Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qaz

Мен не үшін пара алдым??? (Бір үзік сыр)

Балалық шақ дегенде ең әуелі есімізге алаңсыз, уайымсыз асыр сап ойнағанымыз, мектептегі мерекелі күндеріміз бен адал достарымыз еске түсері анық. Өздеріңізбен сол балалық шағымдағы ең қызық оқиғаммен бөліссем деймін.

Жалпы, мен оқыған "Бейсен Онтаев" атындағы жалпы орта метепте бізбен қатар тағы 3 сынып болатн. Біздің сынып сол мектептің "ең үздігі" еді.

1 сыныптан бастап Серік жігіт атақты «А» сыныбының старостасы болған. Неге екенін қайдам, 8 сыныпқа келгенде бас тартты бұл биліктен. Ешкімнің де басшылыққа бүйрегі бұра қоймады. «Менмін» деген ұл – қыздардың бәріне шақыру тасталды. Бәрі бас тартуда, тіпті менде. Содан не керек, мен сабаққа бармай қалған күні «өзі жоқтың көзі жоқ» деп сыртымнан мені староста етіп сайлап қойыпты. Сабаққа келсем бәрі айтады «сен старостасың ғой» деп. Мен түсінбей аң таңмын. Сары досым мәз. «Ауыстырыңыз», деп жұлынып көріп едім, мұнымнан түк шықпады. Жә, содан не керек басшылық өмірім басталды да кетті. Ұлдардың енді «братандарының қарауына өтіп жатқан шағы» болатын. Сабақтан қашу дәл менің билік құрған уақытыма түсіпті. Жігіттердің қашуы себебінен, таяқтың екінші ұшы маған келіп тие бастады. Мұғалімдердің сөзінше: "балық басынан шіритіні" бар. Әр күні соңғы сабақта Нұрғали Арыстанов мырза «сабақтан ешкім қашпады ма?» деп келіп тұратын. Мен айтсам, қашқындар таяқтың көкесін көретін-ді. Ер мұғалімдерден аяқ тартса да, қыздарға бағынғысы келмей, ұлдар сабақтан қашуын қоймады. Бір екі рет таяқтың дәмін татқаннан соң, «айтпай ақ қойшы» деген сөздер бастала бастады. Осыны пайдаланған мен шіркін, бір қулық ойлап таптым. Ұлдарға «егер, қашатын болсаңдар, маған супер контик немесе сникерс әкеліп бересіңдер, әйтпесе, Нұрғали ағайға айтамын» дедім. Кімнің таяқ жегісі келеді дейсің? Ұлдар қауымы айтқаныма келісе кетті. Қазіргі тілмен айтқанда «сыбайлас жемқорлық» болды бізде. Мұғалімдердің хабары жоқ бұдан. Ұлдар қашатын сәтте, маған «параларымен» келе бастады. Сникерс, суперконтик... «Өле жегенше, бөле же» деген, оны қыздармен бөлісемін ғой. Содан не керек, бір күні Мұнар досым келіп тұр:

- мен кете берейін...

- осылай кете бересің бе?

- семечки берсем бола ма?

-жоқ, қажет емес... Осылай дегеннен соң, Мұнар досым қаша алмай қалған болатын сабақтан. Ішімнен ұялып тұрсам да, білдіре қоймадым.



Уақыт өте келе, ақшадан қысылып жүрген ұлдар, бірте бірте сабақтан қашуын доғара бастады. Осылайша алғаш рет пара алдым (пара деймін ау, сөз еститіндігім үшін "сыйақы" дегенім дұрыс болар), дегенмен, кішкене болса да тәртіпке келдік!!!

 

4
0
822

Осы тақырып бойынша