Мазмұнға өту
Книги
Книги

Книги

936 жазбалар569 тіркелуші

Рецензии, обзоры, мнения

«Жанданған күнтізбе»: Сергей Михалков Оживший календарь: Сергей Михалков

2023 жылдың 13 наурызында атақты орыс жазушысы Сергей Михалковтың туғанына 110 жыл толады (13.03.1913-08.27.2009). Сергей Михалковтың шығармашылығы бүкіл әлемге танымал. Ол көптеген отандық және шетелдік ордендер мен наградалармен марапатталған, бірақ басты сый – оның таланты мен адамдарға деген сүйіспеншілігінің арқасында лайық деп танылған жалпыхалықтық баға.

__

13 марта 2023 года исполняется 110лет со дня рождения известногорусского писателя Сергея Михалкова (13.03.1913-27.08.2009).

Творчество СергеяМихалкова известно во всём мире. Он удостоен многих орденов и наград, отечественных и иностранных, но главная награда – этовсенародное признание, которое он заслужил благодаря своему таланту и любви к людям.

0
1
549

Санжар Керімбай «Өркениетті адам”

Кітап 2018 жылы жарық көрді. Кітапта автордың түрлі ситуациядағы оқиғалары мен сұхбаттары берілген. Кітапты оқып отырып Қазақстандағы надандық факторы, оның себебі мен салдарына үңіле аласыз. Кітаптағы оқиғалар экзистенция анализі бойынша талданған.

Кітап логотерапия ғылымына қызығатын оқырмандарға арналған.

0
0
1194

«Мұхамеджан Сералин. Книга памяти»

Но трёхтомнику «Мұхамеджан Сералин. Книга памяти» мы не просто обрадовались! Это подарок наших коллег - Карабалыкской ЦБС. Чтобы он вышел в издательстве «New Line Media» (Карабалык-Костанай), краеведы проделали колоссальную исследовательскую работу.В первый том юбилейного собрания вошли редкие воспоминания о Мухамеджане Сералине - нашем знаменитом земляке, писателе, журналисте, одном из видных деятелей общественной жизни казахского народа начала ХХ века, стоявшем у истоков современной республиканской газеты «Егемен Қазақстан» и областной «Қостанай таңы».В книге исследуются малоизвестные факты жизни и деятельности Сералина как общественного деятеля. Есть здесь и ответ на вопрос: каково было патриоту, редактору, журналисту делать свою работу в условиях непростого времени?Во второй том юбиле…

0
0
322

Кітапханадағы Шәкәрім оқулары

Ыбырай Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай 27 ақпан күні «Шәкәрім оқулары» республикалық Шәкәрім мұрасын жатқа айтушылардың байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті. Байқауға облыстың түкпір-түкпірінен қатысушылар жиналды. Барлығы 25 қатысушы.

Қазылар алқасының шешімімен Жангелді ауданының Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы Қосылбек Айша жеңімпаз атанды, (мұғалімі – Сейдахметова Айнұр Жұмабекқызы). 6 наурызда Қосылбек Айша «Шәкәрім оқулары» мәнерлеп оқу байқауының республикалық іріктеу кезеңіне қатысады.

0
0
519

Абайдың қара сөздері

Наурыздың бірінші сәрсенбісіДүниежүзілік дауыстап оқу күні аталып өтеді. Акцияның мақсаты - оқуды қоршаған әлеммен өзара әрекеттесу тәсілі ретінде және өз эмоцияларын басқа адамға дауыстап оқу арқылы жеткізумүмкіндігі ретінде көрсету. Жыл сайын осы күні кітапханаларда балалар мен ересектер кітаптарды дауыстап оқып, оқығандарын талқылайды.Биыл біз жалпы оқу акциясына ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбаевтың «Қара сөздерін» оқыдық. Бұл шығарманы тегін алып отырған жоқпыз, осы жылы Қара сөздердің жазылғанына 125 жыл толып отыр.Акцияға М. Хакімжанова атындағы №20 ЖББМ 8 сынып оқушылары келді. Балаларға акция туралы, оның өткізілу мақсаты жайлы айтылып, ұлы ақынның өмірбаянын сұрақтар арқылы еске түсірдік. Іс-шараға қатысушылар Қара сөздерді қазақ, орыс, ағылшын, француз тілдерінде оқыды. Кездесуден…

