Мазмұнға өту
Обложка сообщества Книги

Абайдың қара сөздері

Наурыздың бірінші сәрсенбісіДүниежүзілік дауыстап оқу күні аталып өтеді. Акцияның мақсаты - оқуды қоршаған әлеммен өзара әрекеттесу тәсілі ретінде және өз эмоцияларын басқа адамға дауыстап оқу арқылы жеткізумүмкіндігі ретінде көрсету. Жыл сайын осы күні кітапханаларда балалар мен ересектер кітаптарды дауыстап оқып, оқығандарын талқылайды.

Биыл біз жалпы оқу акциясына ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбаевтың «Қара сөздерін» оқыдық. Бұл шығарманы тегін алып отырған жоқпыз, осы жылы Қара сөздердің жазылғанына 125 жыл толып отыр.

Акцияға М. Хакімжанова атындағы №20 ЖББМ 8 сынып оқушылары келді. Балаларға акция туралы, оның өткізілу мақсаты жайлы айтылып, ұлы ақынның өмірбаянын сұрақтар арқылы еске түсірдік. Іс-шараға қатысушылар Қара сөздерді қазақ, орыс, ағылшын, француз тілдерінде оқыды. Кездесуден балалар мол энергия алды.

0
0
280

Осы тақырып бойынша

Абайдың қара сөздері - Yvision.kz