Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АВТОКЕРУЕН АУЫЛДАСТАРҒА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ - КҮЙ СЫЙЛАДЫ

Ауданымыздағы ауылдық округтерді аралап жүрген «Ауылым – алтын бесігім» автокеруені бүгін Ақжол және Ақсуат ауылдық округтерінің тұрғындарына өз өнерлерін көрсетті.

Шараның шымылдығын республикалық ән байқауларының лауреаты Венера Нұрғалиева «Туған жер» әнімен ашты, жоғары деңгейде орындалған әннен кейін сахнаға еңбек ардагері, аудандық ақпараттық – түсіндіру тобының мүшесі Құрман Бисеғалиев көтеріліп, ауыл тұрғындарына Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ" атты Қазақстан халқына Жолдауы жөнінде түсінік жұмысын жүргізді.

Бұдан кейін республикалық ән байқауларының лауреаты Алтын Базаров «Бақ мекен» әнін қалың көрерменге ұсынса, облыстық ән байқауларының лауреаты Айнамкөз Серікқалиева «Жасқанба», «Бұлбұлым», Әділжан Елешев «Әдемі - ау», «Іңкәрім – ай», Әли Орынов «Байтақ елім», «Қазақстан» әндерін орындап, залдың ыстық ықыласына бөленді.

Концерттік бағдарлама Әділжан Елешов, Алтынбек Базаров, Венера Нұрғалиева, Айнамкөз Серікқалиевалардың орындауындағы «Қазақ елі» әнімен қорытындыланды.

0
0
160

Еще по теме

АВТОКЕРУЕН АУЫЛДАСТАРҒА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ - КҮЙ СЫЙЛАДЫ - Yvision.kz