Мазмұнға өту
Jiboka

Жибек Абдикерим

@Jiboka

Сайтта 2011 ж. 20 шілдеКазахстан, Алматы

Говорят за моей наглой ухмылкой скрывается ранимая душа.

рейтинг

100

жазбалар

5

пікірлер

72

тіркелуші

12

жазылымдар

5

Қазақша пиар

1807 жылы әлемде бірінші рет PR біріккен сөзі пайда болды. Оны тарихқа енгізген Томас Джефферсон болды. Джефферсонның ойы бойынша пиардың негізгі мағынасы – адамдарды дұрыс таңдау жасауға сілтеу болатын. Осылайша тәуелсіздік декларациясының авторы және Америка президентінің арқасында жаңа ұғым пайда болды. Бұл ұғымның мағынасын және дұрыс қолданысын 1906 жылы Айви Ли өзінің «PR ерекшеліктерінің декларациясында» ашты. Сол мезеттен бастап Айви Ли "PR әкесі" атағына ие болды. Қазіргі кезде PR бөлек ғылым түрі ретінде жоғарғы оқу орындарында оқытылады. Қазақстанда әйгілі «клуб пиаршы» элитті клубы жұмысын жалғастыруда. PR маманы қазіргі заманның ең престижді және сәтті мамандығы болып танылады. Алайда кейбіреулер пиаршы клубында отырған адамдарды менменшіл тәтелер мен ағалар деп кінәласа, пиа…

0
4
5052

“Аш қазақ” бүгінгі ғаламтордағы қазақ тілді сайттарға тоя ма?

Бұдан бұрын өткен дөңгелек үстелге байланысты көптеген пікірлер туып отыр. Көптеген сұрақтар пайда болып жатыр және олардың әрқайсысы тиянақты жауап қажет етеді. Бұған көмек ретінде маман пікірін білу үшін, Қазақстан Интернет Қауымдастығының директоры,атақты блогер, “Аш Қазақ”, Әсет Нұрпейісовпен кездесу өткізілді. Кездесу барысында ең алдымен қазақ тілі мәселесін көтерген кездегі туатын пікірталастардың көбі негативті түрде өтетіні, ой бөлініп кетудің жүзеге асырылатыны туралы сөз қозғалды.Әсеттің айтуы бойынша бұл заңды құбылыс: -Тіл айналасында қалай болса да шатақ көп жүреді. Өйткені халық сөз емес, жұмыс жемісін көргісі келеді. Бұл болып жатқан пікірталасты күтуге тура келді. -Расында қазақ тілінің тағдыры тек интернет жағынан емес, сонымен қатар қарапайым өмірде де белгісіз болып тұ…

0
3
1059

"Интернеттегі қазақ тілін дамыту" тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Бүгін Алматыда ″Қазақстанның Интернет Қауымдастығы″ және “GSM Kazakhstan” ұйымдастырған ″Интернеттегі қазақ тілін дамыту жолдары″ туралы дөңгелек үстел өтті. Басты пікірталастар казақ тіліндегі контентті дамыту, сайттарды басқару жүйелерін қазақ тіліне аудару және веб-терминдер сөздіктерін құру төңірегінде өрбіді. Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов жетекшілік етіп, спикер ретінде Жаржан Құлмырза, Руслан Минулин, Рауан Кенжеханұлы, Асхат Еркімбай, Рамазан Ерсұлтан, Владимир Төреханов қатысты. Ең бірінші айтылған мәселе интернеттегі қазақ тілді контентті көбейтуге мемлекеттің атсалысуы болды. Мұрат Әбенов үкімет бөлген 500 млн теңге қаржының сәтсіз жұмсалғанын мәселе ретінде айшықтады. Осынша мөлшерде бөлінген ақша бар-жоғы 2 сайтты әзірлеуге жұмсалыпты.…