Мазмұнға өту
Мемлекет

Мемлекет

2 360 жазбалар14 тіркелуші

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет

Жылу энергетикасы жүйесіне тікелей қатысты алғаш рет әзірленген заң қабылданды

Бүгін Мәжіліс «Жылу энергетикасы туралы» заңды ілеспе түзетуілерімен екінші оқылымда қабылдады. Бұл сала бойынша жеке заң Қазақстанда алғаш рет әзірленіп отыр.Заң жобасында жылу энергетикасы саласын заңнамалық тұрғыдан және мемлекеттік реттеу қағидаттары белгіленеді. Олардың бірі – жоспарлы және бағдарламалық құжаттар негізінде жылу энергетикасының озық әрі орнықты дамуын қамтамасыз ету. Сондай-ақ заң жобасында Үкіметтің, уәкілетті органның, мемлекеттік және жергілікті атқарушы және өкілді органдардың жылу энергетикасы саласындағы құзыреті, жылумен жабдықтау субъектілері мен жылу энергиясын тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері бекітіледі.Екінші оқылымға дайындау барысында депутаттар жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік энергетикалық бақылауды күшейтуге бағытталған түзетулер енгізд…

0
0
331

Халықтың статистикалық мәліметтері ұялы байланыс операторлары мен коммуналдық қызметтерде жинақталады

Қазақстандықтардың статистикалық мәліметтері ұялы байланыс операторлары мен коммуналдық қызметтерде жинақталатын болды.Фото: gov.kzБүгін Мәжіліс мемлекеттік статистика және деректерді басқару туралы заңды екінші оқылымда қабылдады. Заңды депутаттар Мемлекет басшысының Ұлттық статистика бюросын реформалау және цифрландыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатымен әзірледі.Заң аясында деректерді басқару саясаты саласындағы мемлекеттік органдар арасында құзыреттер мен өкілеттіктер бөлінеді. Ұлттық статистика бюросы басқа мемлекеттік органдар қалыптастыратын әкімшілік деректердің сапасын анықтауға жауапты болады. Осы мақсатта деректерді бақылаушылар топтары құрылады. Сапасыз деректерді анықтау үшін олардың қызметі орталықтандырылады.Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрл…

0
0
377

Тоқаев: "Орта державалар - саясаттағы өзгеріске бейім басты ойыншылар"

Euronews Қазақстан Президентінің мақаласын жариялады.Фото: sputnik.kzСингапурға мемлекеттік сапары аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық қауіпсіздікті, тұрақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз ету ісіндегі орта державалардың атқаратын рөлі туралы дәріс оқып, осы мәселеге егжей-тегжейлі тоқталған еді."БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері иелік ететін вето құқығы көбіне жаһандық дағдарыстарға қарсы оңтайлы ұжымдық шешімдерге кедергі келтіреді. Соның салдарынан мәселе шешілмей, біржақты сценарийлерге әкеп соғатын кездер аз емес. Өз кезегінде бұл мәселені жан-жақты қарастырып, тиімді ортақ шешім шығаруда қиындық тудырып, халықаралық институттарға деген сенімге нұқсан келтіреді.Осы орайда, Қазақстан сияқты орта державалардың өз аймағында және одан тыс жерлерде де тұрақтылық, бей…

0
0
491

Депутаттармен тығыз жұмыс істеу керек

Олжас Бектенов Министрлер кабинетіне депутаттық корпуспен тығыз жұмыс істеуді тапсырды ➤ Мемлекет басшысының қайта өңдеу үлесін 70%-ға жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірледі.🔹 Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың мәлімдеуінше, қайта өңдеу кәсіпорындарын қолжетімді шикізатпен қамтамасыз ету, негізгі және айналым қаражатын толықтыруға жеңілдікті несиелер беру, жаңа нарықтарды ашу арқылы қайта өңдеу өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру көзделген.​✔ Кешенді жоспар аясында жалпы сомасы 176,2 млрд теңгені құрайтын 58 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Жалпы бұл азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсібінің дамуына жақсы серпін…

0
0
377

Бектенов тасқыннан келген шығынды бағалау ісін апта соңына дейін аяқтауды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі су тасқынының салдарын жою мәселесі күн тәртібінен тыс қаралды.Үкімет басшысына вице-премьер Қанат Бозымбаев залалды өтеу алгоритміне сәйкес өңірлерде атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндады.Биылғы 28 мамырдағы мәліметке сүйенсек, республика бойынша 30 мыңнан астам отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Аталған бағыттағы жұмыс бақылауға алынып, қажетті шаралар қабылданып жатыр.15 мыңнан астам үй мен саяжай құрылыстары тексерілді, 11 134-і бойынша бағалау жүргізілді.Бұл ретте жекелеген өңірлерде сараптаманың төмен көрсеткіші байқалды. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында су басқан 4 мың үйдің 2 176-і (54%) тексеріліп, 770 үйге бағалау жүргізілді. Ақтөбе облысында 3 679 үй тексеріліп (73%), 1673 үй б…

