Мазмұнға өту
Qaz

Qaz

497 жазбалар4 тіркелуші

Мен бір бақыт іздеп жүрмін, достарым!

Мен бір бақыт іздеп жүрмін, достарым! Мен бір бақыт іздеп жүрмін, достарым, ¥қсамайтын бақытына басқаның. Жұлдыздардай жарық әрі биік тым, Сол бақытты іздеп жүріп жиі ұқтым: Ортақ болу керек оған Отаным, Бауырларым, сәбилерім, сүйіктім. Ортақ болу керек оған әз далам, От-жалыны болу керек маздаған. Қуанышы болу керек көл-көсір, Азабы да болу керек аздаған. Найзағайдан басқа тіліп өтпейтін Сонау заңғар әлем сынды көк дейтін Биік, таза болу керек ол деген Дұшпандардың атқан оғы жетпейтін. Іздеп едім оны таңда, кеш, түнде, Жазда шаң боп, көктемде су кештім де. Жұрттың бәрін қуантуы керек ол, Еш зияны болмау керек ешкімге. Сол бақытты іздеп жүріп жолда Мен Талай рет құлап, шөлдөп ем. Күн сияқты күтіп едім, сондықтан Нұрдай мөлдір болу керек ол деген. Асулар да болар жолда көлденең, Қарлығаш б…

3
0
983

Мен не үшін пара алдым??? (Бір үзік сыр)

Балалық шақ дегенде ең әуелі есімізге алаңсыз, уайымсыз асыр сап ойнағанымыз, мектептегі мерекелі күндеріміз бен адал достарымыз еске түсері анық. Өздеріңізбен сол балалық шағымдағы ең қызық оқиғаммен бөліссем деймін. Жалпы, мен оқыған "Бейсен Онтаев" атындағы жалпы орта метепте бізбен қатар тағы 3 сынып болатн. Біздің сынып сол мектептің "ең үздігі" еді. 1 сыныптан бастап Серік жігіт атақты «А» сыныбының старостасы болған. Неге екенін қайдам, 8 сыныпқа келгенде бас тартты бұл биліктен. Ешкімнің де басшылыққа бүйрегі бұра қоймады. «Менмін» деген ұл – қыздардың бәріне шақыру тасталды. Бәрі бас тартуда, тіпті менде. Содан не керек, мен сабаққа бармай қалған күні «өзі жоқтың көзі жоқ» деп сыртымнан мені староста етіп сайлап қойыпты. Сабаққа келсем бәрі айтады «сен старостасың ғой» деп. Мен т…

4
0
837

Ұлттық ойындарымыздың пайдасы.

Қазақтың ұлттық ойындары 5 түрге бөлінеді. Олар: 1) аңға байланысты,малға байланысты, 2) түрлі заттармен ойналатын, 3) зеректікті, ептілікті 4) икемділікті қажет ететін, 5) соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Аталмыш ойындардың қосындысы 100 ден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан . Сонымен қатар осы ойындар балалардың эстетикалық әсерін арттырып, өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамыздағы ұлттық ойы…

3
0
2484

Еш тұлға, еш жағдай да ұмытылмақ емес!!!!

Ұлы Отан соғысы – ол күйретуші күш болды! Иә, дәл солай! Мәселен, барды жоқ ететін, тауды жер ететін.  Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал болды. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал немесе радиотелехабарлар, кинолар  ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді.  Қай жағынан жеткізді?! Әрине ата-бабамыздың қасықтай қаны қалғанша, найзаның ұшымен білектің күшімен елім деп соққан жүректерін көрсете білді. Сіздерге жас ұрпақтың атынан МЫҢ АЛҒЫС, БАС ИІП ТАҒЗЫМ ЕТЕМІЗ!!!

3
0
468

Қазақтың «Қобыландысы»

“Қобыланды батыр” — қазақ халқының мазмұны бай да салалы эпостық дастандарының бірі. Жыр көп замандар бойы өмір сүріп, ірі–ірі эпос айтушыларының қолынан өткен. “Қобыланды батырды” Марабай, Мергенбай, Біржан Толымбаев, Айса Байтабынов, Нүрпейіс Байғанин, Мұрын Сеңгірбаев, Көшелек Еламанов, Шапай Қалмағамбетов, Құлзақ Амангелдиев, Сыр бойының белгілі айтушысы Тұяқбайлар жырлаған. Айтушыларының осыншама көп болуы бұл сюжеттің халыққа кең тарағанын көрсетеді. Жырдың ертегілік және тарихи – реалдық арқауы бар. Сюжеттің аңыздың ұйтқысы Оғыз – Қыпшақ ұлысы кезінде туа бастаған. Қазан аты оғыздардың сол дәуірде туған “Қорқыт ата кітабында” да кездеседі. Жырдың бергі жердегі мазмұны монғол, иран, жоңғар шабуылы, одан қалса, қазақтардың кейінгі кезеңдерде қалмақтармен болған күрестеріне негізделге…

2
0
1332

Нақыл сөз оқып көріңіз!

