Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

Астанада досын құтқаруға көмектескен бала марапатталды

Астанада досын құтқаруға дер кезінде көмек шақырған 7 жасар бала марапатталды.Сарыарқа ауданы ПБ полиция бөлімінің бастығы Қадыр Малғаздаров досының суға батып бара жатқанын көріп, балықшыларды көмекке шақырып үлгерген 7 жастағы Пусь Дархан атты балаға ризашылығын білдіріп, марапатын ұсынды. Сондай-ақ суға батып бара жатқан баланы құтқарған батырлардың бірі балықшы Абдужапбар Абдураимовқа да бағалы сыйлық “қол сағаты” табыс етілді. Бұл оқиға бойынша “102” жедел арнасына Есіл өзенінің жағалауында балықшылар кәмелетке толмаған баланы судан алып шыққаны туралы хабар түсіп, жедел түрде автопатруль жіберілген.Анықталғандай, түскі астан кейін 7 жастағы бала құрбысымен жағалау бойымен серуендеуге барып, олар ойнап жүріп мұзға шыққан. Бір кезде мұз жарылып, балалардың бірі суға құлап кеткен. Жақы…

0
0
477

Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот қашан басталатыны белгілі болды

Әйелін өлтірді деп айыпталып жатқан бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты қашан басталатыны айтылды. 

Фото: © Sputnik

Бұл соттың алғашқы отырысы арғы дүйсенбі 11 наурызға беліленген.

Осы істе тағы бір айыпталушы бар. Бұрынырақ Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова өлтірілген "Гастро-ораталық" директорының да ұсталғаны хабарланған болатын.   

0
0
385

Ақын «Сезім үшін» әнінің сөзі қалай жазылғанын айтты

Белгілі ақын Ақберен Елгезек «Сезім үшін» әнінің сөзін қалай жазғанын Жайна Сламбекке берген сұхбатында айтты.

Фото: massaget.kz 

«Біреу менен «Сезім үшінді» қалай жаздыңыз?» деп сұрайды. «Міндетті түрде романтикалық тұрғыда айтайын ба әлде шыымен қалай болғанын айтайын ба?» деймін... Көбі иегін қолымен сүйеп алып, бір ғашығына арнап жазады деп ойлайды. Бұл өзі о баста Мейрамбекке арнап жазылған ән болатын. Шымкенттік Талғат Ілес деген керемет талантты композитор жігіт бар. Соның әнін Мейрамбек «Мынаны тыңдап көрші» деп жіберіпті. Мен ауруханада жатқан болатынмын. Сол әнді құлаққаппен темекі шегетін жерге дейін екі рет тыңдап бардым. Сол жерде жазыла салды. Сөйтіп, жібере салдым», – дейді Ақберен Елгезек желіде тарап жатқан видеода.  

0
0
603

Жемқорлық балабақшадан басталады

Шымкент қалалық прокуратура органдары 4 жеке балабақша иелері балабақшаға келмеген балалар үшін жалпы сомасы 29,6 млн. теңге бюджет қаражатын заңсыз иемденгенін анықтады.Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп - тексеру нәтижесінде бюджетке келтірілген залал толық бюджетке қайтарылды. Сот үкімімен 1 тұлға 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы қолданылса, 1 тұлға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Мәселен, Г.М.Рысбекованың меңгеруіндегі «Али мен Айя» бөбекжай-бақшасы» ЖШС-і 2020 жылдың наурыз айынан бастап 2022 жылдың желтоқсан айына дейін балабақшаға келмеген 15 бала үшін, олар келді деп құжаттар тапсыру арқылы бюджеттен 8,7 млн. теңгенің үстінде қаржыға ие болған.Бұл қылмыс үшін соттың 23.02.2024 жылғы үкімімен Г.М.Рысбекова ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігінің 1) т…

0
0
351

Елімізде 10 мыңға жуық азаматтың несиесі кешірілетін болды

Банкрот деп танылған 10 мыңға жуық қазақстандықтың несиесі кешіріледі.

Фотоколлаж: gov.kz

Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, былтыр заң қабылданғалы өзін банкрот деп жариялағысы келетін 86 мың азаматтан өтініш келіп түскен.

