Зейнетақы жүйесіне болашақта тағы реформа жасалады - ҰБ төрағасы
Бүгін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов еліміздегі зейнетақы жинақтау жүйесіне реформа жасау қажеттігін айтты. Ол бұл жерде өзі басқаратын ұйым мен Еңбек және халықты әлеуметтік қамту министрлігінің есебіне сүйенген.

Фото: kaznovosti.kz
«Қазіргі қолданыстағы зейнетақы жүйесі бүгінгі күннің жағдайын ғана қамти алады. Яғни оның қазіргі құрылымы болашақ зейнеткерлерге мол зейнетақы төлемін алуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан да зейнетақы жүйесі реформаны қажет етеді. Шұғыл әрі дәл қазір реформа қажет емес. Бірақ алдағы уақытта, яғни біздің ұзақмерзімді моделіміз кейбір өзгерістер жасау қажеттігін көрсетіп отыр», - деді Тимур Сүлейменов.
