Мазмұнға өту
Книги
Книги

Книги

936 жазбалар569 тіркелуші

Рецензии, обзоры, мнения

«Жыл он екі ай»: 4 мезгіл басылым беттерінде (бейнеақпарат)

Жыл мезгілдері төрт маусымға бөлінеді-көктем, жаз, күз, қыс, әрқайсысында үш күнтізбелік ай. Мұны біз бала кезімізден білеміз және әр маусымда оған тән ерекшеліктері мен әсемділігі болады. Әр мезгілде айнала түрленіп, кейде жасыл, кейде әппақ қарға оранып жатады. Десе де, олардың бәрі де өзіншекеремет екенін мойындау қажет.

Бұл бейнебаяндарда қазіргі таңда көпшіліктеріміздің біле білмейтін немесе ұмытылып келе жатқан әр мезгілге байланысты бұрынғы ата-бабаларымыздан қалған ырым-жоралғылары жинақталған.

Ақпараттар балалаларға арналған «Жыл он екі ай» журналының беттерінен алынған.

0
0
768

Балалар өлеңдерінің тамшылары: әдеби күнтізбе

Балалар өлеңдерінің тамшылары: әдеби күнтізбе / Ақпараттық-библиографиялық бөлім.- Қостанай: Ыбырай Алтынсарин атындағы ОБЖК, 2022. - 26 б.

Әдеби күнтізбеде қазіргі таңда кішкентай балалар үшін қалам тербеп жүрген жас талантты қаламгерлердің өлеңдері ұсынылған. Осындай жас заманауи дарынды қаламгерлерді оқырмандар біліп, танып, оқып, жаттап жүрсін деген мақсатта құрастырылған. Күнтізбе бастауыш сынып оқушылары мен жалпы кіші жастағы оқырмандарға арналған.

Құрастырған Зоя Кенжигарина

Суретші Оксана Франко-Косинская

2022ж.

#Жас_қаламгерлердің_өлеңдері

#Заманауи_балалар_жазушылары

#Балаларға_арналған_өлеңдер

#Балалар_арналған_тақпақтар

#Өлеңдер_күнтізбесі

#Балаларға_арналған_өлеңдер_күнтізбесі

#Балалар_күнтізбесі

#2023_жылға_арналған_күнтізбе

#Балаларға_арналған

#Күнтізбе

0
0
346

"Ұр, тоқпақ" ертегісі театр сахнасында

Қазақ халық ертегілері — ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді саласының бірі болып табылады. Бала тәрбиесінде ертегінің атқарар рөлі зор. Оны ертеден - ақ тәрбие құралы ретінде қазақ халқы ғана емес, барлық ұлт, бүкіл ел қолданып келеді.Осы ретте, үйде балама ертегіні тек өзім оқып бріп қана қоймай, сонымен қатар, балада визуалды ойлау қалыптасу үшін әрі тәрбиелік мәні зор болу мақсатында Мемлекеттік қуыршақ театрындағы "Ұр, тоқпақ" ертегісінің желісімен қойылған спектакльге апарған болатынмын. Балама қатты ұнады. Себебі, актерлер өз рөлдерін сондай шынайы ойнайтыны соншалық, бала тұрмақ үлкендер де қызығып көретіндей.Қойылымның инсценировка авторы – ақын Қа­сымхан Бегманов. Спек­­такльдің суретшісі – Ал­ты­­най Жү­сіпәлі. Қойы­лым­­­ды музыкамен көр­­кем­­дегендер – Бақберген Бай…

0
0
1222

Эрих Распе «Мүнхаузеннің басынан кешкен хикаясы»

Неміс жазушы Эрих Распеның «Приключения барона Мюнхаузена» деген шығармасы алғашқы рет 1937 жылы қазақ тіліне аударылған. Авторы Сәлкен деген лақап атымен шықты. Кейіннен Оспахан Әубәкіров, Сатыбалды Даумов деген қазақ жазушылары да қызықты етіп қазақша сөйлетті. Кітап латын қаріпінде де шыққан екен.

