Ой салған фотосурет
Бүгін әдетімше инстаграмды ақтарып отырсам,өзім шамалас құрбылардың бір шаңырақтың келіндері атанып жатқанын көрдім. Жүздері бал-бұл жайнап сүйген жігіттеріне қосылып жатыр. Маған осы сәтте үйдегілерімнің сен оқу оқу керексің, одан кейін барып жігіт те табылып жатар деген сөздері есімде. Ең соңында әйел адам барған жерін бақытты қылу керек қой. Сенің қанша білімің бар, сен қалай бітірдің оның бәрі отбасылық институт алдында соншама маңызы жоқ. Мақтанғанға жақсы-ақ, шіркін.
Жас кезімде мұның байыбына барып жатпаппын. Ал енді карьера жасаймын деп жүрген қыз-келіншектерге айтарым: жұмыс, атақ, ол жай өмірдегі жетістік қана, ал өміріңе серік болар, қайғыңды бөлісер сенің балаларыңның әкесі болар адам ол баға жетпес шын асыл.
P.S. Айтуға оңай, әрине, бірақ тағдыр ондай жанды жолықтырмаса өзіңнен - өзің жұмыс басты болып, алдарқанып тағы бір күнің өтер, ол бірақ адамды мезі етіп жібереді.
