Мазмұнға өту
Мемлекет

Мемлекет

2 360 жазбалар14 тіркелуші

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет

В Правительстве отчитались по реализации госпрограммы "Нұрлы жол"

В целом по госпрограмме освоено 409,2 млрд тенге или 53% от годового плана. В Астане на заседании Правительства РК было доложено о ходе реализации государственной программы инфраструктурного развития "Нұрлы жол" на 2015-2019 годы, передает Kazpravda.kz. Как отметил министр национальной экономики Куандык Бишимбаев, госпрограмма "Нұрлы жол" стала одним из основных локомотивов роста экономики и обеспечения занятости населением. Так, эффект реализации госпрограммы в 2015 году составил 1,3 процентных пункта в приросте ВВП, а в текущем году оценивается на уровне 1,2 процентных пункта. "В 2016 году на реализацию госпрограммы из Национального фонда предусмотрено 769,6 миллиарда тенге, из которых 503,4 миллиарда в виде целевых трансфертов в республиканский бюджет и 266,2 миллиарда через облигацион…

0
0
307

ЖКО-ның 70%-дан астамы жүргізушілердің кінәсі бойынша орын алады – ҚР ІІМ

ҚР ІІМ талдауы бойынша жолдардағы апаттардың басты себебі – көлік жүргізушілердің төмен көліктік тәртібі. ЖКО-ның 70%-дан астамы олардың кінәсі бойынша орын алады, деді ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов. Министр осы себеп бойынша ҚР ІІМ Жол жүру ережелерін қатаң бұзған үшін: алкогольдік мас күйінде көлік жүргізу, қарсы жолаққа, бағдаршамның тыйым салатын белгісіне шығу, қозғалыс жылдамдығын асыру және басқалары үшін жауапкершілікті күшейтті деп хабарлады. «Мысалы, осы жылы 28 мың жүргізуші көлік жүргізу құқығынан сот тәртібімен айырылды, 21 мың жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізгені үшін ұсталды, соның ішінде 3 мыңына әкімшілік тыйым салынған. Өткен жылдан бері ЖЖЕ-нің дәл осы қатаң бұзушылықтарының саны тұрақты түрде қысқарып келеді, бұл 2014 жылы қабылданған жүргізушілердің ж…

0
0
801

«Нұрлы жол» аясында транзиттік әлеуетті жетілдіру үшін 95,2 млрд теңге бөлінді – ҰЭМ

«Нұрлы жол» аясында транзиттік әлеуетті жетілдіру үшін 95,2 млрд теңге бөлінді, деді Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысында. «Транзиттік әлеуетті көтеру үшін 2020 жылдан бастап жылына 25 млн тоннадан 88 млн тоннаға жеткізіп, өткізу қуаттылығын 3-тен 7,6 млн адамға арттыру үшін бағдарлама аясында 95,2 млрд теңге қарастырылған, 2015 жылы 48,8 млрд теңге, 2016 жылы 46,4 млрд теңгені Боржақты-Ерсай, Алматы-Шу бағытындағы автожол құрылысына бағыттау қарастырылған», - деді ол. Министр айтып өткендей, биыл бөлінген қаражат толық көлемде квазисектор компанияларының құзыретіне тиесілі, олар 34 млрд теңгені игерген болатын. Қалған қаржы жыл соңына дейін игеріледі. «Макроөңірлерде өндірісті дамыту үшін мемлекеттік бағдарлама арнайы экономикалық аймақтардың құрылысын жүргізуді…

0
0
479

Маскатта Қазақстан мен Оман арасында саяси консультациялар өтті

Маскат қаласында Қазақстан Республикасының және Оман сұлтандығының Сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өтті. Қазақстандық делегацияны – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Қамалдинов, ал омандық тарапты Оман Сыртқы істер министрінің орынбасары Мухаммад Аль-Хассан басқарды, деп хабарлады ҚР СІМ. Тараптар консультациялар барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты және көп жақты ынтымақтастық мәселелерінің ауқымды топтамасын, сондай-ақ Оман СІМ басшысы Юсуф бен Алауидің Қазақстанға ресми сапарына дайындық барысын талқылады. Өзекті өңірлік және халықаралық проблемалар бойынша, соның ішінде Қазақстан мен Оманның халықаралық терроризмге қарсы күрестегі өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасу өтті. Осыған орай, тара…

0
0
499

Қазақстанда 2020 жылдың соңына дейін 6,7 мың км автожол салынады

Қазақстанда 2020 жылдың соңына дейін 6,7 мың км автожол салынады, деді Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев. «Астананы өңірлермен байланыстыратын тиімді өңіраралық жол желісін құру үшін 2015 жылдан 2020 жылға дейін мемлекеттік бағдарлама аясында 6,7 мың жол қайта жөнделіп, төселеді», - деді Қ.Бишімбаев. 2015-2016 жылдары автожолдарды қайта жөндеу үшін 329,3 млрд теңге бөлінді. «2015 жылғы қаражат толық игерілді. Ол 456 шақырым жолды жөндеуге мүмкіндік берді. Биыл 151 млрд теңге бөлінді, оның 96 млрд теңгесі толық геріліп, жол-құрылыс жұмыстарымен 1 мың км автожол қамтылды. Жыл соына дейін 920 км автожолда құрылыс аяқталмақ», - деді министр. Биыл «Ақтау-Бейнеу» учаскесінің барлық бөлігінде қозғалыс ашылады деп жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарына 2400 адам тартылғ…

