Тоқаев Путинге тағы да қазақша сөйледі. Бірақ бұл жолы ешкім құлаққап іздемеді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қазан қаласында кеше басталған "Болашақтың ойындары" халықаралық турнирінің қатысушыларына сәттілік тіледі. Ол көрші ел президенті Владимир Путинге қарата қазақша сөйледі. "Құрметті Владимир Владимирович, ең алдымен, Сізге зор ризашылық білдіргім келеді. Бұл – бірегей ойын. Дүниежүзінде мұндай ойынның баламасы жоқ. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Келесі ойынды Қазақстанда өткізейік", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Сондай-ақ турнирдің ашылу рәсімінде Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері киберспортшыларға ізгі тілектерін жолдады. Содан соң жарысқа қатысушы мемлекеттер туларының шеруі өтті.Бұл ойындарға 107 елден 250 команда қатысады делінген. Жүлде қоры - 10 млн АҚШ доллары.Айта кетейік, өткен жылы қараша айында Тоқаев Пути…