0
0
288

Шәкәрім оқулары

27 ақпан күні Ыбырай Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай «Шәкәрім оқулары» республикалық Шәкәрім мұрасын жатқа айтушылардың байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті.Байқауға облыстың түкпір-түкпірінен қатысушылар жиналды.Әділқазылар алқасының шешімімен І орынды Жангелді ауданы Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Қосылбек Айша, ІІ орынды Қостанай қаласының Ы. Алтынсарин атындағы мамандырылған мектеп-гимназия-интернатының 6 сынып оқушысы Хасен Айсауле, ІІІ орынды Қостанай қаласының № 115 жалпы білім беретін мектебінің 5 сынып оқушысы Арманбек Мұхаммедали иеленді.Байқау жеңімпаздары дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.6 наурызда байқаудың республикалық ірік…

0
0
578

«Дала жұлдызы Ы. Алтынсарин» мектептер арасында батл

24 ақпанда Ересек мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Алтынсарин кездесулері» жобасы аясында «Дала жұлдызы Ы. Алтынсарин» атты мектептер арасында батл өткізілді. Іс-шараға қаламыздың Ғ.Қайырбеков атындағы №9 мектебі мен №115 жалпы білім беретін орта мектебінің 7 сынып оқушылары қатысты. Екі мектеп оқушылары ұлы ұстаз Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына байланысты білімдерін ортаға салып, өзара сайысқа түсті. Батл6 кезеңнен тұрды. Ойын барысында қатысушылар ағартушының әңгімелеріментанысып, Ы. Алтынсариннің авторлық жұмбақтарын шешіп, эмодзи әдісімен шығарма атауын шешті.

Сайыс қорытындысы бойынша №115 жалпы білім беретін мектебі жеңіске жетті. Зияткерлік ойын оқушылардың да, ұстаздардың да көңілінен шықты.

0
0
295

Бала бағының бағбаны

"Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты" КММ 5 сынып оқушыларына мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушылар бөлімі Марат Қабанбайдың 75 жылдығына арналған «Бала бағының бағбаны» атты әдеби вернисажын өткізді. Іс-шарада балалар жазушысы Марат Қабанбаевтың «Жиһанкез Тити» әңгімесінең үзінділер алынып экспромт үлгісінде шағын импровизация көрсетілді. Оның «Бақбақ басы толған күн» хикаятының негізінде «Он екі жасқа толғанда» атты фильмінен үзінді көрсетілді.

0
0
446

Санжар Керімбай “Өмірге ғашық болу”

Кітап 2018 жылы жарық көрді. Kітапта Санжар Керімбайдың логотерапия идеясында жазылған мақалалары жинақталған. Автор логотерапия ғылымындағы ауыр түсінік пен терминді қазақы формада тілге жеңіл етіп, қарапайым әңгіме жанрында түсіндірген. Франкл, Юнг сияқты психологтардың идеясын, негізгі ойын қарапайым түсінікте баяндайды. Бұл кітап, әсіресе, жасөспірімдердің қатты қызығушылығын тудыратын шығармалардың бірі. “Өмірдің мәні не?” деген сұраққа автор өте қарапайым жауап береді.

0
0
1128

Асхат Өмірбаев «Ең үздік ертегіші»

Жазушының қиял-ғажайып ертегілері адамды елітіп әкетіп, тартымды әрі қызықты оқылуымен ерекшеленеді. Ертегілер мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына, жалпы оқушылар мен жасөспірімдерге арналған. Үш бөлімнен тұратын заманауи үлгіде жазылған ертегілер балаларға тамаша базарлық боларына сенім мол.

Бұл кітапқа енген ертегілер отанды сүюге, туған жерді аялауға, мейірімділік пен қайырымдылыққа үйретеді. Баланы адамгершілікке, ұлтжандылыққа баулып, достықты берік сақтауға үндейді. Шығармалардың өн бойында білімге құштарлық, жақсылыққа ұмтылу, тәлім-тәрбиеге үндеумен бірге үлкенге — құрмет, кішіге-ізет көрсету секілді тәрбиелік мәні бар.

0
0
1057