Алматыда “Орталық Азиядағы интернет-саланың дамуы InternetCA-2012″ үшінші аймақтық ортаазиялық форумы өтеді

Интернет-форум Алматыда 2012 жылдың 18-19 мамырында “Астана” қонақүйінде (Алматы қ., Байтұрсынов к. 113, Сәтбаев к. қиылысы) өтеді. Шара аясында сарапшылар Орталық Азия елдеріндегі Интернет желісінің дамуы мәселесін талқылайды.
Шара аясында мемлекеттік органдардың өкілдері, парламентарийлер, дипломаттар, интернет-қауымдастық белсенділері, ҮЕҰ өкілдері, журналистер, заңгерлер, интернет-сарапшылар, академиялық орта және бизнес өкілдерінің қатысуымен Орталық Азия елдеріндегі Интернеттің дамуы туралы пікірталастар болады.
Іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы, Сорос-Қазақстан Қоры және Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы қор Өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Форумға қатысу үшін (қатысу тегін) онлайн-тіркелуден өту қажет.
Шараға қатысуға ниет білдіретін сарапшы-баяндамашыларға ұсынылған тақырыптар арасынан тақырып таңдау немесе Форум сессияларына сәйкес келетін өз тақырыбын ұсыну мүмкіндігі беріледі.
Баяндама тақырыбын бекіту үшін алдын-ала баяндаманың негізгі тезистерін тұжырымдап, төмендегі талаптарға сай презентация дайындау қажет.
Баяндамашылардың шараға қатысу шығындарын (жол, жатын орын, тамақтану) ұйымдастырушылар өз мойнына алады.
Ұйымдастырушылар серіктестік туралы ұсыныстарды қарастыруға әзір.
Қосымша ақпарат үшін MediaNet ХЖО PR және жоба менеджерлері Василина Воркова ([email protected]) мен Дінмұхамед Зиядинге ([email protected]) хабарласуға болады +7 727 261 66 69, 261 27 90
