Мазмұнға өту
qazagym

QazAgym

@qazagym

Сайтта 2021 ж. 22 қыркүйек

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

20

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Тоқаев Қалжыр өзенінің тағдырына қатысты облыс әкімі мен министрге тапсырма берді

«Айқын» газетінің бүгінгі нөмірінде «Қалжырды кім ластап жатыр?» деген мақала жарияланды. Онда Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзенін заңсыз алтын өндірушілер қатты ластап жатқаны туралы өте өзекті мәселе көтерілген. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне аталған проблеманы егжей-тегжейлі тексеріп, кінәлілерді жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін белгілі журналист Мақсат Толықбай Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім ауылының тұрғындары май араласқан лай суды тұтынып отырғанын айтып, Күршім өзенінің қазіргі жағдайын көрсетіп, жергілікті жұрттың жанайқайын жеткізген еді.

Дереккөз

0
0
480

Қазақстандық полицейлер 12 миллион тұратын кроссоверлерге міне бастады

Қазақстандық полицейлер құны 12 млн-нан асатын кроссоверлерге міне бастады.

Мемлекеттік сатып алу порталында көрсетілген мәліметке жүгінер болсақ, Ақтөбе облысының полиция департаменті 147 млн 480 мың теңгеге 12 автокөлік сатып алып жатыр. Әрқайсысың құны – 12 млн 290 мың теңге.

Техникалық ерекшеліктеріне сүйенер болсақ, бұл полицейлер мініп жүрген Hyundai Tucson көлігінің үшінші буыны емес – жаңа, төртінші буыны. Комплектациясы ең қарапайымы таңдалыпты. Орындығы жылытылмайды, былғары түрі емес, қорабы – механика, төрт дөңгелегі бірдей қозғалады, қозғалтқыш көлемі – 2 л.

0
0
491

Қытай инвесторлары Қазақстанда зауыттар салып жатыр

Жыл соңына дейін Қазақстанда 230 млн долларға қытайлық жаңа жобалар ашу жоспарланып отыр.Ұлттық компания бірлескен жобалар тізіміне 24,6 млрд долларға 56 ұсыныс кіретінін нақтылады, атап айтқанда, 15 жоба іске асырылып жатыр, ал 13-і пысықталуда, тоғызы – пассивті сатыда. Қытай инвесторлары биылдың өзінде төрт өндіріс ашқысы келеді. Жалпы құны – 230 млн доллар.Kazakh Invest мәліметі бойынша, Алматыда үлкен диаметрлі болат құбырлар шығаратын зауыт іске қосылады деп күтіліп отыр. Инвестиция көлемі – 100 млн доллар. Қазақстан-Қытай кәсіпорнында 300 жұмыс орны құрылады.Маңғыстау облысында су тұщыландыратын зауыт салынып, іске қосылады, 53 адам жұмыспен қамтылады. Жоба құны 60 млн доллар. Ал Жамбыл облысында металлургия өндірісінің мырыш-қорғасын қалдықтарын қайта өңдеуді жолға қояды. Жоба құн…

0
0
479

Хайп, аудитория, жарнама: Қазақстандағы антиваксерлердің артында кімдер тұр?

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны басталмай жатып көпшілік арасында «бүкіләлемдік қастандық теориясы», яғни, коронавирус адамзатты чиптеу үшін ойлап табылғанына сенушілер көп болды. Әлі күнге дейін мектептердегі дезинфекция жұмыстарын «оқушыларды улау» деп қабылдап, «тікұшақпен вирус сепкізетін билікке» қарсы антиваксерлер әлеуметтік желіде вакцинаға қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда.АНТИВАКСЕРЛЕРДІҢ ТӨРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫFactcheck.kz ресурсының редакторы Павл Банник журналист Мария Сероваға берген сұхбатында Қазақстандағы антиваксерлердің артында кім тұрғанына қатысты жүргізген зерттеуіне сүйене отырып, антиваксерлердің төрт тобы туралы айтқан.«Зерттеу барысында біз бірнеше қоғамдастықты анықтадық. Бірінші кезекте бұл топ бізге Ресейден келген және олар өздерін «Сана…

0
0
537

Мемлекеттік органдардың сайттары жұмыс істемей қалды

Еліміздегі мемлекеттік органдардың сайттары жұмыс істемей қалды. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ осындай ақпарат таратты.

Иә, білдік, бір сағаттай жұмыс істемейді. Техникалық ақаулар, – деді «ҰАТ» АҚ баспасөз қызметі

Әкімдіктердің веб-сайтын ашар кезде, «Тілдерді жүктеу» жазуы пайда болады. Дәл осындай жағдай облыс әкімдіктері мен министрліктердің сайттарына да қатысты.