0
0
490

Қазақстанның орталығынан 4,7 мың шақырымға сәулелік автожолдар созылады

«Орталық-Оңтүстік», «Орталық-Шығыс» және «Орталық-Батыс» жобалары бойынша жалпы алғанда 4,7 мың шақырым жолды қайта құру мен салу жоспарлануда, олардың көп бөлігі 2016 жылдың соңына дейін тапсырылады, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ҚР Үкіметі отырысының барысында. «Ұзындығы 1 288 шм және құны 863 млрд. теңге тұратын «Орталық-Оңтүстік» жобасы бойынша (Астана-Алматы) жұмыстар 2013 жылдан бастап Астана-Теміртау (171 шм) және Алматы-Қапшағай (104 шм) учаскелерінде басталған. Бүгінгі таңда 12 шм Астана-Теміртау учаскесі және 72 шм Алматы-Қапшағай учаскесі пайдалануға берілген», - деп баяндады министр. Оның айтуы бойынша, осы жоба бойынша 2016 жылғы бюджет – 63 млрд теңге. Бөлінген қаражат есебінен жұмыстар жоғарыда көрсетілген учаскелерде жүргізіліп жатыр, ола…

0
0
413

ҰҚК: Қазақстанда лаңкестiкке дайындалған 7 радикалды топтың жол кесілді

Қазақстанда лаңкестiк акт дайындаған 7 радикалды топ пен 4 адамның жолы кесiлдi. Бұл туралы бүгiн ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев Парламент Мәжiлiсiнiң жалпы отырысында мәлiмдедi. «Ақтөбе мен Алматыда орын алған соңғы жағдайлар осы саладағы заңдық негiздерге өзгерiстер мен толықтырулар қажеттiлiгiн туындатқан индикаторларға айналды. Сол себептен Мемлекет басшысы 10 маусым күнi Қауiпсiздiк кеңесiнiң отырысында экстремизм мен терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы заңнаманы жетiлдiруге қатысты шаралар қабылдау туралы тапсырма берген болатын», - дейдi М.Қалқабаев. Оның айтуынша, бүгiнгi таңда қақтығыс аумағынан тыс жерлерде терроризм кең етек ала бастады. Интернетте терроризм идеяларын насихаттаумен қатар, түрлi елдерде азаматтарды лаңкестiк актi жасауға…

0
0
525

Брюссельде «ЕО – Орталық Азия» министрлік конференциясы өтті

Брюссельде «Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» Ынтымақтастық кеңесінің 15-отырысы өтті, деп хабарлады СІМ. Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, ал Еуропалық Одақтың делегациясын Словакия Сыртқы істер министрі (қазіргі кезде ЕО-ға төрағалық етуші ел) Мирослав Лайчак басқарды. Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақтың өзара іс-қимыл жасауға жаңа мүмкіндіктер беретін жаңа Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді (КӘЫК) уақытша қолдана басталғаннан кейін алғаш рет осы іс-шараның өткені ағымдағы Ынтымақтастық кеңесінің ерекшелігі болып табылды. Ынтымақтастық кеңесінің қатысушылары сауда мен өзара инвестицияның, энергетика мен көлікті дамытудың, қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелерін талқылады. Кездесу барысында тараптар саяси ынтымақта…

0
0
404

Германияда Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бастамалары бағаланды

Брюссель қаласында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың қатысуымен «ЕО – Орталық Азия энергетикалық диалогы» тақырыбына Берлин Еуразиялық Клубының (БЕК) 18-ші отырысы өтті. Іс-шараға неміс тарапынан Германия экономикасы жөніндегі Шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаэль Хармс, Еуропалық одақтың Сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің өкілі Михаэль Флюггер, ГФР бұрынғы экономика министрі Михаэль Глос, ГФР ІІМ бұрынғы статс-хатшысы Аугуст Ханнинг, Еуропалық комиссияның Энергетика жөніндегі бағдарламалық директоры Ханс Райн, жетекші неміс саясаткерлері Александр Рар және Матиас Дорнфельдт, сондай-ақ дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздерін өндірумен және тасымалдаумен айналысатын жетекші еуропалық компаниялардың елуден астам өкілдері қатысты. Е. Ыдырысов ө…

0
0
609

Астанада Қазақстан мен Ресей Президенттерінің кездесуі өтуде

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинмен кездесті. Бүгін Мемлекет Басшылары ҚР мен РФ-ның ХІІІ өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. Бүгін таңертең Владимир Путин жұмыс сапарымен Астанаға келді. Ресейлік делегацияның құрамында министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, сондай-ақ өңірлік әріптестер, соның ішінде Ресей субъектілерінің губернаторлары жұмыс істейді. «Сіздерді парламенттік сайлаудың, өңірлік сайлаудың сәтті өтуімен құттықтаймын. Бұл Сіз үшін және Ресей үшін үлкен жеңіс. Ол президенттің жоғары беделін көрсетеді. Осы жылы біз сегізінші рет кездесіп отырмыз және осы кездесу өте маңызды. Біз Сочиде келіскендей, біздің үкімет те жақсы жұмыс істеді», — деп қарсы алды РФ басшысын Нұрсұлтан Назарбаев. Кездесу барысында мем…

0
0
720