар көбейіп жатыр деген сөз ғой.

Фото: theins.ru

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанованың айтуынша, қазір балалар үйінің санын азайту ісі жалғастырылуда. Олар 3 жылда 21 ұйымға азайыпты.

Сондай-ақ Оспанова еліміздегі 21 387 жетім баланың 17 660-ы қазақстандық отбасыларда тәрбиеленіп жатқанын айтты. Елдегі отбасылардың асырауына жылына мыңнан астам жетім бала беріледі екен.

0
0
270

Ер адамның кішкентай баланы теуіп жатқаны видеоға түсіп қалған

Әлеуметтік желіде ер адамның кішкентай баланы теуіп жатқанын көрсететін видео тарады. Таяқ жеген балаға қосылып айналасындағы басқа кішкентайлар да жылап жатыр.

Ер адам өзі қолымен сәбиді көтеріп жүр. Түсініксіздеу тілде балаға айғайлап тұр. Шамасы, өзбекше. «Енді аямаймын, ұқтың ба?» дегенін ғана түсінуге болады.

Кейін бұл видеоның Түркістан облысының Сайрам ауданында түсірілгені анықталды. Күдікті ұсталып, қамауға алынған.

Қазіргі заң бойынша оған аса қатты жаза қолданылмайтын сияқты. Қазір Парламентте қаралып жатқан әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа жазаны күшейтуді қарастыратын заң жобасын тезірек қабылдамаса болмайды-ау...

Видеоны мына жерден көруге болады.

0
0
333