Дереккөз

0
0
329

Қазақстандықтардың қарызы 8,6 трлн теңгеге жеткен

2021 жылғы бірінші жартыжылдықта Қазақстанда жеке тұлғалардың кредиті 8,6 трлн теңгеге жетті (шамамен 20 млрд доллар). Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26% артық.Халықтың тұтынушылық кредиті шамамен 5 трлн теңге (немесе 11,7 млрд доллар) болды, бір жылда плюс 19,4%. Жеке тұлғалар қарызының орташа көлемі (кредиттің барлық түрлерін қоса алғанда, оның ішінде ипотекалық қарыз да бар) жұмыспен қамтылған бір адамға 2,28 мың доллар. Жұмыспен қамтылған қазақстандыққа тікелей тұтынушылық қарыздың көлемі 1,32 мың доллар. Қазақстан осы көрсеткіш бойынша басқа елдерден айтарлықтай артта қалып отыр.Trading Economics сарапшыларының дерегінше, әлемнің 45 ірі экономикасының ішінде Қазақстан жұмыспен қамтылған бір азаматқа қарыз беру көлемі бойынша 41-орында тұр. Аталған рейтингте көптеген елдің тек тұтынуш…

0
0
375

Елімізде алдағы жылы үй бағасы тағы аспандайды

Қазіргі уақытта 2 миллионнан астам қазақстандық баспанаға мұқтаж. Оның 1 миллион 700 мыңы Отбасы банкінің салымшылары. Ал 500 мың қазақстандық әкімдікте үй кезегінде тұр. Нарықта 11 миллион шаршы метр тұрғын үй, яғни 172 мың пәтер сатылымда. Осыдан қарап-ақ, сұраныстың жоғары екенін аңғаруға болады. Сұраныс келесі жылы да артып, баға тағы өсейін деп тұр.Баспана бағасының өсуіне импорттық құрылыс материалдарының қымбаттауы, доллардың өсуі, жұмысшылардың айлығын көбейту сияқты факторлар әрі қарай әсер ете бермек. Яғни, онсызда күрт қымбаттаған тұрғын үй бағасы тоқтаусыз өспесе, түспейтін болып тұр. Жыл соңына дейін тағы 5%-ға, ал келесі жылдың наурызында жаңа үйлер 10-15 пайызға қымбаттайды.Қазір құрылыс заттары 90 пайызға қымбаттады. Ал тұрғын үйдің бағасы 30-40 пайызға көтерілді. Шаршы ме…

0
0
394

Маңғыстау облысында 600 ірі және 6 мыңға жуық үй қожалықтарына қаржылай қолдау көрсетілді

Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл мәлім етті.Биыл Маңғыстау облысында қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға қаржылай қолдау көрсету үшін Үкімет резервінен 1,9 млрд теңге бөлінді. Қайтарымсыз қаражат төрт түліктің аналық басы үшін мал азығына жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге берілуде.Қазіргі таңда бөлінген қаражаттың 57%-ы игерілді, яғни 5900 жеке қосалқы үй шаруа қожалықтарына 745 млн теңге және 575 шаруа қожалығына 395 млн теңге қаржылай мемлекеттік қолдау көрсетілді.Қазіргі уақытта шаруаларды жем-шөппен қамтамасыз етіп, мал азығы тапшылығын жою мақсатында бірқатар жұмыс жүргізіліп жатыр.1. Жергілікті бюджеттен 150 млн теңге бөлініп, «Каспий» ӘКК АҚ арқылы аталған қайтарымды қаржыға 15 ші…

0
0
298

Елімізде картоп бағасы көтеріліп кетті

Қазақстанда азық-түліктің бағасы күн санап өсіп келе жатыр. Әсіресе, картоп бағасының мұндай маусымда қымбаттауына халық үйренбеген. Осы себепті, картоп бағасының қайта көтеріліп кетуінің себебін кәсіпкерлер түсіндіріп берді.Көптеген сатушы картоп бағасына байланысты түсінік бергісі де келмейді. Бұған нарықтағы баға тұрақсыздығы басты себеп секілді. Егер өткен жылдың күзінде картоптың бөлшек саудадағы бағасы 100 теңгеден аспаған болса, қазіргі уақытта еліміздің көптеген аймағында көтерме саудада 100 теңгеден төмен бағаны кездестіру мүмкін емес.Картопты өзіміз 140 теңгеден сатып алып, 150 теңгеден сатамыз. Баға өсуде, бірақ тұрақсыздық жоқ. Өткен жылғы баға 75-80 теңгеден болған. Ал биыл тұрақсыздық жоқ болғандықтан баға көтерілетін болады, – дейді кәсіпкер Бейімбет Сақаев.Қостанайда карто…

0
0
376

6,5 млн тоннаға жуық бидай экспортқа шығарылуы мүмкін

Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин әлем бойынша егін ору науқаны қиын жүріп жатқанын айтты.Өздеріңізге мәлім, ауа райының қолайсыз болуы – астық шығымының төмендеуіне ықпал етті. Биыл дәнді дақылдар мен майлы дақылдан 18 млн тонна, соның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдан 16 млн тонна өнім жинау жоспарланып отыр. Бүгінге дейін егін жинау жұмысы 95%-ға орындалды, – деді Асқар Мамин.Үкімет басшысы құрғақшылықтың салдарынан бидай көлемі азайса да, бидайға деген ішкі қажеттілік толық қамтамасыз етілгенін жариялады.6-6,5 млн тоннаға жуық бидайды экспортқа шығаруға мүмкіндігіміз бар. Астықтың сапалық көрсеткіші айтарлықтай жоғары, – деді Асқар Мамин.Оның айтуынша, форвардтық сатып алу бағдарламасы аясында «Азық-түлік корпорациясына» бидай жеткізуді қамтамасыз ету қажет.Облыс ә…

0
0
374