0
0
265

Президент «ҚазМұнайГаз» басшысының міндетін атқарушыны қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Асхат Хасеновті қабылдады.Асхат Хасенов компанияның биылғы бірінші тоқсанда атқарған операциялық және қаржылық қызметінің нәтижелері туралы есеп берді:«ҚазМұнайГаздың» көптеген негізгі көрсеткіштер бойынша былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда өсімге қол жеткізгені жөнінде баяндады;ірі инвестициялық жобалардың, соның ішінде Жаңаөзенде гибридті электр станциясын және Атырау облысында қуаты 1,25 миллион тонна болатын полиэтилен өндіру зауытын салу, мұнай-химия кластерін дамыту, Каспий теңізіндегі Қаламқас-теңіз, Хазар және Әуезов кен орындарын игеру барысы жайында айтты;компанияның 2023 жылы іске қосылған газ кен орындары, сондай-ақ қорларды толтыру және мұнай өндіру деңгейін сақтау мақсатында жүр…

0
0
391

Үкімет: әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы түсіп жатыр

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы төмендеуде. Фото: gov.kz Жыл басынан бері 21 мамырға дейін республикада әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының өсуі 0,2%-ға дейін баяулады. Өткен аптада көрсеткіш – 0,1% құрады.Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қазіргі бағасы қатысты жағдай 25 мамыр, сенбі күні Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кезекті кеңесте қаралды.Бір апта ішінде қырыққабат бірден 10,4%-ға арзандады, оған Түркістан облысында жаңа өнім алу әсер еткен. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова атап өткендей, қырыққабатты сатып алуға сауда желілері қосылды, ішкі нарық жаппай толығып жатыр.Күнбағыс майы (-0,6%), қарақұмық жармасы (-0,4%), С1 санатындағы тауық жұмыртқасы (-1,4%) баға…

0
0
311

Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурда дәріс оқыды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурға мемлекеттік сапары барысында «Қазақстан және орта державалардың рөлі: қауіпсіздікті, тұрақтылық пен орнықты дамуды ілгерілету» атты тақырыпта дәріс оқыды. Бұл - 46-шы Сингапур лекциясы. Қазақстан Президенті жаһандық қауіпсіздікті, тұрақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз ету ісіндегі орта державалардың атқаратын рөлі туралы ой-пікірімен бөлісті.1980-жылдардан бері Юсоф Исхак институты (ISEAS) ұйымдастырып келе жатқан Сингапур лекциялары – академиялық топтар, саясаткерлер, дипломаттар мен жас ғалымдар үшін мемлекеттер басшылары мен әлемдік деңгейдегі көрнекті саясаткерлердің ұстанымдарын тікелей тыңдауға мүмкіндік беретін алаң.Қасым-Жомарт Тоқаев шараға қатысушыларға ілтипат білдіре отырып, өзінің өмір жолында Сингапурдың айрықша мәні бар екенін ата…

0
0
438

Сингапурдың аға министрі Қазақстан Президентінің кітабын оқып шыққан

Мемлекет басшысы Сингапурдың аға министрі – Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіруші министр Тео Чи Хинді қабылдады.Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тео Чи Хин екі ел арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады.Мемлекет басшысы Астананың сенімді диалогқа, берік сауда және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайтуға негізделген екіжақты серіктестіктің жаңа кезеңіне жол ашуға дайын екеніне тоқталды.Президент бүгінгі 46-шы Сингапур лекциясында аймақтық қауіпсіздік, тұрақтылық және орнықты даму тақырыбы бойынша сөз сөйлеу зор мәртебе екенін жеткізді.Сингапурдың аға министрі Тео Чи Хин Оңтүстік-Шығыс Азияны зерттеу институтына келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Ол әлеуметтік-саяси үрдістерді, өңірдегі қауіпсіздік мәселелерін жән…

0
0
469

Елімізде 350-ден аса отбасы су тасқынынан қираған баспанасының орнына жер үй мен пәтер алды

Үкімет ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.Фото: aqtobegazeti.kzБүгінгі таңда 29 625 отбасы 10,7 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды, барлығы 30 912 өтінім қабылданды. Аталған жұмыстар Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Абай және Ұлытау облыстарында толығымен аяқталды. Жұмыс Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жалғасуда.Зардап шеккен өңірлерде 8 863 нысан бойынша залалды бағалау жұмыстары аяқталды.356 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды. 1472 үй салынып жатыр. 1 389 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге 5,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. 3 804 отбасы материалдық шығын үшін жалпы сомасы 657 млн теңгеге өтем…

0
0
464