Қазақтың «Қырық өтірігіндегі» Тазша бала тыңдаушыларын алдамай, өтірік екенін сездіре тұра, өтіріктерді қызық үшін құрап айту өнері – қай халықта да болғанға ұқсайды. Бұл өнер тапқырлықты, логикасы мықты қабілеттерді талап етеді. Немістің әңгімелеріндегі барон Мюнхаузен де сондай кейіпкер.

Бұл кітап тек қана балаларға емес, үлкендерге де қызықты болады. Ал бірге оқыса одан да керемет жақсы болар еді.

0
0
373

Спандияр Көбеев

Спандияр Көбеев - қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, оқытушылық қызметін бірге жазушылықпен қатар айналысқан тамаша педагог (мұғалім болып, ауылдарда мектеп ашқан), халыққа адал еңбек еткенадам. Осы көрнекті жерлесіміздің145 жылдығына орай ұсыныс тізімін сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз.Спандияр Кобеев- писатель, общественный деятель, заслуженный учитель Казахской ССР, организатор новых школ в сёлах. Учился в казахско-русской школе, основанной И. Алтынсариным, на курсах по подготовке учителей начальной школы в Костанае. Преподавал русский язык и литературу казахским детям. В педагогической деятельности следовал методам преподавания И. Алтынсарина. В этом году исполняется 145 лет со дня рождения нашего известного земляка. Рекомендательный список, посвящённый деятельности и творчеству…

0
0
1391

«Жанданған күнтізбе: 2023 жылдыңмерейтойлары»

Шығыстан шыққан таланттар шоғырының ішінде жазушы Марат Қабанбайдың орны қашан да бөлек. Белгілі балалар жазушысы, Х.Андерсен атындағы халықаралық сыйлықтың иегері, қазақ публицистикасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған қабырғалы қаламгерге биыл 75 жыл.

М. Қабанбаевтың орта және кіші жастағы балаларға арнап бірнеше кітап жазған.

0
0
464

«Тақия: "Қыздардың ойында не бар?» романтикалық комедиясы

Жуырда Алматыда Tiger Films компаниясының кезекті туындысының жабық көрсетілімі өтті. Туындыда жас жұбайлар арасындағы отбасылық тіршілік пен ата мен немеренің байланысы әзіл-қалжыңмен, астарлы оймен жеткізіледі. Жаңа картинаның премьерасы Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында өтті. Премьераға түсіру тобы мен актерлер, кино саласының өкілдері жиналды. Комедияның сценариін Майра Фазыл мен Ілияс Қыдырбаев жазған. Бұл Tiger Films компаниясының 12-ші толықметражды фильмі. Ернат Байұзақ, фильмнің режиссері: - Бұл фильм отбасылық фильм деуге болады. Басты рөлдегі жігіт ыздардың ойын оқу арқылы өзінің әйеліне көңіл бөлмей қалады да, сөйтіп, әйелі кетіп қалады. Қайтадан барып кешірім сұрайды. Спойлер болмасын, жалпы осындай сценрий желісімен құрылған комедия. Былай айтқанда, бүкіл көрерменге арн…

0
0
2690

«Оқу зиян емес» кітап көрмесі»

Біз оқырмандарымызға жаңа кітап көрмесін дайындадық, бірақ оның орнында кенеттен уақытша портал пайда болды! Сөреде заманауи кітаптардан басқа, біздің ата-анамыз, ата-әжелеріміз оқыған балаларға арналған кітаптар қойылды. Біз бұл порталдың қанша уақытқа созылатынын білмейміз, сондықтан да оны пайдаланып қалуғакеңес береміз! Кім біледі, кенеттен ол жерде болашақтыңкітаптары пайда болып қалар?

0
0
245