Нақыл сөз (афоризм) – мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін, мақал-мәтелге ұқсас, айтуға оңай көркем сөз тіркесі. Яғни қысқа, әрі ойлы, авторы белгілі, тұжырымды ереже-қағидалар. Бүгін сідердің назарларыңызға күнделікті қажетті бірнеше нақыл сөздер қатарын ұсынамын! Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза. «Егер жақсы өмір сүргің келсе жақсы адам ізде, ал жақсы адам тапқын келсе жақсы сөйлеп, жақсылық жаса» « Жомарт жан әр кез жорттып жүреді, сараң адам үнемі қорқып жүреді» «Жақсы адам қателессе қатесінен сабақ алады, жаман адам қателессе өзгеден өш алады» «Сиыр сүзеді, жылқы тебеді, ит тістейді ал адам осының бәрін істей алады» «Сезімге берілген адам қателікке ұрынады тек сезімді бағалай білген адам ғана беделге ие болады» «Әлемдегі ең сұлу әйел ол жүкті әйел» «Баласы бардың жарасы бар»…

2
0
2948

Алқызыл желкендер

VI АССОЛЬ ЖАЛҒЫЗ ҚАЛДЫ Лонгрен түнді теңізде өткізді, ол не ұйықтамады, не балық ауламады, тек су сылдырын тыңдап, бетін желге тоса, қараңғы әлемге қарап ойланып отырды да қойды. Өмірінің осындай бір қиын сәттерінде жалғыз жүріп теңізді кезсе болғаны, жаны түлеп, тыңайып шыға келеді. Тамылжыған тыныштық, тек тыныштық пен оңаша серуен ғана көкірегінің көңілсіз де көмескі даусын қайта ширатып, айқындай түсер еді. Бұл түнде ол – келешек пен кедейлік жайлы, Ассоль жайлы көп-көп толғанды. Қызын аз уақыт болса да қалдырып кеткісі келмейді, мұның үстіне сөнген дертін қайта қоздырып алам ба деп қорқады. Бәлкім, ол кемеге қайтып барғасын сонау Капернада жан берісер жары күтіп отыр деп қалар. Сөйтіп, үйіне қайтып келе жатқанда жоққа емексіп, онсыз да қаралы көңілі жаралы болмаса неғылсын. Мери үй т…

0
0
836

Алқызыл желкендер

IV ҚАРСАҢДА Со бір күннің дәл алдында, өлең-жыр жинаушы Эгль көк теңіздің жағасында бүлдіршін қызға алқызыл желкенді кеме жайлы ертегі айтқаннан кейін арада аттай жеті жыл өткен шамада, апта сайын ойыншық дүкеншесіне барып қайтатын Ассоль осы жолы үйіне қатты ренжіп, мұңайып қайтты. Ол өз тауарын қайтып әкелді. Оның ренжігені сондай, ә дегенде сөйлей алмай қалды, тек әкесінің тағы бір бәле болып қалды ма деп ойлап, үрпие қалған түрін көргенде ғана, Ассоль қасында тұрған терезе әйнегін сипалап, теңізді көзімен шолып әңгімесін айтуға кірісті. Ойыншық дүкенінің қожасы бұ жолы ең әуелі есеп-қисап кітабын ашып, бұған қанша қарызданып қалғанын көрсетіпті. Қыз үш саннан тұратын қыруар қарызды көріп шошып кетеді. «Міне, мынау сендердің желтоқсаннан бері алғандарың, – дейді саудагер, – ал енді мын…

0
0
1065

Алқызыл желкендер

III ТАҢ АТҚАНДА Грэйдің «Құпия» кемесінің артында бұрқырап, көпіршіп қалып жатқан ақ жолақ ізі мұхитты белуарынан тіліп отырып, Лисстің кешкі оттарының жарығына жеткенде ғайып болды. Кеме маякқа таяу келіп рейдке тұрды. «Құпия» он күн ұдайы чесуча жібегін, кофе мен шай түсірді. Он бірінші күні команда жағаға демалысқа шығып, шаршап буына бөгіп жатты, он екінші күні не екенін өзі де білмейді, Грэй әлденені аңсап, жабығып мазасы кетті. Таң сәріден көзін ашар-ашпастан ол күннің қарайып шығып келе жатқанын сезді. Ол тұнжырап жүріп киінді, селқос отырып таңғы асын ішті, газет оқуды ұмытып та кетті, әлдеқалай бір мағынасыз-мәнсіз ойға беріліп, темекісін ұзақ тартты. Көңіліне келіп-кетіп жатқан көмескі бұлдыр сөздер ішінде бір бұйығы тілек пен ашылмаған сырлар да бар сияқты, бірақ олар өзара арп…

0
0
1162

Семей сынақ полигонының зардабы қашан тоқтар???

Семей полигонының зардабы қашан тоқтар???? Осы сауалға жауап беретін адам баласы бар ма екен????  Полигонның зардабынан қаншама жан иесі адам танымастай ауруға ұшырап, емін таппастай дертке шалдығуда.Олардың болашағы қалай болмақ? XXI ғасырда  қоғамдағы орны қандай??? Оларға  қазіргі уақытта көңіл бөлінудеме?

8
9
5771