ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ САҚТАУ – ОРТАҚ МІНДЕТ
Қоғам дегеніміз - ол өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өзара байланысты және өзара әрекет ететін тарихи қалыптасқан формалар арқылы біріккен, тұрақтылығымен, бүтіндігімен, өздігінен ұдайы өндірілетіндігімен, өзін-өзі реттеуімен, қажетті мәдениет деңгейіне жеткен жетістігімен ерекшеленіп, сипатталатын адамдардың жиынтығы. Қоғам – әлеуметтік жүйе. Ал, әлеуметтік жүйе деп, негізгі элементтері адамдар арасындағы өзара байланыстар мен қарым-қатынастардан, өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастықты айтамыз. Негізгі жалпы мемлекеттік шаралардың жүйесінде маңызды орын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге берілген. Құқықбұзушылық — қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқықбұзушылық — заңды, оның қағидаларын құқықтық норма…
