«Дала жұлдызы Ы. Алтынсарин» мектептер арасында батл
24 ақпанда Ересек мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Алтынсарин кездесулері» жобасы аясында «Дала жұлдызы Ы. Алтынсарин» атты мектептер арасында батл өткізілді. Іс-шараға қаламыздың Ғ.Қайырбеков атындағы №9 мектебі мен №115 жалпы білім беретін орта мектебінің 7 сынып оқушылары қатысты. Екі мектеп оқушылары ұлы ұстаз Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына байланысты білімдерін ортаға салып, өзара сайысқа түсті. Батл6 кезеңнен тұрды. Ойын барысында қатысушылар ағартушының әңгімелеріментанысып, Ы. Алтынсариннің авторлық жұмбақтарын шешіп, эмодзи әдісімен шығарма атауын шешті.
Сайыс қорытындысы бойынша №115 жалпы білім беретін мектебі жеңіске жетті. Зияткерлік ойын оқушылардың да, ұстаздардың да көңілінен шықты.




