Мазмұнға өту
QazAgym
QazAgym

QazAgym

599 жазбалар50 тіркелуші

Әр қазағым — жалғызым!

6,5 млн тоннаға жуық бидай экспортқа шығарылуы мүмкін

Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин әлем бойынша егін ору науқаны қиын жүріп жатқанын айтты.Өздеріңізге мәлім, ауа райының қолайсыз болуы – астық шығымының төмендеуіне ықпал етті. Биыл дәнді дақылдар мен майлы дақылдан 18 млн тонна, соның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдан 16 млн тонна өнім жинау жоспарланып отыр. Бүгінге дейін егін жинау жұмысы 95%-ға орындалды, – деді Асқар Мамин.Үкімет басшысы құрғақшылықтың салдарынан бидай көлемі азайса да, бидайға деген ішкі қажеттілік толық қамтамасыз етілгенін жариялады.6-6,5 млн тоннаға жуық бидайды экспортқа шығаруға мүмкіндігіміз бар. Астықтың сапалық көрсеткіші айтарлықтай жоғары, – деді Асқар Мамин.Оның айтуынша, форвардтық сатып алу бағдарламасы аясында «Азық-түлік корпорациясына» бидай жеткізуді қамтамасыз ету қажет.Облыс ә…

0
0
380

Қазақстандағы сот жүйесін өзгерістер күтіп тұр

Парламент Мәжілісінің депутаттары республиканың сот жүйесіне қатысты түзетулер жобасын қабылдады.Депутаттар «ҚР Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасымен жұмыс істеуі тиіс.Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева заң жобасын Парламент депутаттарының тобы әзірлегенін түсіндірді. Түзетулердің негізгі мақсаты – сот жүйесін жетілдіру. Оны бұрын ел президенті жанындағы сот және құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі комиссия жасаған болатын.Ұсынылып отырған заңнамалық өзгерістер сот жүйесінің кәсіби деңгейін, судьялардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыруға бағытталған. Заң жобасы сот кадрларын іріктеу мен судьялардың кәсіби қызметін бағалау механизмін жетілдіруге, судьяларды жауапкершілікке…

0
0
228

Ресейде Ан-26 ұшағы радардан жоғалып кетті

Ресейдің Хабаровск өлкесінде Ан-26 әскери ұшағы радардан жоғалып кетті.

Бортында 6 адам болған.

Басқа мәліметтерге сәйкес, ұшақ Хабаровскіден 40 шақырым қашықтықта техникалық ұшу жаттығуын жүргізген, алайда кенеттен байланыс үзілген.

0
0
184

Түркістан облысында вагон өртеніп кетті

Түркістан облысының өрт сөндірушілері 3,5 тонна жанармай құйылған цистерна жарылысының алдын алды.Бүгін сағат 12.45-те Түркістан облысы ТЖД жедел кезекші бөліміне Сайрам ауданы Ақсукент ауылында «Ақсукент-Қарабұлақ» жолы бойындағы бір вагонның жанғаны туралы хабарлама түсті.Оқиға орнына тез арада Түркістан облысы ТЖД күштері мен құралдары №3 жоғарғы рангпен жіберілді.Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген бойда «ҚазТрансойл» мұнай базасында цистерналарды толтыру кезінде цистерналардың біріндегі бензин жанған. Цистернадағы бензиннің алдын ала көлемі 3,5 тонна (құрамында саны 20 цистерна)Түркістан облысының өрт сөндірушілері вагонда шыққан өртті сағат 14.04-те сөндірді. Онда 3,5 тонна бензин құйылған бензин бар болатын. Өртті сөндіруге Түркістан облысы және Шымкент қаласы ТЖД 47 қызмет…

0
0
329

Алматыдағы "барахолка" тағы да өртенді

Алматы барахолкасында тағы да өрт шығып, бұл жолы «Қазына» базарындағы өртті ауыздықтауға тура келді.Құтқарушылар өрттің жалпы аумағы 120 шаршы метрді құрағанын айтты.12 сағат 14 минутта басталған өртке 6 минутта ТЖД күштері мен құралдары жеткен. Сол аралықта бірнеше қосқабатты контейнер жанып үлгерген.Жақын маңда орналасқан контейнерлерді өрт шарпу қаупі болған. Барлау барысында ауданның сумен аз қамтылғаны хабарланып, өрт сөндіру автоцистерналарымен су жеткізу жұмыстары дереу ұйымдастырылды. Суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді.Оқиға орнында жедел штаб, 2 жауынгерлік учаске құрылды. 40 адам және 14 техника жұмылдырылды.Жол полициясы қызметкерлері жолды қоршауды қамтамасыз етті. Дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында 18 минут ішінде өрт оқшауланып, сағат 12:38-де қаупі жойылды. Сағ…

