Астанада Қазақстан мен Ресей Президенттерінің кездесуі өтуде
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинмен кездесті. Бүгін Мемлекет Басшылары ҚР мен РФ-ның ХІІІ өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. Бүгін таңертең Владимир Путин жұмыс сапарымен Астанаға келді. Ресейлік делегацияның құрамында министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, сондай-ақ өңірлік әріптестер, соның ішінде Ресей субъектілерінің губернаторлары жұмыс істейді. «Сіздерді парламенттік сайлаудың, өңірлік сайлаудың сәтті өтуімен құттықтаймын. Бұл Сіз үшін және Ресей үшін үлкен жеңіс. Ол президенттің жоғары беделін көрсетеді. Осы жылы біз сегізінші рет кездесіп отырмыз және осы кездесу өте маңызды. Біз Сочиде келіскендей, біздің үкімет те жақсы жұмыс істеді», — деп қарсы алды РФ басшысын Нұрсұлтан Назарбаев. Кездесу барысында мем…
