Мазмұнға өту
Мемлекет

Мемлекет

2 360 жазбалар14 тіркелуші

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет

Qazaq Air-ді вьетнамдық компания сатып алып жатыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жабылу рәсіміне қатысып, сөз сөйледі. Qazaq Air-ді шетелдік компанияның жекешелендіріп алатыны осы жиында белгілі болды. Фото: kzavia.comМемлекет басшысының айтуынша, географиялық алшақтық пен байланыстың нашарлығы ұзақ жылдар бойы екі мемлекеттің экономикалық ықпалдастығын тежеп келді.Бүгінде жаһандану мен дамыған инфрақұрылымның арқасында елдер арасындағы өзара байланыс бұрынғыдан әлдеқайда жақсарды. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев отандық «Қазақстан темір жолы» компаниясы мен сингапурлық PSA International компаниясы арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытының немесе «Орта дәліздің» әлеуетін пайдалануға бағытталған синергиялық серіктестікті мысалға келтірді."Аталған бағыт Еуразия кеңістігіндегі ынтымақтастықты мүлдем…

0
0
568

Тоқаевтың Сингапурға сапары барысында қандай құжаттарға қол қойылды?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапур Республикасына мемлекеттік сапары аясында бірнеше құжатқа қол қойылды. Сөйтіп, Сингапурда мынадай мемлекетаралық және ведомствоаралық құжаттар бекітілді:1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Сингапур Республикасының Ішкі істер министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Сингапур Республикасының Әділет министрлігі арасындағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Сингапур Республикасының Әділет…

0
0
474

Сингапур - сенімді серіктесіміз

Мемлекет басшысы Сингапур Республикасының Президенті Тарман Шанмугаратнаммен келіссөз жүргізді.Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ делегациясына сый-құрмет көрсеткені үшін алғыс айтып, бұл 20 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан Президентінің Сингапурға жасаған бірінші сапары екенін атап өтті. Сондай-ақ 1970-жылдары Кеңес одағының дипломаты ретінде қызмет еткендіктен, бұл елді өте жақсы білетінін және араға уақыт салып мұнда Қазақстан Президенті ретінде қайта келгеніне қуанышты екенін жеткізді.Мемлекет басшысы Сингапурды уақыт сынынан өткен сенімді серіктес санайды. Бүгінде Қазақстанда 140-тан астам сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл ретте Сингапурдың Қазақстан экономикасына салған инвестициясы 1,7 миллиард доллардан асты. Пандемия салдарынан туындаған экономикалық қиынд…

0
0
349

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапурға мемлекеттік сапары басталды

Мемлекет басшысы Сингапур Президентінің Istana сарайына келді.

undefined

Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент Тарман Шанмугаратнам қарсы алды. Қазақстан мен Сингапурдың әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді.

undefined

Содан соң Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Екі ел басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тарман Шанмугаратнам келіссөз өтетін залға барды.

t.me/aqorda_resmi110:00

0
0
409

Президент ертең Сингапурға барады

Мемлекет басшысы 23-24 мамыр күндері мемлекеттік сапармен Сингапур Республикасында болады.

undefined

Фото: journal.tinkoff.ru

Қасым-Жомарт Тоқаевты сол елдің Президенті Тарман Шанмугаратнам шақырған.

Сапар аясында Қазақстан Президенті Сингапурдың жоғары басшылығымен, халықаралық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді және Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жұмысына қатысады деп жоспарланып отыр.

t.me/aqorda_resmi

0
0
451

Президент Маңғыстау облысының жаңа әкіміне маңызды міндеттер жүктеді

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайды қабылдады.Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтың жаңа басшысына маңызды міндеттер жүктеді:      – өңір экономикасын әртараптандыру, соның ішінде жаңа өндіріс орындарын ашу және дамудың тың бағыттарын қолға алу керек екеніне назар аударды;      – туризм, құрылыс, көлік-логистика салаларын өркендетуге айрықша мән берілуге тиіс;Мемлекет басшысы коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту үшін кешенді шаралар қабылдау маңызды екенін атап өтті.Облыс әкіміне Ақтау қаласы мен оның төңірегіндегі елді мекендерді жылумен, ауызсумен қамтамасыз етіп отырған МАЭК және «Каспий жылу, су арнасы» кәсіпорындарының балансындағы инфрақұрылымды жөндеу, жаңғырту жұмыстарын жеделдету тапсыр…

0
0
423

Елімізде инфляция екі еседен астам төмендеді - ҰБ

Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады.Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақордада өткен кеңесте Ұлттық банктің былтыр атқарған қызметі туралы есеп берілді.Іс-шараға Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова, Қаржы министрі Мәди Такиев қатысты.Президентке 2023 жылғы ақша-кредит саясатының орындалу нәтижелері, қаржы тұрақтылығын және алтын-валюта резервінің жай-күйін қамтамасыз ету үшін Ұлттық банктің қабылдап жатқан шаралары, сондай-ақ Ұлттық қордағы активтер туралы баяндалды.Мемлекет басшысына өткен жылдың қорытындысы бойынша инфляция екі еседен астам, яғни 9,8 пайызға дейін төмендегені туралы мәлімет берілд…

0
0
352

ШЫҰ елдері СІМ басшылары кеңесінің отырысында 20-дан аса шешімге қол қойылды

Бүгін Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында 22 шешімге қол қойылды.

"Олар (шешімдер - ред.) сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда жан-жақты ынтымақтастық орнатуға қатысты болды", - деді ШЫҰ бас хатшысы Чжан Мин.

Сондай-ақ жиында Беларусьті Ұйымға қабылдау жайы пысықталды. Бұл ел ШЫҰ-ға жақын арада кіруі тиіс.

Қазір ШЫҰ құрамында 9 мемлекет бар. Олар - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Иран, Пәкстан, Ресей.

0
0
332

Су тасқыны болған аймақтарда 900-ге жуық жаңа үй салынады

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жөнінде есеп берді.Олжас Бектеновтің баяндамасында мына жайттар айтылды:- су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету жұмыстары Үкіметтің тікелей қадағалауымен жүргізіліп жатыр;- қазіргі кезде 61352 адам өз үйлеріне оралған. Эвакуациялық пункттердегі тұрғындарға (5452 адам) барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр;- 20 мамырдағы жағдай бойынша 26 мыңнан астам отбасына100 АЕК мөлшерінде бірреттік төлем беру үшін 10 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінген (жалпы, 32655 өтініш келіп түскен). Бұл жұмыстар Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Абай, Ұлытау облыстарында толықтай аяқталған;- Солтүстік Қазақстан…

0
0
393

Тоқаев: "ШЫҰ табиғат апаттарымен күресу ісіндегі тәсілдерін жаңартуы қажет"

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерімен кездесу өткізді.Жиынды ашқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) қазіргі төрағасы Қазақстанның, сондай-ақ өз атынан барша Иран халқы мен оның басшылығына осы елдің Президенті мен Сыртқы істер министрінің қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көңіл айтты.Қасым-Жомарт Тоқаев шет мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешу жөніндегі ШЫҰ-ның маңызды форматтарының бірі екеніне тоқталды."Еліндегі ауыр жағдайға қарамастан Иранның, сондай-ақ алдағы уақытта қатарымызға қосылатын Беларусьтің өкілдері Астанадағы Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне алғаш рет қатысып отырғанын ерекше атап өткім келеді. Сіздердің елдеріңіз «шанха…

0
0
333