0
0
265

Нұр-Сұлтанда мас жігіт оқушы қызға тиіспек болған

Нұр-Сұлтанда мас ер адам кәмелетке толмаған қызға тиіспек болды.Елордалық полиция атап өткендей, 21 қыркүйекте сағат 19: 21-де "102" басқару пультіне Рысқұлбеков көшесінде белгісіз ер адам кәмелетке толмаған қызға тиіспек болғаны туралы хабарлама келіп түсті.Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жетті. Кешке мектептен қайтып келе жатқан кәмелетке толмаған балаға мас ер адамның жақындағаны анықталды, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі.Полициядағылар бұл фактіге сәйкес, 25 жастағы күдіктінің ұсталғанын атап өтті.Медициналық тексерудің қорытындысы бойынша, ол орташа ауырлықтағы алкогольдік мас күйде болған. Ішкі істер департаментінде есепте тұрмайды, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта тергеуге дейінгі тексеру шаралары жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы…

0
0
226

Елордаға Ираннан 53 қандас келді

Иран Ислам Республикасынан 53 қандасымыз Нұр-Сұлтан қаласына жетті.Атажұртқа оралған қандастарымызды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы мен "Отандастар қоры" КЕАҚ өкілдері күтіп алды.Қандастарымыз үшін күтіп алу іс-шарасы ұйымдастырылып, Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлеріне экскурсия өткізіліп, арнайы ас берілді.Енді Ираннан келген қандастар мемлекет ұсынатын өңірлік квота аясында Солтүстік Қазақстан облысына қоныстанады.Еске сала кетейік, бұған дейін 14 қыркүйекте Қазақстанға қоныс аударушылардың алғашқы легі келген еді. Барлық 13 адамды (3 отбасы) «Отандастар қоры» КЕАҚ өкілдері күтіп алып, Солтүстік Қазақстан облысына шығарып салды.Бұл көш ҚР Сыртқы істер министрлігі, Еліміздің Ирандағы Елшілігі және Горган қаласындағы Бас консулдығы мен Дүни…

0
0
238

Тоқаев Маңғыстау облысына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

Бүгін Мемлекет басшысы Ақтау қаласында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде жиын өткізіп, жаңа спорт кешеніне барады. Сондай-ақ қаланың туристік аймағындағы бірқатар инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысады. Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев «Отпантау-2021» командалық-штабтық оқу-жаттығуын бақылайды, - деп жазды ол.

Дереккөз

0
0
194

Ауыл тұрғындары үш жыл бұрын тартылған газдың игілігін көре алмай отыр

Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Әсіларық ауылының тұрғындары үш жыл бұрын тартылған газ құбырының игілігін көре алмай отыр.

Ауылға 2018 жылы көгілдір отын тартылып, сол кезде халық ақша жинап, жаппай үйлеріне дейін кіргізіп алады. Бірақ мемлекет тарапынан қолға алынған іс аяқсыз қалыпты. Салдарынан газға сеніп, үйіндегі пештерін бұзып тастаған тұрғындар зардабын тартқан.

Одан бөлек газ болмаған соң қойылған есептегіш құрылғылар қараусыз қалып, біразы қолды болып кеткен.

Дереккөз

0
0
215

Магистратура мен доктарантураға қабылдау туралы

Егжей-тегжейлі талқылаудан кейін біз қабылдау ережелеріне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдадық.Енді магистратура мен докторантураға қабылдау жылына екі рет өткізіледі.Яғни, магистратура мен докторантураға түсу емтихандары дәстүрлі түрде тамыз айында және қосымша желтоқсан айында ұйымдастырылады.Осы норма 2021 жылы күшіне енеді деп жоспарлап отырмыз. Осы мақсатта Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері кешенді тестілеу мен түсу емтихандарын қосымша ұйымдастырады. Құжаттарды қабылдау қараша айында басталады.Әлбетте, құжаттары мен емтихандарын тапсыруға, қажетті сертификаттарды алуға үлгермеген азаматтар үшін бұл жағымды жаңалық екені сөзсіз.Жазғы қабылдау науқаны мен өткізілген емтихандардың қорытындысы бойынша магистратура мен докторантураға арналған білім беру гранттарының артық қа…

0
0
270