Кек алушылар тағы да бәрінің әкесін танытты
Ия, бұл сол баяғы Кек алушылар. Олар тағыда жиналып, әлемге төнген қауіптің бетін қайтарулары керек. Бірақ, бірінші фильм шықаннан бері көп уақыт өтті, көп нарсе өзгерді. Енді, әрбір кек алушының өзінің жеке фильмы, жеке тарихы мен жеке ғаламы бар. Бірінші фильмдегідей: мынау кім, бұл қайдан шықты, неге ол солай істеді, - деген сұрақтар мазаңызды алмайды. Егерде Марвел ғаламының фильмдерін узбей көріп-біліп журсеңіз, сізге бәріде тансық болып көрінбейді. Сондықтанда, екінші фильм көп ойланбай тез басталды. Бізді, бір мезетте оқиғаның қақ ортасына апарып тастай салды. Сөйтіп киноның бастапқы сценасы ормандағы атыс-шабыстан басталды. Кек алушылар сол бірінші фильмде жоғалған Локидың жезтаяғын алу үшін Гидраның құпия бөлімшесіне шабуылдайды. Әрине шабуыл өте әсерлі және жоғарғы деңгейде жаса…