Мазмұнға өту
Книги
Книги

Книги

936 жазбалар569 тіркелуші

Рецензии, обзоры, мнения

Жаңа кітап – жаңа әлем = Открой книгу - открой Казахстан: электронная выставка

2021 жылы кітапханада Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Үздік әдеби шығармалардың республикалық байқауы бастау алған болатын. Байқауға еліміздің түпкір-түпкірінен көптеген жазушылар қатысты. Айта кететін болсақ, Әлібек Байбол, Қанат Қайым, Ксения Земскова және қостанайлық жазушы Александра Суслова. Ұсынынып отырған «Жаңа кітап – жаңа әлем» атты кітап көрмемізде 2021 жылы байқауға қатысқан барлық автор - финалистерімен және байқаудың нәтижесі – «Таза бұлақ» жинағымен таныса аласыздар. Бірінші маусымның жеңімпазы - Көкшетау қаласының тумасы Дана Жантемірова. В 2021 году в библиотеке стартовал республиканский конкурс на лучшее литературное произведение для детей и подростков имени Ибрая Алтынсарина. В нём приняли участие многие писатели со всей страны: Алибек Ба…

0
0
799

Луиза Мэй Олкот «Кішкентай ханымдар»

«Кішкентай ханымдар» — америкалық жазушы Луиза Мэй Олкоттың романы.

Роман Марч атты отбасының төрт апалы-сіңілі — Маргарет, Джо, Бет және Эммидің өмірін суреттейді. Бұл шығарманы автордың балалық шағының естеліктері. Олкоттың да үш әпкесі болған. Бұл жазушыны «Жақсы әйелдер» атты жалғасын жазуға итермеледі. Романның екі бөлімі біріктіріліп 1880 жылы алғаш рет жарық көрді. Кішкентай ханымдардан кейін Олкотт осы кітаптың кейіпкерлерінің өмірі туралы жалғасын жазды: “Кішкентай мырзалар” және Джо ұлдары. «Кішкентай ханымдар» кітабының сюжет желісі бойынша бірнеше пьеса, фильм, мультфильм және опера негізінде телехикаялар түсірілді.

Бүкіл отбасына арналған кітаптар.

-1
0
1442

Серік Нұғыман «Асыл қиқым»

Қаламгер Серік Нұғыманныңәңгімелері үнемі ізденісте жүретін оқырмандарға арналған деп айтуға болады. "Өмірдің мәні не?", "Мен кіммін?", "Неге бұлай?..." деген сұрақтарға жауап іздеуге түрткі болатын шығармалар.

0
0
967

Ертегілер, мифтер, ғажайыптар…

Ертегілер, мифтер, ғажайыптар… Неліктен Жаңа жыл түнінен кейін сиқырды ұзартпасқа? Бізге балалар мен ересектерге арналған ондаған жаңа, керемет кітаптар үнемі келіп тұрады. Және бұл өте жақсы!

Сказки, мифы, чудеса... Почему бы не продлить волшебство после Новогодней ночи? К нам регулярно поступают десятки новых, замечательных книг для детей и взрослых. И это просто здорово!

0
0
788

Балалар өлеңдерінің тамшылары

Балалар өлеңдерінің тамшылары: әдеби күнтізбе / Ақпараттық-библиографиялық бөлім.- Қостанай: Ыбырай Алтынсарин атындағы ОБЖК, 2022. - 26 б.

Әдеби күнтізбеде қазіргі таңда кішкентай балалар үшін қалам тербеп жүрген жас талантты қаламгерлердің өлеңдері ұсынылған. Осындай жас заманауи дарынды қаламгерлерді оқырмандар біліп, танып, оқып, жаттап жүрсін деген мақсатта құрастырылған. Күнтізбе бастауыш сынып оқушылары мен жалпы кіші жастағы оқырмандарға арналған.

Құрастырған Зоя Кенжигарина

Суретші Оксана Франко-Косинская

2022ж.

#Жас_қаламгерлердің_өлеңдері

#Заманауи_балалар_жазушылары

#Балаларға_арналған_өлеңдер

#Балалар_арналған_тақпақтар

#Өлеңдер_күнтізбесі

#Балаларға_арналған_өлеңдер_күнтізбесі

#Балалар_күнтізбесі

#2023_жылға_арналған_күнтізбе

#Балаларға_арналған

#Күнтізбе

0
0
688

Мұхтарбекқызы Гүлдана «Достар 2: Адина»

Адина TikTok желісінің биші жұлдыздарына еліктеп, би өнерін меңгеруге кіріседі. Телешоуға байқау болатынын естіген Адина аз уақытта тележұлдызға айналуға бел буды. Адина қарсыластары Лаура мен Әнелді қалай жеңбек? Бұл жолы Түнек қандай жоспар құрды?

0
0
857

Мерейгер Қазақстан жазушылары

2023 жылдың 1 қаңтар күні Қазақстан Республикасының балалар жазушысы, аудармашы Ермек Өтетілеуұлының туғанына 85 жыл. Болашақ жазушы кішкентай кезінен бастап сурет салуға әуес болып, мектеп кештерін безендіруге атсалысып, сыныптың қабырға газеттерін жасаған. Республикалық «Балдырған» журналында редакцияда қызмет еткен. Бүлдіршіндерге арнап жазған проза, поэзия кітаптары жарық көрген.

0
0
1222

Астрид Линдгрен «Ұзыншұлық Пиппи достарымен бірге»

“Ұзыншұлық Пиппидің Виллекулла вилласында тұрып жатқанына бір жыл болды. Күнде достары Томми және Анникамен бірге ойнайды, тәтті вафли пісіріп, әкесімен теңіз саяхаттарында көрген қызықтарын әңгімелеп береді. Ал демалыс күндері барлық балаға мұз кәмпит әперіп, ойын-сауыққа кенеледі. Алайда әлемдегі ең көңілді, мейірімді қыз Ұзыншұлық Пиппиге бір күні арнайы қонақ келіп, бәрі өзгеріп сала береді.” - деп, Астрид Линдгреннің «Ұзыншұлық Пиппи достарымен бірге» кітаптің аннотациясында жазылған. Бұл шығарманы қазақ тіліне Мира Сембайқызы аударған.

Ал авторға келсек, Астрид Линдгрен швед жазушысы 1907-2002 жылы өмір сүрген. Бұл шығарма алғашқы шығармаларының бірі. Ханс Кристиан Андерсен медалініңиегері. Жазушының кітаптарыбойынша кинофильмдер қойылған.

0
2
1166

"Таза бұлақ" жинағының тұсаукесері

22 желтоқсанда Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық кітапханада 2021 жылы өткен Ыбырай Алтынсарин атындағы I республикалық байқаудың финалистер жинағының тұсаукесері өтті. Бұл жинақ байқаудың маңызды нәтижесі болып табылады және оны басқа әдеби байқаулардан ерекшелендіреді. "Таза бұлақ" жинағына А. И. Суслов, Қ. Қайым, Ә. Байбол, Д. Жантемірова және т. б авторлардың шығармалары енген.Тұсаукесерде балалар қазылар алқасының шешімі бойынша байқау жеңімпазы Александра Ильинична Суслова сөз сөйледі. Іс – шарада облыс және республика кітапханашыларына байқау финалистерінің шығармашылығын таныстыратын "Жаңа кітап - жаңа әлем" атты кітап көрмесі ұсынылды. Сондай-ақ, жинақтың иллюстраторлары марапатталды,олар: А. И. Никифорова атындағы өнер мектебінің оқушылары,…

0
0
781