@qazaqstantv

0
0
335

БҚО-да әйелі күйеуін тапсырыспен өлтіртпек болған

Жедел іс-шаралар барысында БҚО-да полиция тапсырыспен кісі өлтіруді тоқтатты. Өңірдің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері шұғыл түрде әрекет етіп, қылмысқа жол бермеді. Қылмысты ұйымдастырды деген күдікпен БҚО-ның екі тұрғыны ұсталды. Қылмысқа тапсырыс беруші күйеуімен мүлікті бөліскісі келмейтін әйел екені анықталды. Күдіктілерден олардың кінәсін растайтын заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тергеу мәліметтері бойынша, қаруды сатып алу және кісі өлтіруді орындау үшін тапсырыс беруші ұйымдастырушыға 1,3 млн теңге берген. Күдіктілер ұсталды, соттың санкциясымен оларға қатысты “қамауда ұстау” бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеліп жатыр. Күдіктілер 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір жәбірленушінің өмі…

0
0
258

Бүгін - Алғыс айту күні

Бүгін 1 наурызда елімізде Алғыс айту мерекесі аталып өтіп жатыр.Фото: egemen.kzЕліміздің халқы Алғыс айту күнін осыдан 8 жыл бұрын атап өте бастаған еді. Тағдырдың тәлкегімен елімізге қоныс аударған түрлі этнос өкілдерін қазақ халқы құшақ жая қарсы алып, ауыртпалық атаулыны бірге көтерді. Бұл күн - қиын-қыстау кезеңдерде қуаныш-қайғыны бөлісіп, пана бола білген қазақ халқына өзге ұлт өкілдерінің алғыс айтатын күні.2016 жылы 14 қаңтарда ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1 наурыз - Алғыс айту күні деп жарияланғаны туралы жарлыққа қол қойды. Дәл осы 1 наурыз күні елімізде Қазақстан халқы Асссамблеясы құрылған болатын. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың 22 сәуірінде Ассамблеяның XXII сессиясында Алғыс айту күнін белгілеуге не түрткі болғанын айтқан болатын.«Олард…

0
0
301

«Менікі шантаж ғой». Жүрсін Ерман «Бутяның» айтысқа қалай демеуші болғанын айтты

Ақын, «Айтыстың» жүргізушісі Жүрсін Ерман айтыс ақыны Жандарбек Бұлғақовқа сұхбат берді. Онда Жүрсін ағамыз көп нәрсе айтқан.Ал біздің назарымызды аударғаны кәсіпкер, саясаткер Болат Әбіловтің айтысқа қалай демеуші болғаны еді.  Алдымен 1998 жылғы айтыстағы Жүрсін Ерманның сөзі келтіріледі.«Алдына барып сөйлескенімізде Мырзатай аға екеуміз бұл жігітті де түсінуге болады екен, түсіндірсе ұғады екен, бір ауыз сөзге келместен қазақтың ұлтының өнеріне тікпеген бәйгені неғыламын деп алдарыңызға әкеп отыр. Бутя, Болат Әбілов осында қатысып отыр. Рахмет, айналайын. Бағың жана берсін. Осы жігіттің жанына үңілсек, біздің көбімізден гөрі қазақ қаны бар.Ұстазымыз Мырзатай Жолдасбек екеуміз әрі жүгіріп, бері жүгіріп, ештеңе шығара алмадық», – дейді ол сол кезде сахнада тұрып.  Ол сосын сұхб…

0
0
570

Биыл Наурыз өзгеше тойланбақ

Биыл Наурыз мейрамын жаңаша тойлауға дайындық жүргізіліп жатыр.

Мәдениет және ақпарат министрлігіндегілер Tengri Life-тың сұрағына жауап беріпті.

Олар тиісті құжаттың талқыланып жатқанын, алдағы наурыз айында жарияланатынын хабарлаған.

Жалпы, Наурыз мейрамының маңыздылығын президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында айтқан еді.

«Жаңа жыл – әрине, күнтізбенің жаңа парағын ашатын маңызды меже. Осы сәтте өткен жылды қорытындылап, келешекке жоспар құру әдетке айналған. Бір жағынан, Жаңа жыл мен үшін қастерлі мереке емес. Оның үстіне, өзіміздің төл жаңа жылымыз – әз-Наурызды естен шығармаған жөн. Бұл мейрам – тіршілікті түлете келетін нағыз табиғи жыл басы», - деді Мемлекет басшысы.   

0
0
308

Талдықорғанда млрд теңгеден асатын 6 сатып алу конкурсының күші жойылды

Талдықорған қаласының прокуратурасы құны 1 миллиард теңгеден асатын 6 мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойды.

Тапсырыс берушілер конкурстық құжаттамада біліктілік талаптарын негізсіз жоғарылатып, сол арқылы әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектеп, қиындатқан.

Тағы бір жағдайда, құны 500 миллион теңгеден асатын қала көшелерін ағымдағы жөндеуге конкурс жарияланған кезде тапсырыс беруші жөндеуді қажет ететін көшелердің атауларын нақтыламаған, әр көшедегі жұмыстың сметалық құнын анықтамай, ақаулы актілерді ұсынбаған.

Прокуратура заң бұзушылықтардың дер кезінде алдын алып, кәсіпкерлік субъектілерінің ашық конкурсқа қатысуын қамтамасыз етті.

Жетісу облысының прокуратурасы

0
0
225